жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сыйқырланған қаздар
Сиқырланған қаздар
Ертеде заманда ну орманның ішінде сиқырланған қаздар өмір сүріпті.
Олар мыстан кемпірге қызмет жасапты.Орманға жақына ауылда Маша мен
Иванушка анасымен бірге бақытты ғұмыр кешеді.Бір күні анасы қалаға қонаққа
кетуге дайындалады,кетерде қызына:
Анасы:
-Машенька мен қалаға кетіп бара жатырмын,саған көптеген базарлық әкелемін
Иванушка саған аманат.-деп жолға аттанады.
Автор:
-Мыстан кемпір орманда отырып сиқырлы айнасына бәрін көріп отырады.
Мыстан кемпір:
Айна,айна маған айт ,не боп мына жатыр ғаламда сен маған қызмет жасауды
қойдың,бет жүзіңді сындырып тастайынба.
Айна:
-Жоқ,жоқ мыстан кемпір маған тиіспе,мен бәрін айтамын .Машының анасы
қалаға кетіп бара жатыр,балалары жалғыз қалды.
Мыстан:
-Жарайсың айна,бұл жақсы жаңалық екен,көңілімді көтердің,мен қаздарды
шақырайын,олар қайда жүр екен.Маған иванушканы алып келсін.
-Қаздар,қаздар,қайдасыңдар,бұл қаздарда ойнағаннан басқаны білмейтін
болды.
Қаздар,ұшып келеді,үрейленіп мыстаннан қорқып тұрады.
Мыстан:
-Сендер қайда жүрсіңдер,маған ауылдан Иванды ұрлап әкеліңдер,әкелмесеңдер,
кішкентай бауырларыңды сиқырлап тастаймын,тез .
Қаздар ұшып кетеді,қайда барарын білмей әкелмесе,Мыстан кемпірден қорқады.
Қаздар:
-Не істесек екен,әкелмесек,інімізге зияны тиеді,-деп жолға шығады.
Автор:
-Анасы кетісімен Маша аулаға шығады,Оны осы кезде достары шақырады.
Достары:
Маша кел ,бізге қосыл ойын ойнаймыз.
-Маша:
-Жарайды менде ойнаймын,Иванушка сен ешқайда кетпе осында отыр,мен қазір
келемін-деп інісін алаңқайға отырғызып кетед,осы кезде бңр топ қаздар
ауылға бет алған болатын.
-Қаздар:
-Иванушка жалғыз қалды,оны ұрлап мыстанға апарайық,қақ,қақ,-деп Иванды
қанаттарымен іліп әкетеді.
Автор.
Ойынның қызығына кетіп ,інісі есіне түсіп,жүгіріп келсе,Иван жоқ,ұшып
бара жатқан қаздарды көреді.
Маша.
-Қаздар менің інімді жіберіңдер,Иванушка мен сені құтқарамын,-деп орманға
қарай жүгіріп кетеді.
Маша жүгіріп келе жатып,пешке жолығады:
-Пеш,пеш маған көмектесші,жабайы қаздар інімді алып кетті,олар қайда
ұшып кетті.
-Пеш:
-Алдымен маған отын сал,содан соң айтамын.
Маша тездетіп отын салады.
-Пеш:
-Рахмет,Маша,олар ана жаққа ұшып кетті.
-Қыз сілтеген жаққа ұшып кетеді,алдынан алма ағашы кездеседі.
-Маша:
-Алма ағашы,алма ағашы,жабайы қаздар қайда ұшып кетті,айтшы,менің
інімді алып кетті.
-Алма ағашы:
-Бұталарым иіліп сынуға айналды,егер алмаларымды теріп алсаң мен саған
көмектесемін.
-Маша:
-Жарайды алма ағашы мен сенің алмаларыңды теріп алайын.
-Алма ағашы:
-Рақмет Маша,жеңілдеп қалдып,қаздар орманға қарай ұшып кетті.
Автор:
-Маша сапарын жалғастырады ,оның алдыа сүтті өзен кездеседі.
-Маша:
-Сүтті өзен,сүтті өзен ,жабайы қаздар қайда ұшып кеткенін айтшы.
-Өзен:
-Алдымды үлкен тас бөгеп тұр,сүттің ары қарай ағуына кедергі келтіріп тұр.
Егер сол тасты жағаға шығарсаң , мен мен саған жол сілтеймін.
-Маша:
-Жарайды сүтті өзен,мен саған көмектесемін.
