Сыйлығыңызға рақмет Ашық сабақ 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыйлығыңызға рақмет Ашық сабақ 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақ жас мамандарға көмекші құрал ретінде көмектесе алады. Сабақ басынан аяғына дейін минутына дейін өлшеніп құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

«№40 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Picture 2 Сыйлығыңызға рақмет!»











Сынып: 3 «Г»

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Бақтаева Г.З.










Тараз қаласы 2018 жыл

Пәні: Қазақ тілі

Сынып: 3 «Г»

Күні: 6.03.2018

Сабақтың тақырыбы: Сыйлығыңызға рақмет!

Жалпы мақсаты:

Білімділік: «Сыйлығыңызға рақмет!» тақырыбы бойынша сөйлесе білу, тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту. Оқушылардың танымдық қабілетін кеңейту, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

ДамытушылықШығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру. Топпен бірлесе жұмыс жасау, пікірлерімен санасуды дағдыландыру.

Тәрбиелікжан-жағыңа сыйлық сыйлап, жақындарың мен достарыңа жақсы сыйлық сыйлап қуантып жүруге, үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдістері: критериялық ой қозғау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, жазбаша жұмыс

Көрнекілігіинтерактивті тақта, слайд, жетістік баспалдағы, бағдаршам.

Күтілетін нәтиже: Балалар жаңа сөздікпен танысады, сөздік қорлары молаяды, ауызекі сөйлеу тілдері дамиды, тақырып бойынша жаңа сөздерді үйренеді, тақырып бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап айтуды меңгереді, сауатты әрі ұқыпты жазуға төселеді.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:а) сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, түгелдеу; ә) сабаққа назарын  аудартып,қызығушылықтарын арттыру.

«Шаттық шеңберінде» тұрып, оқушылар бір-біріңе жақсы тілектер айтады.

- Балалар, бүгінгі көңіл - күйлерің қалай?

- Керемет!

-Балалар   сабаққа дайындықтарың қалай?

- Тамаша!

-Олай болса, балалар сурет арқылы топқа бөлінесіңдер. (Сыйлық, гүл, торт)

- Олай болса, сабағымызды бастайық.

-Балалар, бүгін сендер сабақта дұрыс жауап берген үшін кәмпиттің, торттың суретін жинау арқылы бағаланасыңдар. Және топтық жұмысты да бағалап өтесіңдер. Сабақтың соңында жинаған суреттеріңді санап қорытынды бағаны айтамын.



« 5» - торттың суреті

« 4» - кәмпиттің суреті



«3» - ашық хаттың суреті



Топтық жұмысты бағалау.

«Бағдаршам»


І. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Туған күнінде кім қандай сыйлық алғаны туралы әңгімелеу.

3. Ашық хатқа жазған тілектерін оқу.

2. Сөзжұмбақты шешу.



  1. Shape5 Shape6 Shape3 Shape4 Shape2 1. Подарок
  2. Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape12 Shape13 Shape14 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 2. Тюльпан

  3. 3. Шашки

  4. Shape21 Shape22 Shape23 4. Цветок

  5. Shape28 Shape26 Shape29 Shape25 Shape27 Shape24 5. Медвежонок

  6. Shape31 Shape30 Shape34 Shape33 Shape32 6. Лодка

  7. Shape41 Shape42 Shape43 Shape44 Shape45 Shape46 Shape36 Shape37 Shape38 Shape39 Shape40 Shape35 7. Часы

  8. Shape49 Shape48 Shape50 Shape51 Shape52 Shape47 Shape53 Shape54 8. Кукла

  9. 9. Зонт


Жаңа сабақ.

- Олай болса, балалар тақтаға назар аударайық. Адасқан әріптер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.

Ыңызғасыйлығ метқар!

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Сыйлығыңызға рақмет!»- деп аталады.(Тақырыпты орысша аударып беру).

- Балалар, адамдар не үшін туған күндерін тойлайды?

