Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"СЫЙЫНАР ЕМ АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ..."
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге ...»
Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, ананың еңбегін ақтауға баулып тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, гүлдер, қабырға газеттері, ұлағатты сөздер, слайд, интерактивті тақта.
Барысы:
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, мұғалім, тәрбиешілер, аяулы аналар, құрбы-құрдастар, ару қыздар, көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын !
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт тілейміз. Осы мерекеге орай бокс бөлімі оқушыларының дайындаған «Сыйынар ем ана деген тәңірге ...» атты мерекелік іс-шарасын қабыл алыңыздар !
І-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Көгімізді бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде азаматты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келеді.
ІІ-жүргізуші: Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық жақсы асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды.Ана-ұлы адам. Ана-құдыретті жан. Ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын. Аяулы аналар, апайлар, ару қыздар !
І-жүргізуші: Ана үш-ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез-келген саналы азаматтың ұғынары сөзсіз.Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің қайнар бұлағы Анадан қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын-жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тебіреніп жазып қалдырған асыл сөздері қаншама.
ІІ-жүргізуші: Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, Өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні-түні, өмір бойы перзентінің тілегін тілейді. Керек десең жанын да беруге әзір тұрады. Не деген құдыретті мейірім десеңші.
І-жүргізуші: Жүзімізге қараңыз
Біз бақытты баламыз
Бізге қымбат құшағыңыз
Бізге қымбат анамыз.
Бақытты ғой шынында
Анасымен балалар
Құтты болсын мереке,
Аман болсын аналар.
ІІ-жүргізуші: Құттықтауға абзал жанды асығар
Ақ тілегін күн нұрындай шашуға
Әр ұжымның ер басшысы табылар
Асыл жанға барлық сырын ашуға-дей келе мектеп
интернатымыздың директоры Жұмабаев Ишанбек Ысқақұлына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағанбетов Жеңіс Алмасбекұлына сөз кезегі беріледі
І-жүргізуші: О Ана, абзал Ана, асылдарым !
Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
ІІ-жүргізуші: Гүлдей болсын өміріңіз
Нұрға толсын көңіліңіз
Биік болып жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз !-дей келе апайларымыздың апайы
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Біржанқызын шын жүректен құттықтай отырып ән шашуымызды арнаймыз.
Ән: «Мама»
І-жүргізуші: Ана дегеніміз өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана тіршіліктің көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады. Ана-әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам.
ІІ-жүргізуші: Ана сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.
Жарық өмір сыйлаушы
Дос
Пана
Аяулы жан
Ұстаз
Ана
Ақылшы
Қамқоршы
қоршықоршы
І-жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс-жазы
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған-дей келе біздерден бар
білімін аямаған,біздерді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтаймыз.
1. Гүлнәр апай
2. Алтынай апай
3.Перуза апай
4. Әлима апай
5. Ләззат апай
6. Гүлмира апай
7. Зулфия апай
8. Гүлзағи апай
9. Нұргүл апай
10. Аягөз апай
11. Көркем апай
12. Жанар апай
13. Айнұр апай
14. Айнұр апай
15. Шұға апай
16. Меруерт апай
17. Бибігүл апай
18. Кенже апай
19. Гүлжан апай
20. Пакизат апай
Келесі ән шашуымыз сіздер үшін Ән: «Ана туралы жыр»
ІІ-жүргізуші: Сен дүниеге келдің, сені өмірге әкелген бір жан бар. Ол кім ? Ол анаң. Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол кім ? Ол анаң.
Мен үшін бәрінен қымбат бір жан бар. Ол-ана.
Мен үшін мынау жалпақ дүниеден де үлкен бір жан бар.
Ол-ана.
І-жүргізуші: Мен үшін ең ардақты, ең қымбатты адам. Жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ол-ана.Өзі салмақты, өзі байсалды, отбасын сақтаушы, қорғаушы.Ол-ана
Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бауырына басып, мен үшін жанұшыра шырылдайтын, әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін
Ол-ана
ІІ-жүргізуші: Мереке құтты болсын аналарым
Мәпелеп, еркелеттің аяладың
Лебізіңе алғысты айта келе
Ән жырымды қабыл ал аналарым-дей келе талай ренжітсек те,
еркелігімізді көтеріп, қателігімізді түзеп, кешіре білген, дұрыс жол көрсетіп, туған анамыздай маңдайымыздан сипап аялайтын тәрбиеші апайларымды шын жүректен құттықтаймыз.
1. Ақмарал апай
2. Баян апай
3. Фарида апай
4. Алтын апай
5. Зағира апай
6. Гүлнәр апай
7. Перуза апай
8. Жанна апай
9. Қарлығаш апай
10. Зәмзегүл апай
11. Жанат апай
12. Гүлжазира апай
13. Айман апай
Келесі ән шашуымыз сіздер үшін Ән: Анашым қартаймашы
І-жүргізуші: Кім балалар сендерді сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай
Шешең байғұс, дамылсыз жүретұғын,
Кім сендерді, балалар, тербететін
Еркелетіп ойнатып, сергітетін ?
Жалқау болсаң, балалар жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін,
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше ?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
ІІ-жүргізуші: «Ана» дейміз бәрімізде аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген-бәйтерегі өмірдің,
Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.
І-жүргізуші: О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасыңдағы кәрің де,
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге-дей келе бокс бөлімі 7,8 сынып оқушыларының әдеби монтажына кезек берелік.
1-оқушы: Қуанышқа бөленетін халықпыз,
Ана сыйлау-дәстүріміз, салтымыз.
Жыл құсындай әр көктемде келетін
Құтты болсын 8-наурызымыз !
2-оқушы: Ана деген-асылы ғой даланың,
Ана деген-сағынышы баланың.
Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен,
Бас иеміз алдында ананың
3-оқушы: Бастадым сөзімді «Ана» деп мен
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
4-оқушы: Аялаумен ержеткізге баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қажымашы, шаршамашы, анашым,
Қарайлаймын кірбің шалса қабағың.
5-оқушы: Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім.
Жанымды жадыратып күлдіретін.
Сендегі маған деген мол мейірді,
Нұр толы қос жанарың білдіреді.
6-оқушы: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған.
Жер бетіне өмір нәрін себуші,
Ана алдында борышты ғой бар адам.
7-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәр берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болса біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің ?
8-оқушы: Өзіңсің өмірдегі асылым да ардағым,
Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.
Анашым айтарым көп тіл жетпейді,
Бір сендей асыл адам таба алмадым.
Анадан жаралған ғой дана біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір ана түсінбесек,
Еркелей сәби жастық бабалықпен.
9-оқушы: Ана алса міндетті өз басына,
Дүниенің мен келіп тозбасына.
Бақытың да, сорың да сыйып кетер,
Аналардың бір тамшы көз жасына.
Ана-жүрек, жүректі құдырет де,
Ана-тірек, тіректі құрметте.
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет,
Ана-күнің, күніңе табынып өт.
10-оқушы: Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орар еді бар әлемде тыныштық.
Ана десем шешек атып жанары,
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
11-оқушы: Ана тұрса құшаққа алып баласын,
Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде
Қуанышқа кенеле бер, анашым.
Мен ананы шуағы мол күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам ылғи қамқор болып жүреді,
Сондықтан да жылда гүлдей түлеймін.
12-оқушы: Сәуле кіріп енгенмен саналарда,
Бірте-бірте басқанмен заман алға.
Адам болып жер басып жүргенменен,
Алдыменен қарызбыз аналарға
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дархан, дана да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге
Ей, адамдар, жол беріңдер Анаға !
13-оқушы: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз !
Әрқашан да ана сізбен берекеміз !
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
ІІ-жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың-дей келе келесі ән-
шашуымызды қызғалдақтай құлпырған мектебіміздің барша ару қыздарына арнаймыз
Ән: Сұлу қыздар
І-жүргізуші: Келесі кезекті қызықты мерекелік ойындарға берелік
Ойын:
ІІ-жүргізуші: Ендігі кезекте әр бөлім оқушыларының мерекелік құттықтауларына берелік.
1. Таеквандо бөлімі
2. Грек-рим бөлімі
3. Дзюдо бөлімі
4. Ауыр атлетика бөлімі
5. Еркін күрес бөлімі
6. Қазақша күрес бөлімі
І-жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде
Бақ-дәулет шалқи берсін жерімізге.
Аман-сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде
ІІ-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен іс-шарамыз аяқталды.
Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар, ару қыздар