Сценарий
тақырыбы:
«Сыйынар ем Ана деген
тәңірге!»
( 8 наурыз
)
Сценарий
мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер,
өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен
құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,
ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей
білуге үйрету.
Сценарий
көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,
мақал-мәтелдер, қабырға газеттері .
Барысы:
Жүргізуші1
: Кеш жарық, қымбатты
ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр
құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген
ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Жүргізуші2
: Олар-өмірдің гүлі,көңілдің
жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең
дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы
таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік
кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан
бабалар. Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!– дей келе құттықтау
сөз
кезегі Баймаханова Гүлбану апайға беріледі.
Жүргізуші1
: Әйел-Ана, Әйел-Өмір,
Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына
ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі,
сөзі-өсиет, тұғыры биік.
Жүргізуші2: Алтын құрсағынан адамзаттың
алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы
қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар
несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті
болар. Ал ендеше қыздарымыздың
тамаша әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші1: Жанұяның жылуын суытпай, тал
бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері
мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді
дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне бас
иеміз.
Бейбарыс құттықтау
сөз
Жүргізуші2
: Ана-болашақтың демеушісі,
ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Көңілің Алатаудың ақ
қарындай,
Мейрімің күннің шуақ
шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына
алармын,
Ән болып сағыныштан
ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметіне көріністі қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші1
: Аналар адамды бесігімен
баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше
құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке,
молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп
жорыған екен.
Жүргізуші2
: Ынтымағы келіскен, түтіні түзу
ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы
жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Олай болса
Сырлыбаева Дариғаның орындауындағы әнге кезек
берейік.
Жүргізуші1
: Ана – барлық қиындықты жеңетін
сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің
дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында
отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана
бақыт құшағында емес пе?!
Қанат құттықтау
сөз
Жүргізуші2
: Тіршілікке нәр берген ана сүті
қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек
мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Аяулысың,
ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең
мен би, Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей,
алдарыңызда вальс.
Қабыл
алыңыздар!
Жүргізуші1
: Осы айтылғандардың бәрі
шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз
данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық
жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас
иелік!
Жүргізуші2
:
Десек те уақытпен
жарыспайды,
Қиялға қиялменен
қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
тебіреніп, Жырларын аналарға бағыштайды.
Олай болса шәкірттеріңіздің
өзіңізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық (Алтынай,
Дариға).
Жүргізуші1
:
Бір өзіңнен бастап өмір
жолдарын, Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген
өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту -
арманым.
Ерқанат құттықтау
сөз
Жүргізуші2
:
Барша ана,құтты болсын
мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл
анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Ендеше 9а сынып қыздарыңыздың орындауындағы
хор. Ән “Анашым”
Жүргізуші1
: Құрметті қонақтар ,біздің
«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Жүргізуші2
:
Демеңіз біз өнерді аяп
қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп
қалды.
Қош болып тұрыңыздар
көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!