- Сендер, туған күндеріңде сыйлық алғанды жақсы көресіңдер ме?

-Жаз айында туған жақсы ма, қыста туған жақсы ма?

-Туған күнді қызықты тойлау үшін, біз не істейміз?

-Туған күн қандай мереке?

--Не себепті туған күнде біз сыйлық сыйлаймыз?

-Туған күн иесіне не береміз?

Туған күнге жақсы, ұнамды сыйлықтар сыйлау керек. Сыйлық ерекше болу керек. Не сыйлауға болады? (оқушылардың өз ойы айтылады).

-Сыйлық берген адамға не айту керек?

- Демек, бүгінгі сабақтың мақсаты:

Жаңа сөздікпен танысады, сөздік қорлары молаяды, ауызекі сөйлеу тілдері дамиды, тақырып бойынша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап үйренеді.


Жаңа сөздермен жұмыс:

1.Тыңдау-қайталау;

2.Сөз тіркесін немесе сөйлем құру


І. Сөздікпен жұмыс:

  • сыйлығыңызға рақмет – спасибо за подарок

  • асыға күтті – ждал с нетерпением

  • уәде еткен – дал обещание

  • жұмыспен – по работе

  • іссапар – командировка

  • көңіл-күйі болмады – не было настроения

  • қатты қуанды – сильно обрадовался

  • қандай тамаша сыйлық – какой прекрасный подарок


ІІ. Сөздерді сәйкестендір


Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау әдісі.

ІІІ. Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Жазылым. «Сыйлығыңызға рақмет» мәтінінің аудиожазбасын тыңдайды.

  • Мәтінді тыңдамас бұрын алдымен тақтадағы сұрақтарға назар аудару.

1. Мәтін кім туралы?

2. Бүгін Мұрат үшін қандай күн?

3. Әкесі оған не сыйлады?

4. Мұрат әкесіне не айтты?

Мәтінмен жұмыс

  • Содан соң сұрақтарды негізге ала отырып, мәтіннің аудиожазбасын тыңдайды.

  • Жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап береді

  • Мәтінді дауыстап, мәнерлеп оқып шығады.


Сыйлығыңызға рақмет!

Бүгін Мұраттың туған күні. Ол бұл күнді асыға күтті. Әкесі оған велосипед сыйлаймын деп уәде еткен еді. Бірақ әкесі бүгін жұмыспен іссапарға кетіп қалды. Мұраттың көңіл күйі мүлдем болмады. Ол әкесін асыға күтті. Ал әкесі Мұратқа тосын сый жасады. Іссапардан әдемі велосипед әкеліп берді. Мұрат қатты қуанды. Ол әкесіне: «Сыйлығыңызға рақмет! Қандай тамаша сыйлық »,-деп айтты.


Мәтіннен кейінгі жұмыс

Аудиомәтінді тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды.


1-топ. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.

Бүгін Мұраттың ... күні. Ол бұл күнді ... күтті. Әкесі оған велосипед сыйлаймын деп ... еткен еді. Бірақ әкесі бүгін жұмыспен ... кетіп қалды. Мұраттың ... мүлдем болмады. Ол әкесін асыға ... . Ал әкесі Мұратқа ... жасады. Іссапардан әдемі ... әкеліп берді. Мұрат қатты ... . Ол әкесіне: «Сыйлығыңызға ...! Қандай тамаша сыйлық »,-деп айтты.


2-топ. Сөйлемді мәтіннің мазмұны бойынша ретімен қойып шық.

2

Ол бұл күнді асыға күтті.

4

Бірақ әкесі бүгін жұмыспен іссапарға кетіп қалды.

7

Ал әкесі Мұратқа тосын сый жасады.

1

Бүгін Мұраттың туған күні.

8

Іссапардан әдемі велосипед әкеліп берді

5

Мұраттың көңіл күйі мүлдем болмады.

3

Әкесі оған велосипед сыйлаймын деп уәде еткен еді.

6

Ол әкесін асыға күтті.

