400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сумен таныстыру» тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Тәрбиеші: Магзомова.И.М

Тобы: Балапан ІІ кіші.

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Сумен таныстыру» тәжірибе

Мақсаты:  Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.

Кажетті көрнекіліктер мен құрал жабдықтар: Әр балаға тәжірибе жасауға арналған стақандар. Су туралы суреттер. Слайд.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелесу, тәжірибе жұмысы.

Билингвальды компонент: Су – вода, су – вода.


Мотивациялық қозғаушылық кезең.


Шаттық шеңбері. Армысың Алтын күн.

Армысың Жер ана!

Армысың Әлем!

Армысың Достарым!


Осы сәтте магнитафон арқылы судың сарқыраған,

толқынның ескен лебінің дыбыстары қосылады.

Тәрбиеші: Балалар, қандай дыбыстар естідіңдер?

Балалар: Судың дыбысын естідік.

Тәрбиеші: Кәне сол судың дыбысы естілген жаққа қарай барайық.

Балалар қараңдаршы мына жерде сулы өзен жатыр.

Өзіннің айналасына не болған?

Балалар: Өзіннің айналасында қалдық заттар шашылып жатыр.

Тәрбиеші: Балалар мына жерді бүлдіріп кеткен. Мына жердегі белгіні көрдіңдерме?

  • Ия, бұл белгі табиғатты, суды ластауға болмайды деген белгі.

  • Балалар, ал мына суға қалдық заттарды тастап, ластап кеткен. Осылай жасауға болама?

Балалар: Жоқ болмайды.

Тәрбиеші: Балалар бұлай қалдық заттарды тастап, суды ластауға болмайды. Себебі суда балықтар, тасбақалар т.б. суда жүретін жәндіктерге зиян болады. Мына жерде қандай белгі тұр.

Балалар: Бұл белгі. Қалдық заттарды жинайтын орын.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Қалдық заттарды салатын арнайы орындары, осындай белгі тұрған жерге апарып жинайды. Кәне барлығымыз қалдық заттарды жәшікке салайық. Балалар суға жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.





Ұйымдастыру ізденістік

Тәрбиеші: Ендеше судың пайдасы, қасиеттері туралы көп нәрсе біліп алайық. Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз.

Балалар енді теледидарға назар аударыңдар. (слайд көрсету)

  • Судың пайдасы... Балалар сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.

Суды ішеміз және жуынамыз.

Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.

Сумен ас әзірлейміз.

Сумен кір тазалаймыз.

Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.

  • Су жетіспегенде....
    1. Бас ауырады. 2. Бас айналады. 3. Шаршау, әлсіздік пайда болады.
    4. Ойдың тынықтығы бұзылады. 5. Тәбетсіздік туады.

  • Билингвальды компонент: Су – вода, су – вода.


Тәрбиеші: Судың қасиеттері туралы өз көзімізбен, қолымызбен тәжірибе жасап көрейік.


Тәжірибе № 1.

Су – мөлдір. Екі стақанда сары түсті қағаз жапсырулы тұрған, екі стақан суды таңдап аламыз. Біріншісінде таза су, екіншісінде сүт бар. Су бары стақанға моншақ саламыз, ал сүті бар стақанға қасық саламыз. Қайсысынан стақанға салынған заттардың анық көрінетінін байқау.

Шешім: Су мөлдір. Судың ішіндегі заттар көрінеді.


Тәжірибе № 2.

Су – түссіз. Және түсін өзгертуге болады. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Екі стақанда қызыл түсті қағаз жапсырулы тұрған, екі стақанды алдымызға жақындатайық.

Алдымызда бояу жағылған таяқшалар тұр. Бояу жағылған таяқшалар арқылы суды араластырып бояймыз.

Шешім: Судың түсін өзгертуге болады.


Тәжіибе № 3.

Су – дәмсіз. Дәмін өзгертуге болады. Жасыл түсті қағаз жапсырулы тұрған, екі стақанды аламыз. Алдымен стақандағы судың дәмін ішіп көрейік. Бірінші стақанға қант салайық, араластырып ішейік. Дәмі қандай болды?

Балалар: Судың дәмі тәтті болды.

Екінші стақанға лимонның бір кесілген түйірін салып, араластырып ішеміз.

Балалар: Судың дәмі ащы болды.

Шешім: Судың дәмін тәтті, ащы етіп өзгертуге болады.


Тәжірибе № 4.

Су - Мұз. Мен сендерге мұз беремін, оны алқанымызға салып, саусақтарымызды бүгіп, мұзды қолымызда кішкене ұстап көрейік, ал енді қараңдаршы не болады екен?

Балалар: Мұз қолымызда еріп жатыр.

Тәрбиеші: Ия алқанымыз су болып қалды. Балалар мұз неге еріп кетті?

Балалар: Себебі қолымыз жылы болғасын мұз еріп кетті.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы. Яғни мұз жылы жерде еріп суға айналады, су салқын жерде мұз болып қатады.

Шешім: Суды мұз етіп қатыруға болады және қайтадан суға айналады.


Сергіту сәті:

  Биік болып өсеміз,

  Жапырақтай жайқалып.

  Ағаштарға су құйып,

  Өсіреміз саябақ.

Рефлексиялық түзетушілік.

  • Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз?

  • Судың иісі, дәмі, түсі бар ма?

  • Қандай тәжірибе жасадық?

  • Сусыз өмір сүруге бола ма?

  • Суды үнемдеу керек пе?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс – әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Судың иіссіз, дәмсіз, түссіз екенін, судың пайдасын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Тәжірибе арқылы судың қасиеттерінің өзгеріп отыратынын меңгереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тәжірибе жасап, бастаған істерін аяғына жеткізе алады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1292
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі