Тақырыбы: Шырайлы
Шымкент- рухани астанам
Мақсаты:
Туған өлкеміздің тарихы туралы түсінік
беру. Өз еліне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Өз Отанын сүйіп, халқымыздың
әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап әрі
қарай жалғастыруға тәрбиелеу. Туған
өлкені өркендетуге білімді адамдар
керек екенін түсіндіру. Сөздік қорын
дамыту. Туған өлкені өркендеуіне
балалардың үлес қосу ұмтылысын
қалыптастыру.
Көрнекілігі:
Шымкент қаласының көрнекі мәдени
орындарының суреттері, нақыл сөздер,
сөзжұмбақ, тақпақтар. Шымкент қаласы
туралы презентация
Барысы:
1
жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен
оқушылар! Сіздерге «Шырайлы Шымкент »
атты «Өрлеу» ғылыми қоғамы бойынша
өткізілген іс-шараға қош келіпсіздер
дейміз.
2
жүргізуші:
Мен
оның күнін сүйем, түнін сүйем
Асқар
тауын, шуақ шашқан күнін сүйем
Биік,
биік үйін, даңғыл дара жолын сүйем
Кең
пейілді, жарқыраған елін сүйем!
Халқың
бар, 1 милионға жақындаған
3
мегополюсте, тұру мәртебе маған!
Елбасымның
айрықша көзі түскен
Күнгейде
жатқан, жаны жайсаң үлкен қалам!
Ғаламда
сенен артық жер таппаспын
Туған
үйім, Шымкентіммен мақтанамын!
9сынып
оқушыларының Шымкент қаласы туралы
туындыларын қабыл алыңыздар!
1
жүргізуші:
Шымкент
– Қазақстанның көне қалаларының бірі.
Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала
б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент
қаласы Ұлы
Жібек Жолы керуен
көшінің жолында орналасқан.
Шымкент
қаласы атауының шығу тарихы мен оның
мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл
жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші-ғалымдар
таба алмаған. Біреулер қала атауы
«қала-бақ», «жасыл қала» десе, біреулер
«жердің бет қабатымен қапталған қала»
дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты,
шымды қыртысы, ал «кент» қала, шаһар
деген мағына береді.
5
«б »сынып оқушысы Ғабитұлы Нұрдәулеттің
орындауында «Жаса Қазақстан» әнін
қабыл алыңыздар!
2
жүргізуші:
Шымкент
қаласының аумағы - 300 шаршы шақырым
жерді құрайды
Халқының саны – 950 мың
адамҚазақтың Шымкентте бестен бірі,
Ешқашан
шығармаңдар естен мұны.
Әрқашан
бізге қарап өлшенеді.
Қазақтың
қаншалықты өскендігі, деп айтыскер
Әселхан апамыз жырлағандай
халық
санының көлемі жағынан Шымкент қаласы
бүкіл республика бойынша үшінші орында
1
жүргізуші:
7 сыныптар оқушыларының орындауында
би.
2
жүргізуші:
Шымкент
қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет,
өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада
қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей,
корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с.
19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс
істейді.
Қаланың
көрікті мекендерінің бірі - орталық
саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған.
Бір саябақ Шәмші
Қалдаяқов атындағы
облыстық филармония аясында орналасқан.
Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және
мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография
саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром,
«MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені,
«Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары
қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы
демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.
1
жүргізуші:
5
«б» сынып оқушысы Абдықадыр Мағжанның
өнерін тамашалаңыздар!
2
жүргізуші:
2011
жылдың тамыз айында Шымкент қаласы
үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық
ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы
Шымкент қаласының басшылығына III
халықаралық байқауының арнайы дипломымен
марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының
ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық
деп таныды.
Шымкент
қаласы жыл өткен сайын көркеюде. Сәулеті
мен әлеуеті қатар дамыған көрікті де
құт мекеннің аумағы үлкейіп, халық саны
артты. Елордасы Астана мен әсем қала
Алматыдан кейінгі «үшінші қала» деген
мәртебеге ие болды.
Демек,
Шымкент қаласы туралы және география
ғажайыптары деп аталатын көрермендермен
ойын.
1
жүргізші: Демек,
елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
айтқандай «Бұл өмір бір-ақ рет беріледі,
ал оны Шымкентте сүру керек» дегіміз
келеді.
2
жүргізуші: Шымкент
қаласы еліміздің ең жасыл қаласы, күн
сәулесі қаншалықты түссе, соншалықты
мейірбан халқы бар.
5
«б» сыныбының орындауында «Шырайлы
Шымкентім» қабыл алыңыздар!
1
жүргізуші: Бүгінгі
«Шырайлы Шымкент» деп аталатын кешімізді
аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!
«Бұл
өмір
бір-ақ
рет беріледі, ал оны Шымкентте сүру
керек»
№77
Асанбай Асқаров атындағы мектеп-лицейі
Сынып
тыс сабақ
Тақырыбы:
«Шырайлы Шымкент» Шымкент қаласы
мегаполис қала.
География
пән мұғалімі: Муслимова Айжан