Ашық тәрбие сағатының
тақырыбы: Сыйынар – ем ана деген
тәңірге.
Ашық тәрбие сағатының
мақсаты:Нәзік жанды аруларымыздың
қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш
сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін
көрсету.
Ашық тәрбие сағатының
көрнекілігі: өлеңдерден үзінді жазылған
қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа,
гүл, мултимедиялық тақтадағы
слайдтар.
Ашық тәрбие сағатының
барысы:
Детство» күйі қосылып
тұрады.Мұқағали Мақатаевтың «Шеше» атты өлеңі
оқылады.
(Өлең аяқталып болған соң,
бірден оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да
орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
Дариға:
«
Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей
құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы
күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.
Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар
мен нәзік жанды қыздар қауымының төл
мерекесі.
Әмина:
Қош келдіңіздер, құрметті
аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз
құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре
беріңіздер.
Ана десем шешек ашып
жанары,
Өмірімнің бастау алар
ажары
Ана деген тіршілікке пана
боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып
жанады.
Шалқып, тасып
әніміз
Жадырасын
жанымыз,
Ана, сені
құттықтап,
Әндетеміз
бәріміз.
Дариға:
Барша ана құтты болсын
мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды
тілектерін ұсынады.
Талғат:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
САЯТ:
Анасыздар — Ақ Еділ,
Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
АНИЯ:
Өр
десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
ДИАС:
Анасыздар, кең байтақ
даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Кластер: Ана ұғымын жан- жақты
сипаттау.
АЛИХАН:
Сіздер — Күнсіз, аспанда
жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер
— жар, сіздер
— қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер
сарқыраған.
МҰХТАРХАН:
Біз сіздерсіз тіршілік ете
алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Барлығы
бірге:
Менің анам
алтын,
Сенің анаң
алтын.
Құттықтайық
аналарды,
Қол соғып
бәрің.
Ойын:
Шар(шарты:мына шарлардың
ішінде тапсырмалар бар шарларды жарып әркім өз анасымен тапсырманы
орындайды)
Әмина:
«Әйелдер адамды бесігімен
баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен
орыс жазушысы Пирагов.
Дариға:
Орыс жазушысы Максим Горький:
«Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да,
батыр да болмайды»,- деген.
Дариға:
Мұхаммед пайғамбар
айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні
әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге
келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш
әкеледі дейді.
Әмина:
Әлемнің
жарығын,
Сыйладың сен
маған.
Даланың әр
гүлін,
Жинадың сен
маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті
қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек
мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып
жатыр.
Бейнеролик: «Ана
туралы»
Дариға:
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, сыныптастарымыздың
орындауында «жаяу» биін ұсынамыз.
3 ер бала шығып біреуі
ұстаздарға, екіншісі аналарға, үшіншісі барша оқушы қызға арнап
жазған шағын шығармаларын оқиды.
Әмина:
Талай ренжітсек те,
еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген
ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр
мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойын
ойнататындарыңыз әлі де есімізде.Ендеше жас журналистеріміздің
сұрақтарына жауап беріп көріңіздер. (Шанышқының басына қызыл
алмаларды шаншып микрофон ретінде пайдаланды). Оқушылар кезек-кезек
мұғалімдерге сұрақ қояды:
1. Мектептегі ең сүйікті
оқушыңыз кім?
2. 8 наурыз мерекесіне қандай
сыйлық алғыңыз келеді?
3. Жарыңыздың осы мерекеде
сыйлаған ең алғашқы сыйлығы есіңізде ме?
4. Мектебіміздің ең-ең бұзық
оқушысы кім деп ойлайсыз?
5. Өлең айтып бере аласыз
ба?
6. Әріптестеріңізді құттықтап
4 жол өлең шығара аласыз ба?
7. Осы мерекеде сізді кім ең
бірінші құттықтады?
8. 8 наурыз мерекесі қайдан
шықты?
9. Бұл мереке біздің елімізде
қай жылдан бастап атап өтіліп келе жатқанын білесіз
бе?
10. Осы мерекеде анаңызға
қандай сыйлық жасадыңыз?
Әмина:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті 6 сыныптың
«Вокзалда қауышқан қыз» биіне береміз.
Дариға:
«Отбасы-шағын мемлекет» деген
сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ
мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның
ертеңі болашақ балаларды
тәрбиелеуші.
Дариға:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек,
жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып
беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол
аналар алдында бас иелік!
Әмина:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.
Анамызды, ұстаздарымызды
сыйлап, құрметтейікші! Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8
наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы құтты
болсын!