Материалдар / «Сыйынар ем ана деген тәңірге!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сыйынар ем ана деген тәңірге!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сыйынар ем ана деген тәңірге!» атты 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кештің сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2021
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Сыйынар ем ана деген тәңірге!» атты 8 наурыз халықаралық әйелдер

күніне арналған мерекелік кештің сценарийі

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

148 МГ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

Ы.Б.Мырзабаева; А.Б.Айтбаева



__________________________ би

(Әннен кейін фонфар беріледі, екі жақтан 4 жүргізуші ортаға шығады)

Самғат: Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.

Аружан: Тілегімнің бастауы да бір өзің,
Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.
Сен жанымда болған кезде әр сәтім
Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Жәнібек: Бақытымсың, жаным анам, жан анам,
Мен өзiңдi періштеге балағам.
Ауырмашы,  қартаймашы ешқашан.
Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Назерке: Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

Самғат: Қымбатты да, қадірлі,бар махаббатын балаларға арнаған, аяулы аналар,

Аружан: бар мейірімін немерелеріне арнаған, ақжаулықты әжелер,

Жәнібек: білім нәрімен сусындатқан, ұлағатты ұстаздар және көктемнің мерекесіндей құлпырған аруда әсем қыздар! 

Назерке: Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, әлемдегі ең керемет мейрам 8 - наурыз Аналар мерекесімен

4 жүргізуші бірге: құттықтаймыз!

Самғат: Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр ұялататын, сұлу көктемнің алғашқы күнінде болатын осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

Аружан: Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Жәнібек: Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соғады, жан Аналар! Назерке: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя»- демекші аяулы да абзал жанды аналардың, сүйікті ұстаздардың, сүйкімді де сұлу қыздардың құрметіне «» сынып оқушысы орындауында әсем әнді қабыл алыңыздар! Ана туралы ән.

Жәнібек: Көгімнің көркі кім?
Назерке: Ана.
Жәнібек: Жүрегімнің нұры кім?
Назерке: Ана.
Жәнібек: Әлемнің нұры кім?
Назерке: Ана.
Жәнібек: Армысың ару қыздар, абзал ана!
Анаға тең келетін бар ма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!- деп, асыл жандарға ақ тілегін арнау үшін мектебіміздің директоры, аяулы ана, ұлағатты ұстаз Алиакбарова Фатима Маметқалиқызын ортамызға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

(Фатима Маметкалиевна тілегін айтып, мадақтамалар табыс етеді) (Директордың сөзінен соң)


Самғат: Рахмет Фатима апай! Аяулы да, құрметті ұстаздар. Сіздерге 9 г және 5а сынып оқушылары атынан гүл шоқтарын тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Гүлдер тартылады. Гүл тапсырып болған соң

Аружан: «Шолпан жұлдыздары» би тобының «Көктем вальсін» қабыл алыңыздар!

Жәнібек: Назерке, сен 8- наурыз халықаралық аналар күніне анаңа қандай сыйлық жасамақшысың?

Назерке: Білмедім, Жәнібек! Анама әдемі «Ана туралы жыр» деген өлеңді айтып берсем бе дегенмін! Сен естігенсің бе ол өлеңді! Ол тамаша ән! Оның мағынасы қандай! Естісең көзіңе жас аласың! Қазақ әнінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтың бұл әнін естіген бойда кез келгеннің жүрегі елжіреп, анасына деген ыстық сағынышы басылады
Жәнібек: Ой Назерке сен мені білмейді дейсің бе? Мен ол әннің шығу тарихында білемін! Шәмші аға аяулы анасын қатты сағынып жүріп оған деген бар жылулығы мен сағынышын жеткізу мақсатымен осы әнді жазған болатын.
Назерке: Иа, дұрыс айтасың! Жақсы, ендеше кезекті осы әдемі әнге берсек! Қарсы алыңыздар алдарыңызда 5 «А» сынып оқушылары «Ана туралы жыр» әнімен.


Самғат: Жеткізіп арманға жол күні бүгін,
Бақ құшты қызың менен бүгін ұлың.
Болғанмен бар болмысың қарапайым,
Байқалып тұрады, ана, ұлылығың!

Болмасын дедік те әр кез жүзі мұңды,
Еңбекті ұл, бейнетіңді қыз ұғынды.
Қылсын деп ұзағынан отырасың
Тәңiрден сұрап алған қызығыңды.

Аружан: Жан-жағың толып бізбен бүтін бүгін,
Болғанда күнiң сәтті - ұтымды күн.
Сонда әр кез тәңіріңе тәуба десiп,
Тіліңнен үзілмейдi шүкірлігің.


Қызығын қызықтаумен немеренің,
Есте әр кез ақ бесікке бөлегенің.
Қуандың талай тойда шаңырақ пен
Жазылған шаттығына керегенің.

.Жәнібек: Оятып болашаққа сенімдерін,
Өзіңді қадiр тұтты келіндерің.
Бәйек боп жүресің-ау, ұрпақтардың
Болмаса дегендей-ақ көзінде мұң.

Болғандай тіршілікте бағың бала,
Ұл-қызың - өмірдегі тауың дара.
Солардың қызығына куә болып,
Аман жүр ортамызда, ауырма, ана!

Назерке: Бекітіп шөбереңнің бұғанасын,
Той болсын әлі талай ұлан-асыр!
Қызықтап сол тойларда отырсыншы
Қазақтың қарапайым бір анасы!-дей келе алдарыңызда мектебіміздің театр үйірмесінің өнерін тамашалаңыздар!


Самғат: Нұрын төккен күндейсің, жылытатын жерімді.

Хош иісті гүлдейсің, көркейтетін төрімді

Таудан аққан бұлақтай, мөлдір сенің мінезің

Жайқаласың құрақтай, ару анам бір өзің!

Қадіріңді біледі, ардақтысың бәріне

Амандығыңды тіледі жас бала да, кәрі де

Аружан: Алдарыңызда «Анашым» әнімен ---------- қарсы алыңыздар!

Самғат: Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Аружан: Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Самғат алдарыңызда 5 «А» сынып оқушыларының 8-наурыз көктем мерекесімен құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар!


М-мейрам бүгін аналарға бұрымды

Е-ер жігітке күн емес ау тынымды

Р- рас айтады, мойындаймыз , Ана ғой,

Е- ер жігітті дүниеге акелген көп ұлды

К- күн дидарлы аман жүрсе аналар!

Е- еңселі елім болар әрмен тұғырлы!

Л-лайықты ана екінші, ұлы есімге

Е- ешкімменен салыстырман құныңды!

Р- риза елім, аруға да жеткіншек!

І- ізді басып ана болар бұрымды!

Ң-не десекте, ана аты- қасиет!

І-інжу- маржанға лайықта, айтсам шынымды!

З- зейін салсаң, жігіттер-ау, жігіттер!

Б-бақыт сана, анаңның бар күніңді!

Е-еліміздің ертеңі ана, Әйелге

Н-нәсіп еткей Алла ұзақ ғұмырды!

Самғат: Ғажаптың бәрі өзінде, көзінде сұлу әлемі. 

Әдебі әрбір сөзінде,Жан емі- оның сәлемі. 
Келбеті күнге келіскен, нәзіктен нәзік сыр ұққын. 

Бесіктегі әппақ періштең бастауы әдеміліктің! 

Пәк болып туған о бастан, мүсіні мыңды арбаған. 
Көңілі оның Көк аспан, көркінің құны бар ғалам! 
Қыздары олар даламның, таусылмас жылы бір лебі. 
…Мәншүк пен Әлиялардың сүйкімді сіңілілері. 

Даладай дархан пейілін,ұлдары РУХ санаған, 
Болмысы тұнған мейірім, ол менің әппақ жан анам.

Ғасырдан жеткен ғасырға ұлтымның ұлы дастаны. 
Ол сенің қарындасың да, Ол менің қарындастарым. 

Жәнібек: Жоғалтып бастың салмағын, сандалған талай ғашық ұл. 
Біреудің болса арманы, бір үйдің қазынасы ол! 
Шынайылыққа заты мол, пәктіктің өзі турасы. 
…Жүрегі жалын ақын ол, немесе ақын музасы. 


Кессе де ептеп бұрымды, бәрібір сұлу жаны, нұр. 
Жүрегі оның бұрынғы, қазақтың қызы ол бәрібір! 
Өзінде бәрі ғажаптың, көзінде көркем әлемі. 
Ақиқат жалғыз: Қазақтың қызының бәрі әдемі!
-дей келе, ортаға,

«Тәтті ару » әнімен Байқадамов Сұлтанды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!


Назерке: Жәнібек! Сен анашыңды жақсы көресіңбе?

Жәнібек: Әрине, Назерке! Анасын жақсы көрметін адам болмайды ғой!

Назерке: Иа, ал сен өз махаббатыңды анаңа қалай жеткізер едің?

Жәнібек: мммм әдемі сөздермен, тілектермен, жүрек жарды құттықтаулармен, гүл шоқтарымен, сыйлықтармен! Ммм, таптым, әрине, әдемі өлең жолдарымен жеткізер едім!

Назерке: Жақсы, ендеше тыңда! Сахнаға 5 «А» және 9 «Г» сынып оқушыларын әдеби топтамамен шақырамыз!

Самғат: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

Аружан: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Жәнібек: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

Назерке: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Аяулы аналар, сүйікті ұстаздар, сұлу қыздар сіздердің құрметтереңізге әдемі ән «Қазақ қызы» Бағжанды қарсы алыңыздар!


Самғат: Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған 
Шапақтарың бар әлемге таралған, 
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, 
Орындалсын жүректегі бар арман!

Аружан: Құтты болсын аналардың мейрамы! 
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! 
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, 
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

Жәнібек: 8 Наурыз қуанышқа бөлесін! 
Әкелсінші жаздың жылы елесін! 
Барлық халық аман болып елімде 
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

Назерке: Ардақты аналар, аяулы арулар тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

4 жүргізуші бірге: Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!