жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сумен тәжірбие жүргізу
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Су мен тәжірбие жүргізу.»
Мақсаты: Балаларға судың адам үшін де, жалпы тіршілік үшін де қажет екендігін түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануды, суды ластауға болмайтындығы жөнінде түсініктерін қалыптастыру. Судың мөлдір екенін, бірақ оның кез-келген түске бояуға немесе ластауға болатынын көрсету. Суға тәжірбие жүргізу .Табиғат байлығына қамқор бола білу дағдыларын жетілдіру.
Сөздік : Мөлдір су.
Билингвалды компонент : Су-вода.
Көрнекі құралдар : Су құйылған ыдыстар, сүт құйылған ыдыс, тәжірибе жүргізуге арналған құралдар.
Оқу қызметінің кезеңдері.
|
Тәрбиешінің қызметі. |
Балалардың қызметі. |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыруш-ылық ізденістік.
Ғажайып сәт
Жетекші-жөндеуші.
|
Балаларды шаттық шеңберіне шақыру. Үлкен шеңбер құрайық Күнге қолды созайық Топқа келген қонақтарға, Иіліп сәлем қылайық. Үнтаспадан судың дауысы естіледі. Балалар су аққанда қандай дыбыс естідіңдер ? (Сылдырлаған) -Су ағады,су төгіледі, су құйылады. -Суды түрлі бокалға , стаканға,кесеге, құйады. –Су құйылады .-Су өзін құйған ыдыстың көлеміндей болады. Ой тастау. Жұмбақ шешкізу. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не? –Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, жұмбақтың шешуі –су. Су –мөлдір, сұйық зат.(стақандағы суды көрсету. –Ал енді су кімге және не үшін қажет екенін білесіңдер ме? -Су адамға не үшін қажет екен? – Суды ішеміз, тамақ әзірлеу үшін пайдаланамыз, шомыламыз, кимді жуамыз, үйді тазалаймыз. -Йә, сусыз адам да , жануарлар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Көрдіңдер ме балалар судың қажет емес жері жоқ, сондықтан да суды үнемдеп пайдалану керек.,суға қоқыстар тастауға болмайды. « Су –тіршілік көзі » деп бекер айтпаған. Сергіту сәті: Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға бетіңді жу. Жуынсаң сен әрдайым . Таза бетің маңдайың, Тазалықтың досы, Су –дегенің осы. Тәжірбие жасап көрсету. –Балаларға стақандағы суды көруге ұсынады. -Су қандай? Енді суды иіскеп көрейікші, иісі бар ма екен? Иісі жоқ. Балаларға суды шыны ыдысқа құйып, ыдыстағы су арқылы бір затты көруді ұсынады. -Зат көріне ме? Суға бояу қосады. -Су қандай түске боялды, енді зат көріне ме? -Су сұйық. Суды үнемдеп пайдалану керек. Барлық тіршілік иелері суды қажет етеді. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер бәрі де сусыз өмір сүре алмайды. Дидактикалық ойын: Не өзгерді? -Мына
екі ыдыстағы мөлдір судың біреуіне
аз ғана топырақ салып көрейік. Судан
қандай өзгеріс байқадыңдар.?
Енді оны іше аламыз ба?
Сондықтан суды әрқашан таза ұстауымыз
керек.
Ғажайып сәт:
Балықшы келеді,қолында қармағы
бар. –Сәлемдеседі .
Балаларды өзімен бірге балық
аулауға шақырады. Кім көп балық аулайды?
Ал жаңбыр жауғанда балықты аулай
алмаймыз.
Қимылды ойын: Күн мен жаңбыр . Шарты:
Күн дегенде қолдарын жоғары көтеріп,
алақандарын ашады, жаңбыр жауды дегенде
отырып , еденге саусақтарын тықылдатады.
Жаңбыр да –су.
Қар да –су.
Қар ерігенде
–суға айналады. Тыйым
және нақыл сөздер: Суға
түкірме .
Су-өмір нәрі. Сусыз тіршілік ете аламыз ба? Балаларды мадақтап оқу қызметін аяқтау.
|
Балалар шеңберге тұрып қимыл –әрекетпен шаттық шеңберін жасайды.
Судың. Сылдырлаған. Ағады, төгіледі, құйылады.
Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады. Су, су. Суды ішеміз, шомыламыз, кір жуамыз, үй тазалаймыз.
-Балалардың жауаптары
-Сәлемдеседі
-Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
-Тыйым сөздерді қайталайды. |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Судың мөлдір болатынын және тіршілік үшін қажет екендігін.
Игереді: Су туралы тыйым және нақыл сөздерді.
Меңгереді:Судың тіршілік үшін қажет екендігін ұғынып, оның маңызы туралы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген