Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сумен іс-тәжірибе жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға судың қасиеті,су тіршілік көзі екенін,пайдасы,маңызы туралы айтып түсіндіру.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Жармағамбетова М.С.

Білім беру саласы:Таным

Оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Сумен іс-тәжірибе жүргізу»

Мақсаты:Балаларға судың қасиеті,су тіршілік көзі екенін,пайдасы,маңызы туралы айтып түсіндіру.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа,төзімділікке тәрбиелеу.

Қолданылатын қажетті құрал жабдықтар:Суреттер,тәжірибе жасауға арналған құрал-жабдықтар,су,сүт т.б.заттар.

Сөздік жұмыс: судың қасиеті

Билингвальды компонент:су- вода-water,табиғат- природа –natur,жаңбыр- дождь- rain.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Музыка әуенімен су патшайымы топқа кіреді.

1.Сәлемдесу

2.Шаттық шеңбер

Амаансың ба,Алтын күн!

Амаансың ба,Жер Ана!

Амаансың ба,достарым!

Амаансың ба,сендерді көріп қуандымІ

 

 

 

Балалар су патшайымымен сәлемдеседі

Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін орындайды.

Ұйымдастыру- іздестіру

Балалар мен су патшайымы боламын.Менің еліме қош келдіңдер!

-Ал енді,мен сендерге жұмбақ жасырайын.Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар,мен сендерге судың қасиеті туралы айтып беремін.

Жұмбақ жасыру.

Жалт —  жұлт еткен

Жылғадан өткен

Бұл не?

(Су)

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгілді

Бұл не?

(Жаңбыр)

-Жарайсыңдар,балалар!Мен сендермен күнде кездесіп тұрамын.Бүгін біз су туралы әңгімелеп және оның қасиеттерімен танысамыз.Біз суды ішеміз,жуынамыз,шомыламыз. Сусыз тіршілік жоқ.Табиғаттың бізге сыйлаған сыйының бірі ол-су. Суды ғаламшарда көк түспен белгілейміз. (Балаларды ғаламшармен таныстыру)

-Табиғат дегеніміз не?

-Табиғат қандай болады?

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

 

-Өлі табиғатқа ше?

Әңгіме жүргізу.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол қармен ,жаңбырмен,жерге түседі,бұлақ болып өзенді құрайды,күн шуағымен бу болып аспанға көтеріледі,жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады. (Судың айналымын сызба арқылы тақтадан көрсету,балалардан сызбаны қайтадан сұрау)

Адамдарға,жан-жануарларға су өте қажет.Олар сусыз тіршілік ете алмайды.Балалар тазалық сақтау ережесін есімізге түсірейікші.

-Сендер далада ойнап келгенде немесе тамақ ішер алдында қолдарыңды немен жуасыңдар?

-Жарайсыңдар балалар!

-Балалар енді су туралы қандай т

ақпақтар білесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қане, балалар, су туралы мақал мәтелдер айтайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Көрдіңдер ме,балалар,мен сендермен әрдайым біргемін,менің жұмысым өте көп.Бірақ мұнда мен демалып,сендермен бірге ойын ойнаймын.Менің сүйікті ойным- сумен ойнау.Балалар,араларыңда суды ұстай алатын балалар бар ма?

-Алақандарыңды жайыңдар (алақандарына су құяды,су сырғып ағып кетеді).Суды ұстау өте қиын, ол ағып кетеді.Балалар суды қалай ұстауға болады?

Әр балаға мұз кубиктерін береді. Міне енді мұз суға айналды.

 

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып.

Ағаштарға су құйып,

Өсіреміз саябақ.

 

 

Сөздік жұмыс: судың қасиеті

 

Билингвальды компонент:су- вода-water,табиғат- природа –natur,жаңбыр- дождь- rain.

 

Су патшайымы балаларды үстел басына шақырады.

1-тәжірибе. «Тұрақты пішіні жоқ»

Менің алдымда көп ыдыстар тұр.

Ол қандай ыдыстар?Шыныдан жасалған.Суды тәрелкеге құйып көрейік.Не болды?Су тәрелкенің бетіне жайылып кетті.Неге?Су- сұйық.

-Сонымен біз не байқадық?Судың өзінің пішіні бар ма екен?Жоқ.Ол құйған ыдыстың пішінін алады.

Ал,балалар ыдысқа құм саламын. Ол ыдыстың пішініндей пішінге ендеді.Сонда құм сұйық зат болғаны ма?

Осыны тексеріп көрейік.Яғни су сұйық зат.Ал енді құмды төгейік, ол үйіліп тұр.Олай болса құм сұйық зат емес екен.Демек су мен құм әр түрлі заттар екен.Құм – сусымалы зат.Су –сұйық зат.

2-тәжірибе. «Су түссіз»

Бояғышқа су қосу керек.Түс пайда болғанын аңғару.Балаларға суы бар стақан және бояу  жағылған таяяқшалар арқылы суды балалар бояйды.Судың түсін өзгертуге бола ма екен?

3 тәжірибе.

Балалар судың дәмі бар жоғын қалай білеміз? (Ішіп көру)

Судың дәмі болмайды,суда дәм жоқ.

-Балалар,біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екенін көз жеткізейік,сонымен қайталап жіберейікші,судың қандай қасиеттері бар?

 

Ойын: «Кім жылдам,кім епті?»

Шарты:Балалар екі топқа бөлініп, сорғышпен су құйылған ыдыстан, таза суға су тасиды.

Ойын: «Сабын көпіршіктері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Су

 

 

 

 

Жаңбыр

 

Балалар су патшайымын мұхият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

Бізді қоршаған орта

Тірі және өлі

 

Жануарлар,гүлдер, өсімдіктер т.б.

Тас,тау,су т.б.

 

 

Балалар мұхият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сумен

 

Айару:

Сылдыр-сылдыр,сылдыр су,

Сылдыр суға бетіңді жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Жанайым:

Су- тіршілік білсеңдер,

Судан ырыс күткен жер,

Суды лайлап түкірме!

Деп үйреткен үлкендер.

 

Жания:

Судың да сұрауы бар.

Абдинұр:

Су -тіршілі көзі.

Елдана:

Сусыз өмір жоқ.

Малика:

Су-тазалықтың досы.

Сезім:Сумен жер көгерер,

Батамен ел көгерер.

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

Қатырып

 

Балалар мұзды ұстап көреді

 

 

Балалар қимыл-қозғалыспен орындайды

 

 

Жаңа сөздің мағнасын түсінеді

 

Қайталап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суда дәм жоқ,түссіз, сұйық

Балалар қуана ойнайды

Рефлексивті түзетушілік

-Балалар бүгін біз не туралы айттық?

 

-Су не үшін керек?

 

-Сусыз өмір сүруге бола ма?

Су патшайымы:Балалар мен сендермен уақытымды көңілді әрі қызықты өткіздім.Сендерге көп рахмет.Топтарыңа баруларыңа болады.Сау болыңдар!

Су туралы,судың қасиеттері туралы.

 

Ішуге,жуынуға т.б.

 

Болмайды.

 

 

Сау болыңыз



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:Судың қасиеттері мен маңызы туралы.

Нені игереді:Судан тәжірибе жасауды.

Нені біледі:Су өмір бой айналымда болатынын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12