-Өзен:
Машенька рахмет саған,қаздар қалың орманға ,мыстанның үйіне қарай ұшып
кетті.
Маша:
-Рахмет, саған сүтті өзен,-деп інісін іздеуді жалғастырады.
Иванушка қайдасың,Иванушка енді қайда барамын,анама не айтамын,ініме
қамқор бола алмадым-деп мұңайып бөрененің үстіне отырып ,мұңайады.
Осы кезде шөптердің арасына кірпі шығады.
-Кірпі:
-Машенька, неге мұңайып отырсың.
-Маша:
-Менің Иванушкамды жабайы қаздар,ұрлап алып кетті,соларды іздеп таба
алмай келе жатырмын,әбден шаршадым.
-Кірпі:
-Машенька ,мен саған көмектесемін менің соңымнан ер.
-Автор:
-Маша кірпінің соңынан ереді,алдынан үлкен алаңқай шығады алдында мыстан
кемпір тоқыма тоқып отыр.Ванюша есік алдында ойнап отыр.
-Маша:
-Мыстанға білдірмей інімді,алып кетейін,-алып қаша жөнеледі.
-Мыстан:
-Баланы бір көріп қояйын,қашып кетпесін оны да сиқырлап тастайын-шықса
бала жоқ.
Ашуланып:-Қаздар,қаздар қайдасыңдар тез баланы табыңдар,маған алып
келіңдер.Тез қуып жетіңдер.Қаздар ұша жөнеледі.
Маша қашып келе жатып сүтті өзенге кездеседі.
Сүтті өзен:
Сүтті өзен,сүтті өзен,бізді қаздардан жасыршы өтінемін.
Өзен арнасын ашып:
-Келіңдер мында жасырыныңдар -деп екеуін жасырады.
Қаздар өзенді ,айналып:-Қақ ,қақ бұлар қайда кетті,-деп аспанда ұшып жүреді.
-Маша:
-Рахмет саған сүтті өзен,-деп жүгіре жөнеледі.
Осы кезде аспанда ұшып жүрген қаздар оларды байқап қуа жөнеледі.
-Маша қашып келе жатып алма ағашына кезігеді
-Алма ағашы,алма ағашы ,мені қаздардан жасыршы.
Алма ағашы:
-Кел Машенька,мен сені жапырақтарыммен жасырайын.
-Қаздар қарқылдап:
-Бұлар қайда кетті,алма ағашын айналып ұшып кетеді.
-Маша:
-Алма ағашы саған көп рахмет,мені қаздардан құтқардың.
Сиқырланған қаздар тағы соңдарына түседі.
-Қаздар:
-Маша Ванюшаны бізге бер,мыстанға апарып береміз,-қанатарымен қағып
әкетпекші болады.
Маша :Жоқ бермеймін деп қаша жөнеледі.Қашып келе жатып пешке жолығады.
-Пеш,пеш,бізді қаздардан құтаршы.
Пеш:
-Келіңдер менің ішіме тығылыңдар,қаздар келсін оларды өртеп жіберейін.
-Автор:
-Сиқырланған қаздар пешті айналып,ұзақ ұшып жүреді,пешті қанаттарымен
сабалап әбден шаршайды.
Пеш:
-Кетіңдер,сендерге Иванушканы бермеймін,қазір ыстық жалынмен сендерді
өртеймін.
-Автор:
-Қаздар қашып ұшып кетіп,орманда ұзақ ұшады кері қайтайын десе мыстаннан
қорқып.
-Қаздар :
-Мыстанға қалай барамыз ,барсақ інімізді мәңгіге сиқырлап тастайды.Мыстаннан
қашып құтылайық.деп ұша жөнеледі.
Мыстан кемпір:
-Қаздар Иванушка қайда,баланы алып келмей неге келдіңдер,мен сендердің
інілеріңді мәңгіге сиқырлап тастаймын,маған қызмет жасайтын болады.
-Қаздар ашуланып қанаттарын қағып:
-Қақ ,қақ,жоқ біз бауырымызды саған тастамаймызыз,енді жамандық
жасамаймыз,бізді босат- деп мыстан шұқып ұшып кетеді.
Автор:Машада інісін ертіп үйіне келеді,артынша қаладан анасы оралады.
-Анасы:
-Жарайсың Машенька,ақылды қызым менің мен жоқта ініңе жақсы қарапсың.
Мен сендерге көп сыйлық әкелдім.
Сөйтіп барлығы бақытты ғұмыр кешеді.
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген