1
.Кестемен жұмыс
Бекітемін:
Күні:
Тақырыбы: «Сыйласаң -сый
көрерсің»
Мақсаты: Дені сау, ұлттың сана сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында
игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны
тәрбиелеу. Өзіндік ойы бар, лайықты орын табуға
қабілетті, ұлтжанды шәкірт
тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Сыйластық, мейірімділік, ибалық, имандылық
қасиеттер туралы түсінік беру.
2. Әр оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере
отырып өзінше ой түюге баулу.
3.Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін өзі
жетілдіріп, тәрбиелеуге талпыну.
4. Таным қабілетін
арттыру.
Көрнекілігі: шарлар,стикерлер, қима
қағаздар
Сабақтың
жүрісі:
Халқымыз ежелден адамгершілік,инабаттылық,
сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақ
тұтып келеді. Адам өмірге келгеннен киін зара сыйласу баршаға ортақ
қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді.
Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін өзі сыйлау білуі қажет. Егерде
ібөзіңді өзің құрметтеп бағалай білмесең, өзгеден сый құрмет көрем
деу бекершілік.
Қазақ қашанда философ халық қой. « Өз өзіңді
жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарыннан ақ
көп нәрсе пңғаруға болады. Сыйласа білуде үлкен өнер. Адам
өміріндегі ізгі қасиеттер сыйластық татулық болып
табылады.
Адамдар бір бірімен сыйласа білсе ғана олардың
арасында татулық, береке болмақ. Егер сен айналандағы жандарды
сыйлай білсең ғана, өзіңді сыйлы бола аласың. Қазақтың « Сыйға сый,
сыраға бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет
көрсете білу асқан ілтипаттылықтың белгісі. Алайда қазіргі кезде
замандастармыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатыр.Бұл бүгінгі
өміріміздің өзекті мәселелердің бірі. Сондықтанда біз бүгінгі осы
бас қосуымызды сыйластық, құрмет тақырыбына
арнаймыз.
І.
Бөлім. Бұл бөлімде әр топта бір бірден оқушы шығып,
тақтада ілініп тұрған стикерге жазылған сұрақтарға жауап
береді.
1. Бүгін сабақта « 2» алдың.
Оған мамаң қатты ренжіді.Сен сол ренішін қалай өтер
едің?
2. Қиналған сәтте досыңызды
ренжітіп алдыңыз. Одан қалай кешірім сұрар
едіңіз?
3. Сіздің досыңыз айтқан
уәдесін орындамады,ол жөнініде сізден кешірім өтінді.Досыңыз сізден
қалай кешірім сұрар еді?Сіз оған қалай жауап берер
едіңіз?
II.
Бөлім. Сын
сағаты
Гүлде сыйластықтың белгісін.
Гүлде тұрған тапсырманы орындай отырып, гүлді өзіңнің қалаған
жолдасыңа ұсынуға болады. Мұнда
адамгершілік туралы әңгіме берілген. Осы
әңгімені қарсы топқа қыймыл мен жеткізу, оның не туралы екенін
қарсы топ айтып, мағынасын ашады.
-
Топ
-
Асан мен Болат мектептен келе жатыр еді. Қарсы
алдынан мектепте бастауыш сыныпқа дәріс беретін Әсия апай кезікті.
Бірақ оқушылар бұл апайды елемеді, амандаспады да өте
шықты
Тапсырма: Көріністі
қыймылмен көрсету, қарсы топ мағынасын
ашу.
-
Қанат пен Ербол көшеде ойнап жүрді, олардан
алыстау жерде келе жатқан әже сүрініп құлап қалды. Бірақ ойнап
жүрген Қанат пен Ербол әжені елемеді, көмекке келмеді. Себебі олар
ойын мен жүріп байқамай қалуы мүмкін
еді?
Тапсырма: Көріністі
қыймылмен көрсету қарсы топ мағынасын
ашу.
IV Бөлім. Әр топтың
өнерін тамашалау.
Адамгершілік, мейірімділік, сыйластық туралы
қазақ ақын-композиторларының әндерін
орындау.
V Бөлім. «Сөздің
көркі-мақал» деп атамыз қазақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір
түйіні арқылы жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екеніізді
мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.
Мақалдың бірінші жолын I топ айтады.екінші жолын
II топ айтып мағынасын түсіндіреді.
-
Аға әдепті болса, іні әдепті,...(Апа әдепті
болса, сіңлі әдепті).
-
Орны мен мақтай біл,... (Сый құрметін сақтай
біл).
-
Халықтың қартын сыйлауы,...(Еліңнің салтын
сыйлауы).
-
Ардагер аға алдында тұрсың,...(Әдепті іні артында
тұрсын).
-
Сыйлай білсең кәріні,...(Жарылқаймын
бәріңді).
-
Сыйлау деген-...(Құрдай жорғалау
емес).
-
Сыйға сый,...(Сыраға
бал).
-
Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...(Әдепсіз бала
ата-анасын қақсатар).
Үстірт орта
мектебі
Тақырыбы:Сыйласаң - сый
көресің
Тәрбие
сағаты
Дайындаған: Жақсыбаева
Айман Оразбаевна