10

Ол әкесіне: «Сыйлығыңызға рақмет! Қандай тамаша сыйлық »,-деп айтты.

9

Мұрат қатты қуанды.


3-топ. Жақшаның ішіндегі сөздерді орыс тіліне аудар.

Бүгін Мұраттың (туған күні). Ол бұл күнді (асыға күтті). Әкесі оған велосипед сыйлаймын деп (уәде еткен) еді. Бірақ әкесі бүгін жұмыспен (іссапарға) кетіп қалды. Мұраттың (көңіл күйі) мүлдем болмады. Ол әкесін асыға (күтті). Ал әкесі Мұратқа (тосын сый) жасады. Іссапардан (әдемі) велосипед әкеліп берді. Мұрат қатты (қуанды). Ол әкесіне: «Сыйлығыңызға (рақмет!) Қандай (тамаша сыйлық) »,-деп айтты.

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

2-тапсырма. Айтылым. «Сыйлықтарды басу» арқылы сұрақтарға жауап беру.

  1. Бүгін кімнің туған күні?

  2. Мұраттың әкесі туған күнде қайда кетіп қалды?

  3. Мұраттың әкесі қандай сый жасады?

  4. Әкесі Мұратқа не сыйлады?

  5. Мұрат әкесіне не айтты?

Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау әдісі.

ІV Сергіту сәті. Туған күн «Чебурашка» бейнебаян. Оқушылар хормен өлең айтады.


V. Жазу жұмыстары. «Жазылым» әрекетін асыру үшін жазба жұмыстарын орындату. Оқушылардың сауатты жазуын бақылау.

1-топ. Бірінші жақта берілген сөздерді екінші жақта тәуелдеп жаз.

Менің кітабым Сенің ......

Менің добым Сенің ......

Менің планшетім Сенің ......

Менің жейдем Сенің ......


2-топ. Семантикалық картаны толтыр.

Мысалдар

1 жақ

Менің

2 жақ

Сенің

2 жақ

Сіздің

3 жақ

Оның

1

Атам

+




2

Әжең


+



3

Сыйлығыңыз



+


4

Әкесі




+

5

Анасы




+

6

Велосипедім

+




7

Тосын сыйыңыз



+


8

Ағаң


+



3-топ. Тиісті қосымшаларды қой.

Сен кімге рақмет айтасың? (-а, -е)

Мен атам_ рақмет айта____.

Мен әжем_ рақмет айта____.

Мен әкем_ рақмет айта____.

Мен анам_ рақмет айта____.

Мен ағам_ рақмет айта____.

Мен әпкем_ рақмет айта____.


Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі

VІ. Сабақты бекіту. Үлгіге қараңдар. Диалогті жалғастырыңдар.

  • Сенің туған күнің қашан болды?

  • .............................................. .

  • Саған кім қандай сыйлық сыйлады?

  • ................................................ .

  • Олар саған қандай тілек айтты?

  • .................................................. .

  • Саған сыйлықтар ұнады ма?

  • .................................................. .

  • Сен сыйлық берген адамға не айттың?

  • ................................................... .


Қалыптастырушы бағалау: кәмпиттің суреті

VIІ. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай тақырып өттік. Жарайсыңдар, балалар. Туған күнде сыйлық берген адамға міндетті түрде «Рақмет!» деп айту керек.

VІІІ.Үйге тапсырма: Ақ параққа туған күніңде қандай сыйлықтар алғың келетінінді постер түрінде көрсет.

ІХ. Бағалау:Оқушылардың сабақта көрсеткен білімдері мен белсенділіктерін ескере отырып бағалау.

Х. Кері байланыс.



Оқушылар тапсырманы орындай алмадым десе, бірінші баспалдаққа стикерлерін жапсырады.

Аздап қиналдым десе, екінші баспалдаққа стикерлерін жапсырады.

Тапсырманы орындай алдым десе, үшінші баспалдаққа стикерлерін жапсырады.









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2018
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі