Материалдар / «Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату».

Материал туралы қысқаша түсінік
Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату бойынша студенттерді толық таныстырып, олардың теориялық білімдерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2024
170
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ


«ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК


«Бекітемін»

ОӨІ жөніндегі

директор орынбасары

....................... Н.Ерғазы


«НАУРЫЗ – ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ»

мерекесіне орай ұйымдастырылған


«Аспазшы», «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» және «Электр құрал жабдықтарын жөндеуші слесарь-электрик» әдістемелік бірлестігі

ОНКҮНДІГІ

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:

«Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату».















Әдіскер: Д. Хаджиназарова


Арнайы пән оқытушысы: О.Сайдирасулов





ШЫМКЕНТ-2023



АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Курс:

2

Топ:

Сл 21-02

Сабақтың номері



Мамандық-біліктілік:


Мамандығы: 07130100-Электр жабдықтары.

Біліктілігі: 3W07130102-«Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі».


Сабақтың

тақырыбы:



«Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату».


Күні:


17 наурыз 2023 ж


Ұзақтығы:


2 сағат

(90 мин)


Өткізу орны:


Аудитория №2



Сабақтың

мақсаты:


Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату бойынша студенттерді толық таныстырып, олардың теориялық білімдерін арттыру.



Сабақтың

міндеттері:


Білімділік: оқушыларға сым электр жүйелері және электр қуатын тарату туралі түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың электр жүйелері туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу;


Күтілетін нәтижелер:


Студенттерді электр желілерін тануы, сым электр желілерін сараптауы және электр қуатын тасымалдау жолдарын білуі.


Сабақтың

түрі:


аралас, көрнекілі сабақ.

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар:


Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

Дидактикалық материалдар, кітаптар, компьютер, мультимедиялық проектор, бейнежазбалар т.б

Әдебиеттер:

К.М.Поярков «Электр станции, подстанция и сети».

В.В.Кирсанов «Электрификация сельского хозяйства».

Оқытушы туралы ақпарат:


Ф.И.О.:

Сайдирасулов Октамхан Сайдикаримович

Тел.: 8707 122 31 88


САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-КОНСПЕКТІСІ


Сабақ барысы

Уақыт (мин)

Оқытушы әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту ресурстары мен материалдар

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

3

- Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

-Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

Құрал- жабдықтарын даярлайды


Оқулықтар





2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

8-10

1.Топ студенттеріне сұрақтар қойылады:

1. Электр тогының шамалары.

2. Электр өлшеу аспаптары.

3. Өлшеу көпірлерін жалғау әдістері.

4. Өлшеу аспаптарының түрлері.

5. МегаОмметрдің қолданылуы.

Сұрақтарға жауап беру








Оқулықтар, проектор, интер актив тақта




3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі


Практикалық

1-2

Ашық сабақ тақырыбын тақтаға жазу: «Сым электр жүйелері. Электр қуатын сымдармен тарату» жаңа сабақ тақырыбын откен сабактармен баулау.

-жаңа тақырыпты дәптерге жазу


-Оқушылар ой- пікірлерін айтады.


Проектор

Интер актив тақта

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

/Практикалық /зертханалық жұмысты орындау кезеңі

15-20

1.Жаңа тақырыпты тұсынтыру.

1. Электр энергиясын өндірілуі түрлерін түсіндіру.

2. Электр энергиясын тасымалдауды түсіндіру.

3. Электр желілерін түрлерін көрсету.

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.



2. Бейнеролик қарау.

Түйінді  сөздерді(анықтамаларды) дәптерге жазу





Оқулықтар

Слайд



































































Бейне көрініс

5. Жаңа материалды бекіту кезеңі

/ Практикалық /зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі

5-10

1. Электр энергиясын тасымалдау шарттары.

2. Электр желілерінің түрлері.

3. Энергия жүйелерінің кернеу бойынша классификациясы.

4. Әуе электр желілері жұмысы.

5. Электр желілерінің түрлері.

6.Сым электр желілерінің ақаулары.

Студенттер

ой - пікірлерін айтады.




Жаттығуны орындау

Оқулықтар

Слайд






Слайд

6. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі

1-2

Әр бір студент өзінің КТП ға дейін болған электр желісін схемасын сызу.

Уй тапсырмасын кунделікке жазу

Оқулықтар

7. Сабақты қорытындылау

1-2

А) Оқушылардың білімін бағалау;

Б) Үй тапсырмасы;

В) Аудитория тазалығы









Электр энергиясын өндіру, тарату және жеткізу.


Энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, электр энергиясының артықшылығы сөзсіз. Оны сым арқылы өте алыс жерлерге аз шығынмен жеткізу, тұтынушыларға таратып беру ыңғайлы. Ең бастысы, өте қарапайым құрылғылардың көмегімен бұл энергия: механикалық, ішкі, жарық энергияларына т.с.с. энергияның кез келген басқа түрлеріне оңай айналдырылады.

Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың артықшылығы кернеу мен ток күшін, энергия шығыны болмайтындай дерлік өте кең ауқымда түрлендіруге болады.

Электр тогы генераторларда - энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғыларда өндіріледі. Генераторларға жататындар: гальвани элементтері, электростатикалық машиналар, термобатареялар және күн батареялары т.с.с.

Егер энергияны шығынсыз дерлік түрлендіру мүмкін болмаса, онда электр тогы еш уақытта да дәл осындай кең қолданыс таппаған болар еді. Электр станцияларындағы қуатты генераторлардың ЭҚК-і, әдетте едәуір үлкен. Ал бірақ іс жүзінде көбінесе онша үлкен емес кернеулер керек.

Айнымалы токты, кернеуді бірнеше есе арттырып немесе кемітіп, ал қуатты іс жүзінде шығындатпай түрлендіру трансформатордың көмегімен іске асырылады.

Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генератор арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектпр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштардың әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары.















Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орындары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын жинап сақтау қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туады.

Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.

Қуаттың тұрақты дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді.

Орталық станцияларда өндірілетін электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу кезінде жеткізу желілерінде жылудың бөлінуі салдарынан энергия шығындалады. Берілген тұрақты қуат кезінде осы шығынды, кернеуді жоғарылату және токты төмендету арқылы кемітуге болады. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген.

Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді.

Трансформатор тұйық болат өзектен тұрады, оған сым орамнан тұратын екі катушка кигізіледі. Орамалардың біреуі (бірінші реттік орама) айнымалы кернеу көзіне тіркеледі. Екінші реттік орама (жүктеме) электр энергиясын тұтынатын аспаптар мен құрылғыларға қосылады. Трансформатордың орамаларындағы кернеулерінің қатынасы . Мұндағы к- коэффициенті трансформация коэффициенті деп аталады. Егер к1 болса, трансформатор төмендеткіш, ал к1 болғанда трансформатор жоғарылатқыш болады.

Трансформатордың жұмыс iстеу принципi электромагниттiк индукция құбылысына негiзделген. Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит ағынын кемiтедi, бұл өз кезегiнде бiрiншi реттi орамдардағы өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да, қоректендiрушi кернеудiң мәнi өздiк индукция ЭҚК-iне теңескенде жүйеде тепе-теңдiк орнайды.

Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)



Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК-i 97-98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi.

Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы ролi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми-техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль-Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден-бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400-500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi.

Қазіргі уақытта трансформаторларда энергияның жиынтық шығыны 2-3-тен аспайды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!