400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыйласаң сый көресің

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшісіне сынып сағатына қасжетті материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтынемел орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ-сі















САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

« Сыйласаң, сый көресің »

/сынып сағаты/

6-сынып

























2018-2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сыйласаң ,сый көресің

Мұғалімнің аты-жөні: Әшім Ә.С

Күні: 28.10. 2019 жыл

СЫНЫП: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың мақсаты

Мақсаты: Дені сау ,ұлттың сана сезімі оянған ,рухани ойлау дәрежесіне тән иманды ,ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Өзіндік ойы бар, лайықты орын табуға қабілетті, ұлтжанды шәкірт тәрбиелеу.

Міндеттері:


1. Сыйластық , мейірімділік, ибалық, имандылық қасиеттер туралы түсінік беру.

2. Әр оқушының өзіндік ой қиялына ерік бере отырып өзінше ой түюге баулу.

3.Өз кемшіліктерін өзі реттеп өзін өзі жетілдіріп, тәрбиелеуге талпыну.

4. Таным қабілетін арттыру.


Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Нақыл сөздер « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін», «сыйға сый, сыраға бал» , « Болар елдің баласын сәнімен емес сәлемінен танисың».

Мал сүйектері, асық, кітап, бағалау бетшесі.

Кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Халқымыз ежелден адамгершілік,инабаттылық, сыйластық сияқты асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп және ардақ тұтып келеді. Адам өмірге келгеннен киін зара сыйласу баршаға ортақ қасиет. Тіршілік иелерінің ішінде адам санасымен ерекшеленеді. Жұмыр басты пенде, ең алдымен өзін өзі сыйлау білуі қажет. Егерде ібөзіңді өзің құрметтеп бағалай білмесең, өзгеден сый құрмет көрем деу бекершілік.

Қазақ қашанда философ халық қой. « Өз өзіңді жаттай сыйла, жат жаныңнан түңілсін» деген мақалдың астарыннан ақ көп нәрсе пңғаруға болады. Сыйласа білуде үлкен өнер. Адам өміріндегі ізгі қасиеттер сыйластық татулық болып табылады.

Адамдар бір бірімен сыйласа білсе ғана олардың арасында татулық, береке болмақ. Егер сен айналандағы жандарды сыйлай білсең ғана, өзіңді сыйлы бола аласың. Қазақтың « Сыйға сый, сыраға бал» деген ұғымы осының айғағы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу асқан ілтипаттылықтың белгісі. Алайда қазіргі кезде замандастармыздың бойында осы қасиеттер жетіспей жатыр.Бұл бүгінгі өміріміздің өзекті мәселелердің бірі. Сондықтанда біз бүгінгі осы бас қосуымызды сыйластық, құрмет тақырыбына арнап, оны сайыс түрінде өткіземіз. Сынып оқушыларын екі топқа бөліп отырғызамыз. Бірінші топты « Сыйластық» екінші топты « Мейрімділік» деп алып, сайысқа түсеміз. Қорытындысын өздеріңіз бағалау бетшесі арқылы белгілейсіздер.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Мейірімділік, сыйластық туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін топ аты туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге топ атын жазып, одан таралатын шеңберлерге мейірімділік сыйластық туралы түсінік береді.





Жаңа білім

10 минут







I топ оқушылары:

Өз тілін қадірлеу Амандасу

Сыйластық

Үлкенге құрмет Кішіге ізет

II топ оқушылары

Инабаттылық Имандылық

Мейірімділік

Қайырымдылық Ибалылық

«Сұрақ - жауап» әдісі

II бөлім. Бұл бөлімде әр топта бір бірден оқушы шығып,қоржыннан нөмірленген асықтар алып,сұрақтарға жауап береді.

1 Бүгін сабақата « 2»алдың.Оған мамаң қатты ренжіді.Сен сол ренішін қалай өтер едің?

2 Қиналған сәтте досыңызды ренжітіп алдыңыз.Одан қалай кешірім сұрар едіңіз?

3 Б.Момышұлы атамыдың келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атта естелік кітабында мына бір көріністі жақсы суретеген.Зейнеп апамыз үйінде таңертең тұрған соң анау мынау жұмыстармен жүргенде,есікті өте қатты тарсылдаттып,біреу қаққан соң аяңындағы шайқайына сүріне қабына есіке барып ашып қалса Баукең екен.Сонда есікті ашпай сыртында тұрып «Бар, кейін деп айқай салыпты.Осы оқиғаны сен қалай түсінесің?

4 Сіздің досыңыз айтқан уәдесін орындамады,ол жөнініде сізден кешірім өтінді.Досыңыз сізден қалай кешірім сұрар еді?Сіз оған қалай жауап берер едіңіз?






Оқулық,

мәтіндер.











«Сұрақ - жауап» әдісі





Ортасы

10 минут







III Бөлім. Сын сағаты

Гүлде сыйластықтың белгісін. Гүлде тұрған тапсырманы орындай отырып, гүлді өзіңнің қалаған жолдасыңа ұсынуға болады. Мұнда адамгершілік туралы әңгіме берілген. Осы әңгімені қарсы топқа қыймыл мен жеткізу, оның не туралы екенін қарсы топ айтып, мағынасын ашады.

Топ

Асан мен Болат мектептен келе жатыр еді. Қарсы алдынан мектепте бастауыш сыныпқа дәріс беретін Әсия апай кезікті. Бірақ оқушылар бұл апайды елемеді, амандаспады да өте шықты

Тапсырма: Көріністі қыймылмен көрсету, қарсы топ мағынасын ашу.

Қанат пен Ербол көшеде ойнап жүрді, олардан алыстау жерде келе жатқан әже сүрініп құлап қалды. Бірақ ойнап жүрген Қанат пен Ербол әжені елемеді, көмекке келмеді. Себебі олар ойын мен жүріп байқамай қалуы мүмкін еді?


Сергіту сәті

2 минут

«Дирижер» ойыны


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

«Сөздің көркі-мақал» деп атамыз қазақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай бір түйіні арқылы жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екеніізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.

Мақалдың бірінші жолын I топ айтады.екінші жолын II топ айтып мағынасын түсіндіреді.

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті,...(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).

  2. Орны мен мақтай біл,... (Сый құрметін сақтай біл).

  3. Халықтың қартын сыйлауы,...(Еліңнің салтын сыйлауы).

  4. Ардагер аға алдында тұрсың,...(Әдепті іні артында тұрсын).

  5. Сыйлай білсең кәріні,...(Жарылқаймын бәріңді).

  6. Сыйлау деген-...(Құрдай жорғалау емес).

  7. Сыйға сый,...(Сыраға бал).

  8. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,...(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар).



Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Топтарды, жеке оқушыларды бағалау.


Кері байланыс «Бас бармақ » әдісі

Кері байланыс парағы.


Тексерілді 28.10.19

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
923
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі