400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Сыйқырлы қоржын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың білімін шыңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сыйқырлы қоржын»

Жамбыл облысы,Тұрар Рысқұлов ауданы,Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектебінің жанындағы «Шәушен» интернат тәрбиешісі

Сембаева Нургуль Шымырбековна.

Танымдық ойын.

Мақсаты: оқушылардың танымдық білімдерін молайту, ізденімпаздық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ұлтжандылыққа ,қайырымдылыққа ,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: ой-өрісін,сана сезімін, дүниетанымын дамыту.

Түрі : танымдық ойын.

Әдісі: топтастыру,сұрақ жауап.

Көрнекілік:суреттер ақпарақ ,түрлі- түсті қарындаштар, «Сен ғажайыпсың!»

ойынға қажетті құралдар,және әділ қазы алқасы сайланады.

Шәкәрім атамыз айтқандай «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сала негіз бола алады,олар: барлығынан үстем болатын адал еңбек ,мінсіз ақыл таза жүрек.Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» дегеніндей ,құнды қасиеттерге ие, рухани бай адамды қалыптастыру шынында оның туған кезінен басталса керек. Бұл орайда білім беру қызметкерлеріне де болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген.

Сондықтан барлық жағдайларды ескеріп,әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп ,қол ұшын беріп кеңпейілділік танытайық.

Жүргізуші: Сыйқырлы қоржынның ішінде не бар екен балалар?

Кәне осыны болжайықшы.(балалар ойлары)

Сыйқырлы қоржын ішінде әр пәннен сұрақтар бар екен.

«Шаттық шеңбері»

-Балалар, біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде.Әрдайым күліп жан-жағымызға күлкі сыйлайық.

Кел ,балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ шытып не керек!

Көңілді боп жүрейік!

Дыбыстарға байланысты жұмбақ жасыру.

1.Қарда бар мұзда жоқ.

Жарда бар,құзда жоқ.(Р)

2.Алмада бар, шиеде жоқ.

Алмұртта бар ,өрікте жоқ (Л)



Жалғызда бар ,Егізде жоқ ,

Жалбызда бар сәбізде жоқ.(Ж)



Алаша да бар ,Жемісте жоқ ,

Самсада бар бәліште жоқ.(А)

Майдада бар, Ұсақта жоқ,

Марқада бар, Тұсақта жоқ.(М)

«Кім шапшаң?»

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?» деп ойла.

Жұмбақ:

І-топқа:

-Секең-секең етеді ,

Орманда оның мекені.

Отырғанда шоқиып,

Құманға ұқсап кетеді.(тиін)

ІІ-топқа:Аулада алты үйрек,Қорада үш үйрек

Бір үйрек тығылды, Екі үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек? (7)

І-топқа:Тал басында тізіліп, Он бес жапырақ тұр еді,

Жел соқты да үзіліп ,Ұшып кетті төртеуі,

Түсті тағы бесеуі , Тұр әлі де ілініп, Жапырақтың нешеуі (6).

ІІ-топқа:

Табақта тұр бес өрік.,Қандай тәтті жесе өрік.

Бесеуін де,жеп қойсам ,Қалады сонда неше өрік?

І—ІІ –топқа бірдей сұрақ, қай топ бірінші табады?

Су құйып ем астауға,

Бес қазы ұшты аспанға.

Үш торғай ,екі сауысқан

Екі үйрек жарысқан.

Бір тоқылдақ ,бір қарға.

Қосылды кеп бұларға ,

Айт неше құс ұшып жүр? (14)

ІІ-топқа:

Автобуста бар,Мотациклде жоқ.

Трамвайда бар,Велосипедтте жоқ.(А)

І-топқа:

Аялдамада бар,Тұрақта жоқ.

Жаяу жүргіншіде бар ,Жолаушыда жоқ.(Я)

ІІ-топқа:

Тракторда бар,комбайнда жоқ.

Ұшақта бар,Машинада жоқ.(Т)

І-топқа:

Қорада тауықтар және қояндар бар.Оларда барлығы 15 бас,50 аяқ болса қорада неше тауық, неше қоян бар.

ІІ-топ:

Қасым Самалдан кіші,Болаттан үлкен.Ал Ажар Самалдан үлкен болса,ең үлкені қайсы?

І-топқа:«Тапқыр достар» сөзінен сөздер құрау керек.

ІІ-топқа: «Қайырымдылық» сөзінен орындарын ауыстырып сөз құрау.

Жүргізуші: « Әнші болсаң, салып көр...»пародия келтіру.

Өзгеге көңілің тоярсың ,

Өлеңді айтып қоярсың,

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Мақал –мәтелден жарыс:

Әр топ 5 мақал- мәтелден жарысады.

Өлең шумақтары беріледі, сол өлеңнің соңғы шумағының соңғы сөзі жасырынып тұрады. Сол ұйқас сөзді табу керек.

І-топқа:

Жемісі бар тәтті,

Дәні болса қатты .

Ауылға беріп көрік ,

Жайқалып тұр (Өрік)

ІІ-топқа:

Қалып едім түртіп,

Тастай болды үркіп.

Тоны тіркен түрпі,

Оның аты (кірпі)

І-ІІ топқа:

Қойдан биік

Оның аты (киік)

«Жүйрік болсаң озып көр».

Шебер қолдар сайысы.

Әр топтан екі оқушыдан шығады.Оқушылардың қолдары байланған . Бірінің оң қолына қайшы, екіншісінің сол қолына өрнек түсірілген қағаз беріледі. Осы қағаздағы өрнекті әдемілеп қиып шығу керек. Басқа қолдарыңмен көмек берілмейді. Уақытқа қарап отырамыз.

«Сен ғажайыпсың» тобын марапаттаймыз.

Қорытынды:

-Оқушыларымыз ,Шәкірттерім менің! Біз әрқайсымыз ғажайып,қайталанбас тұлғамыз.Сендер жеке дара, ғажайып адам екендеріңді ешқашан ұмытпаңдар!Білімді болыңыздар! Осымен танымдық ойынымыз аяқталды.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі