жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шылым шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері.
Шылым шегудің адам ағзасына зиянды әсері..
Мақсаты:
Білімділік.
Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас
жеткіншектердің темекі шегуді бастамауы
туралы сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық.
Темекінің тарихы оның, адам ағзасын
улайтыны туралы түсініктерін кеңейте
түсу.
Тәрбиелік:
Шылым шегудің зиянды жақтарын аша
отырып, сақтану жолдарын, ұжым болып
жұмыс істеуге, бірін-бірі тәрбиелеуге
үйрету, денсаулығын сақтауға жауапкершілігін
ояту.
Көрнекілігі:
Суреттер, Интерактивті тақта, даналық
сөздер.
Сабақ
барысы:
1.
Сәлемдесу
2. Кім жылдам.сұрақтар
қою
3.Шағын
дәріс.
4.
Пікірталас
5.
Жағдаяттар
шешу
7
.Аяқталған
сөйлемдер.
8.Қорытынды.
1.
Топтардың
сәлемдесуі(
презентация)
2.Кім
жылдам. Сұрақтарға жауап беру
1-топ.
1.Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы
пайда болды?-1946 ж
2.Темекіні Еуропаға
кім әкелді?-Х. Колумб пен оның
достары
3.Еуропада темекі тартумен
күрес қай ғасырда басталды?- XYII
ғасырда
4.Никотин кімнің есімімен
байланысты қойылған? –Францияның
Португалиядағы елшісі Жан Никонның
есіміне байланысты.
5.Адамдар темекінің
зиянын біле тұрып тарта береді дейді,
осы рас па? –Рас
6.Темекінің жасыл
жапырақтарында қанша пайыз никотин
болады? -9 пайыз
7. Үндістер темекі
өсімдігін қалай атады? –кохоба
8.
Орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың қай
еңбегінде темекі туралы жазылған?–Балалық,Есею,
Жастық трилогиясында.
9.Темекі туралы
ең алғашқы кітапты кім жазды? –Эрсандесу
де Овьеди
10.Никотиннің қасиеттерін
атап шық? –Сары сұйық зат, суда, майда
жақсы ериді.
2-топ.
1.Темекінің құрамындағы улы зат не деп
атайды? – Никотин
2.Темекі тартуда
қандай химиялық үрдіс жүреді? –Құрғақ
айдау
3.Еуропада темекіні не деп
аталды? –Табаго, табак.
4.Темекіден
туындайтын аурулар? –қолқа демікпесі,өкпе,
жүрек, бауыр, т.б. аурулар.
5Адам үшін
никотиннің өлімге әкелетін мөлшері
қандай? -35-70 мг
6. Адамдардың ортақ
ісі, қарым-қатынасын оңайлатуға,
пікірлесуге жеткізетін ермек әрекеті.
– Темекі тарту.
7. Салмағы 16-20 кг итке
қанша тамшы никотин берсе сеспей қатады?
– 1 тамшы
8. Темекі шегіп тұрып қандай
заттарды іске асыруға болмайды. –Жүзу,
баскетбол ойнау
9. Қай елде темекі
тартушылардың басын кесіп, дарға асқан?
–Англияда
10. темекі құрамы неден
тұрады? –Органикалық, бейорганикалық.
Шағын
дәріс(пайдалы деректер)
Темекі
шегіп үйренудің негізгі шыңы 13-19 жас.
Темекінің
негізгі әсер етуші компоненті-никотин.
Бұны тұңғыш рет1828 жылы Почельт пен
Рейман бөліп алған. Темекі жапырағында
никотин мөлшері 1-1,5 , кейбір сорттарында
6-8 , ал салмағы 1г бір темекіде 10-15 мг, ал
салмағы 10г темекіде 150мг никотин болады.
Химиялық таза күйдегі никотин - дәмі
ащы, майлы мөлдір сұйықтық. Шылымқұмарлар
шылымды никотин жинақталатын тұқылына
дейін сорған кезде осындай дәмді
сезеді.
Никотин-негізінен жүйке
жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу және жүрек
қан тамырлар жүйесіне әсер ететін күшті
у.
Никотинмен уланудың белгісі
қандай?
Бұл кезде – Сілекейдің
шұбыруы, лоқсу, терінің бозаруы, әлсіздік,
бас айналу, ұйқының бөлінуі байқалады.
Бұған-қорқыныш сезімін, бастың ауруы,
құлақтың шыңылдауы, тамыр соғуының
жиілеуі, организмнің басқа қызметтерінің
бұзылуы себептерін қосуға болады.
Өкпе
пәлесі Никотин Әр түрлі жұқпалы
аурулар
Жүрек ұстамалы аурулары
Өңеш
пәлесі Тамақ аурулары Шыдамсыз Еріншек
Ұмытшақ
Темекінің денсаулыққа
әсері
Қазақстанда шамамен халықтың
1/3 бөлігі 62 пайыз ерлер, 18 п-з әйелдер
темекі тартады. Жыл сайын елімізде 23-24
мың адам темекі тарту салдарынан болған
аурулардан қаза болуда.
Темекі
тастаған адамдардың жауаптары:
- өкпе
пәлесінің, жүрек, қан тамырлар ауруларының
қатері төмендейді.
- жеңіл дем аламын.
-
ақшам үнемделеді.
- дені сау ұрпақ
әкелуге мүмкіндігім бар.
- өз даламның
алдында қысылмаймын.
- киімім, шашым
және денім сау таза.
«Өз денсаулығың
- өз қолыңда».
Темекі
- заңды түрде қолдануға болатын есірткі
түрі. Темекі
жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал
және алколоидер бар өсімдік.Темекі
түтінінде 30-астам улы заттар бар: Никотин,
Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы,
Көгеретін қышқыл, Аммиак, Шайырлы заттар,
Органикалық қышқылдар және басқалары.
Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна
күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180
мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі
майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.
Сигареттің 1-2 қорабында никотиннің
өлімдік мөлшері бар. Темекішілді
құтқаратыны, бұл мөлшердің организмге
бірден емес, бөлшектеніп түсетіні.
Шылым
шегу – зиян қызмет, оған күш салмай
тастауға болмайды. Ол нағыз нашақорлық,
және оны көбі шындап көңілдеріне
алмайтыны, аса қауіпті.
Жыл сайын
дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан
4млн адам қайтыс болады екен. Бүгінде
жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегетін
көрінеді.Қазақстанда 5 миллионға жуық
адам темекі шегеді екен. Оның басым
бөлігі орта жастағы адамдар.
Темекі
тартатын адам күніне орта есеппен 200
рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет
ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам
өмір бойына 2 млн рет темекі тартады
деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста
«ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп
тұрақты шылымқорға айналды.
«Темекі
тәнді зақымдайды, ақыл-ойды күйзелтеді,
тұтас ұлтты топастандырады».
Темекінің
түтінінде өте улы зат -никотин бар. Шылым
шеккенде адам ауамен бірге темекінің
де түтінін де жұтады.Бұл түтіннің ішінде
улы газ, шаң, күйе болады. Шылымның күніне
20-сын тартқан адам 90мл г никотин
жұтады.
Алғаш темекі тартқанда
адам уланады: басы айналады, жүрегі
қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді.
Темекі құрамындағы никотин тыныс
жолдарының сілекейлі қабықшасын
тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп,
қорғаныш қасиеті нашарлаған сілекейлі
қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар
енеді.
Адам неғұрлым өте ерте бала
кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым
пәле ауруына жиі шалдығатыны дәлелденген.
Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың
97 пайыз шылым шегетіндер. Шылым шегу
адам өмірін қысқартады.Күніне 1 қорап
темекі тартқан адам мөлшерден артық
3,5 сәулеленуге ұшырайды.
«Жас жеткіншек!
Өздеріңе айту менің борышым-көк түтінмен
уланба.»
«Пікірталас»
1-топ
Қазақстанда әр жүз мың адамның 400-500
туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен
қоштасқан. Себебі:
2- топ Бүгінгі
күнде біздің елімізде өз денсаулығын
жақсарту үшін әр түрлі дәстүрлі емес
сауығу әдістері мен шұғылданады. Осы
дұрыс па?
Жағдаяттар
шешу:
1-топ
Сенің достарың темекі шегеді. Ал сен
темекі шекпейсің. Сол үшін сен достарың
шеттеді. Не істер едің?
2 – топ Сенің
папаң күндіз- түні темекі шегеді, тіпті
дастархан басында да.Ал сенің оған жаның
ашиды.Оның темекі тастауына қалай ықпал
етер едің?
Аяқталмаған
сөйлемдер.....
Темекі мен үшін......
Менің ойымша темекі шегетін адамдар....
Темекі ағзаға.....
Қорытынды:
Қазіргі дамыған медицина темекі
шегудің адамды «баяу өлімге» алып
баратын бірден-бір зиянды зат екенін
айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12
минутқа қысқартатындығын анықтаған.
Арақ
ішіп, темекі шеккен,
Денсаулығының
түбіне жеткен (Халық даналығы).
Денсаулыққа
зор кесел,
Үйрете көрме ауызды,
Насыбай
менен шылымға (Шораяқтың Омары)
Өткізген: Сабирова А.А.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген