«Сыйласу неден басталады»
Мақсаты: оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру,оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындырыу.Көрнекілігі: ұлағатты сөздерБарысы: Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.Мұғалім сөзі: Қай халық болмасын, қай ел болмасын бір- біріне жылы мейір мен кеңпейілдікті, достастықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіріп, амандық- саулық сұрасып, өзінің аман екендігін білдіруі – сәлемдесуінде. Адам баласы қашан да тыныш, бейбіт, бір- бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Сондықтан сәлемдесу – әдептілік ғана емес имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған. Олай болса «Сәлем- сөздің анасы» деген мақалды білгені жөн әр қазақтың баласы.Сәлемдесу туралы не білеміз.1-оқушы: Әр елдің өмір сүруіне, салт- дәстүріне байланысты сілемдесу әдептері де әр түрлі болады.2-оқушы: Әкем: үлкен кісіні көрсең, оны танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер деп отырады.3-оқушы: Халқымыздың төбе биі Төле бидің «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем береді» деген сөзі бар.4-оқушы: 91-хадисінде «Біріңмен- бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім- махаббат оянады» делінген.5-оқушы: Ислам діні сәлем беруді, рұқсат сұрауды шариғатқа кіргізген. «Сәлем- Алланың жердегі есімдерінің бірі» делінген 347-хадисінде.6-оқушы: «Егер сізге сәлем берілсе, сіз одан жақсырақ, болмаса тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз» (86- аяттан)Мұғалім сөзі: Халық батыры Бауыржан Момышұлы естеліктерінде «Румыния әскерінің жарғысында мынадай ереже бар. Шені тең екі офицер көшеде ұшырасса жасы кішісі сәлем береді, ал екеуі түйдей жасты болса, тәрбиелісі сәлем береді» деген жолдар бар.Ыбырай Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесінен көрініс қойылады. КөрінісКөшеде кездесіп сөйлесіп тұрған мен байдың қастарынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді. Үлкен әкім одан да иіліңкіреп, бас ұрып сәлем алады. Қасындағы бай:-Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?- дейді. Сонда әкім- ешбір білім- ілім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?- депті. (көрініске қатысқандар: Дамир, Нұрғиса, Ақниет) Мүғалім сөзі: «Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені. Жақындықтың белгісі- келіп- кетіп жүргені» деп халқымыз бекер айтпаған.«Әдептілік әліппесі»Атам маған әманда «Әдепті жан болә» дегенАта сөзі санамда:Жасы үлкенге жол берем.Алдын орап кісініңКесіп өтпей көлденең,Ізетімен кішінің Сәлемдесіп қол берем.... Әбдірахман Асылбеков.«Анам маған»Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.Үлкендерден ауысқан кішілікті,Үлкендердің өзіне сыйға берем. Мұқағали Мақатаев.
Мүғалім сөзі: «Сөз саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деп жам был атамыз айтқандай, сыйласу негізінен сәлемдесуден басталады екен. Сәлемі арқылы адамның рухани мәдениеті, алған тәрбиесі көрініп тұрады. Ендеше, «Сыйласу неден басталады» атты сынып сағатымыз аяқталды.