«Сыйқырлы пішіндер»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Сыйқырлы пішіндер»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сыйқырлы пішіндер»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақсұнқар жекеменшік балабақшасы»





















«Сыйқырлы пішіндер»







Тәрбиеші: Баймуханова Салтанат













Ақтау қалас

 

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық.
Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, құрастыру сабағы.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа.

Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.


Амандасу: 

Амансың ба алтын күн.

Амансың ба көк аспан,

Амансың ба жер ана

Амансың ба достарым

Сендерді көрсем қуанам!

Балалар айтыңдаршы 1 жылда неше мезгіл бар?иа төрт мезгил бар

Көктем,Жаз,Күз,Қыс

Баллалар айтыңдаршы қазир қай мезгіл? Жарайсыңдар күз мезгілі

Күз мезгілінде күн суытып салқындай бастады жапырақтар сарғайып жаңбыр жауады

Біз жылы киіне бастадық жарайсыңдар

Бір аптада неше күн бар?

Иа 7күн бар

Дүйсенбі.Сейсенбіі.СәрсенбІ.Бейсенбі.Жұма,Сенбі Жексенбі .

Бүгін аптаның қай күні?

Жарайсыңдар

« (музыка әуенімен ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)

Ханшайым:

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:

- Сәлеметсіз бе?

Ханшайым:

- Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.

Тәрбиеші:

- Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар:

- Иә.

Тәрбиеші:

Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар:

- Поезбен.

Тәрбиеші:

Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

Қимылды ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші:
- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

- Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

- Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

- Сен қандай пішінсің?

-Төртбұрышпын, төртбұрышпын.
Төрт қабырғасы бар бұрышпын,
Қай жағынан қарасаңда,
Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

Үшбұрыш:
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?
 

Дөңгелек:

- Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

-  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің түсі қандай?
І. Тәрбиеші:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о. «Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.


ІІІ. Тәрбиеші:

Балалар, Ханшайымның мынадай тапсырмасы бар, «Ойыншықтардың үйін табу» деген.

Шарты: - Мына жерде биік және аласа үй бар. Ойыншықтарды көлеміне қарай, биік үйшікке үлкен ойыншықтарды, аласа үйшікке кішкентай ойыншықтарды апарып қою керек.
ІV. Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымның тапсырмасына қарайықшы.

- Мынау не?

- Балық.

- Балық қайда жүзеді?

- Суда.

- Балықтардың көлеміне қарасақ бірдей ме?

- Жоқ.

Мынау қандай балық?

- Үлкен, кіші, мынау одан да кіші.

Тәрбиеші: - Балалар, Ханшайымға көмектесейік. (Түсіндіру)

- Балалар, мынау біздің аквариум болсын. Ал мынау балықтардың орны, мынау көзі. Алдымызда тұрған балықтарды алып, көлеміне қарай балықтардың орнын табамыз.

Д/о «Пішінді ұяшығынна орналастыр»





Тәрбиеші: Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.


Қ/о «Кім жылдам»


Тәрбиеші: - Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін сапқа тұрайық. Пішіндерді алып, жылдамдықпен лақтырып әр пішінді атайды


Сергіту сәті –тыныс алу жаттығу жасап балалар сергіп алады.


Д/о «Кім епті» Балалар жылдамдық танытып қатысады


Музыкамен дыбыс шығарады..

Ханшайым:
- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. рахмет деп балаларды мадақтайды
Тәрбиеші:

- Жарайды, балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
- Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу - гу, гу - гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі