400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

СЫМСЫЗ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика курсында “Ақпарат алмасудың сымсыз технологиялары” бағытында қажетті білім мен білік алатын сандық білімділік ресурсын жасау қажет. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған «сымсыз компьютерлік желілер» ақпараттық жүйесін құруды мақсат етіп қойдық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«СЫМСЫЗ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР»

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ЖОЛДАРЫ

Миндетбаева А.А.


Қазіргі таңда информатика курсында оқушылардың ақпарат алмасуының сымсыз технологиялары бағыты бойынша білімдерін кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Қазірде Bluetooth немесе Wi-Fi-ды ешқашан қолданбаған оқушыны кездестіру қиын, солай бола тұра оқушылар осы ақпарат алмасу технологиясының қалай жұмыс істейтінін білмейді де. Сондықтан да оқушылар арасында ақпарат алмасудың сымсыз технологиялары туралы білімдерін кеңейту үшін оқушылар Информатика курсында “Ақпарат алмасудың сымсыз технологиялары” бағытында қажетті білім мен білік алатын сандық білімділік ресурсын жасау қажет. Осыған байланысты мектеп оқушыларына арналған «сымсыз компьютерлік желілер» ақпараттық жүйесін құруды мақсат етіп қойдық.

Бүгінде ғылымы мен техникасы дамыған ғасырымызда балалар сымсыз байланыстар мүмкіндіктерін терең пайдалануда, алайда олар сымсыз байланыстар туралы нақты ақпараттарды біле бермейді. Информатика сабағында оқушыларға сымсыз байланыстар жөнінде ақпаратты бағдарламаны құру негізінде беретін болсақ, баланың қызығушылығын арттырумен ғана шектелмей, білім сапасын да арттыра аламыз.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Компьютерлік желілердің даму тарихы желі құрамына кіретін ЭЕМ және телекоммуникациялар құралдарының дамуымен тығыз байланысты. Компьютерлік желілерді құру жұмыстары XX ғасырдың 60 жылдары басталды. Компьютерлік желілердің бірінші түп тұлғасы ретінде үлкен ЭЕМ негізінде құрылған деректерді телеөңдеу жүйелері (ДТЖ) жүрді. Деректерді беру құралы есебінде сол кездегі телефон желілері пайдаланылды. ДТЖ негізгі элементтері ретінде модемдер, абонент пунктері және коммутация құрылғылары жүрді. ДТЖ жүйелері тек тиісті сигналдарда қолданылды. ДТЖ-ның негізгі кемшілігі – оның төменгі жылдамдығы еді (9600бит/с,нақты 2400бит/с). Сондықтан ДТЖ-ны жетілдіру бағыттарының бірі цифрлық телефон коммутаторларын жасау болды. ДТЖ-ның екінші кемшілігі – деректерді байланыс арнасы бойынша тек белгілі бір уақытта, белгілі бір жылдамдықпен беру. Бұл кемшілік АҚШ-та ең алғаш рет 70 жылдарда кең жолақты хабарларды (КХ) беретін кабельдік теледидар коммуникациясын қолдану арқылы жойылды. Желілерге өтудегі үшінші бағыт бірнеше үлкен ЭЕМ-нің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін жоғары жылдамдықты шиналарды жасау болды. Желі дамуының төртінші бағыты деректерді өңдеуде бөлуді іске асыру еді. Ал 80 жылдардың ортасында, ДЭЕМ-дердің пайда болуымен бірге, аталған бағыттардың бәрі жақындасып, қазіргі компьютерлік желілерді жасауға әкелді [1].

Жалпы компьютерлік желі төмендегідей топтарға бөлінеді (1 суретке сәйкес):


Сурет 1. Компьютерлік жүйе түрлері


Компьютерлік желінің ақпаратты жіберу ортасына қарай бөлінетін түрі сымсыз желі мәселесіне тоқталайық. Сымсыз желіні келесі жағдайларда қолдану тиімді:

  • адамдарға толы мекемелерде;

  • бір орында жұмыс істейтін адамдарға;

  • оңашаланған мекемелерде;

  • жоспарлау үнемі ауысып отыратын мекемелерде;

  • құрылыста, қазба жұмыстары жүріп жатқан жерде және т.с.с. [2];

Технологияға байланысты сымсыз желіні үш түрге бөлуге болады:

  • жергелікті есептеуіш желі;

  • кеңейтілген жергілікті есептеуіш желі;

  • мобильді желі;

Желінің масштабына байланысты түрлері:

- жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмыс істейтін компьютерлердің кішігірім санын біріктіреді);

- бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді);

- кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді);

- бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе корпорация көлеміндегі компьютерлер мен желілерді біріктіреді ).

Интернет бір ғана нүктеге байланып қалған дәуірдің өткені қашан. Бұрын сымсыз ешжаққа алыстай алмайтын болсақ, қазір дамыған технологиялардың арқасында ғаламторға кез-келген ұялы гаджет арқылы шығуға болады. Мұндай мүмкіндіктердің түрлері көп, бірақ солардың ішіндегі ең танымалы - Wi-Fi технологиясы [4].

Wi-Fi — шағын қашықтықтарға арналған және жылдамдығы жоғары технология. Wi-Fi атауын таратып айтар болсақ, ол ағылшынның Wireless Fidelity деген сөзінің қысқартылған нұсқасы, мағынасы «сымсыз дәлдік» дегенді білдіреді. Wi-Fi желісі қосылу нүктелерінен құралады. Әрбір нүктенің төңірегінде, 50-100 метрдей радиуста хот-спот немесе Wi-Fi аумағы деп аталатын аумақтар құрылады. Ғаламторға кіру үшін осы нүктелердің радиусына кірсеңіз болды, интернет баптаулары автоматты түрде жасалған .

Bluetooth (ағылынша Bluetooth — көк тіс) — радиомен тілдесу арқылы ақпарат алмасу технологияларының бірі. Ол 2,4 — 2,4835 GHz (ISM — Industrial, Science and Medical band, лицензиялау қажет емес диапазон) жиілік арасында жұмыс істейді.

WiMAX – қарқынды дамып келе жатқан технологиялардың жиынтығы және ол іс жүзінде телекоммуникацияның барлық салаларымен байланысқан. Кеңжолақты сымсыз ақпарат тарату желілері бүгінгі күнде IT-индустрияның негізгі бағыттының бірі болып табылады. Радиожеліге қойылатын негізгі талаптардың бірі – ол бөлінетін ресурстарға пайдаланушылардың қолжеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Радиобайланыс технологиялары бүгінгі күні жергілікті желілер мен Интернетке мобильдік (жедел әрекетті, жылжымалы) енуді оперативті түрде орнатуға мүмкіндік береді [3].

Енді «Сымсыз компьютерлік желілер» ақпараттық жүйесінің моделіне сипаттама жасайық.

Жалпы бұл ақпараттық жүйе мектеп оқушыларына және де компьютерлік сымсыз желілер тақырыбына қызығушыларға арналады. Енді осы жүйенің моделіне тоқтала кетсек, негізінен жүйе 5 бөлімнен тұрады. Төмендегі 2-ші суретте титулдық бет көрсетілген.

Сурет 2. Жүйенің титулдық беті


Бірінші бөлім суретте көріп отырғандарыңыздай, компьютерлік сымсыз желілер деп аталады. Мұның толық сипаттамасы 3-суретте келтірілген. Екінші бөлім қосымша мәліметтер, яғни бұл бөлімде клиент, сервер, маршрутизатор т.с.с. қосымша мәліметтерді оқушы оқып біле алады. Үшінші бөлімде пайдаланылған әдебиеттер, төртінші бөлімде автор жайлы мәлімет және ең соңғы бөлімде программадан шығу әрекеті орындалады.

Сурет 3. Компьютерлік сымсыз желілер беті


Жоғарыда айтып кеткендей, 3-суретте сымсыз желілердің 7 түрінің атаулары мен логотиптері келтірілген. Оларды айта кететін болсақ: Wi-Fi, WiMAX, Bluetooth, 1G, 2G, 3G, 4G.

Соның ішінде Wi-Fi немесе кез келген сымсыз желілер орналасқан батырманы бассаңыз сізге осы технология жайлы қысқаша мәлімет беретін төмендегі 4-суретте көрсетілген бет ашылады. Ал толық нұсқасын оқу үшін бағдарламаның төменгі бөлігінде орналасқан "толық мәлімет" батырмасын бассаңыз болғаны. Сондай-ақ осы бетте оқушылардың өз білімдерін тексеру үшін арнайы тест сұрақтарымен қатар бақылау сұрақтары бар (5-сурет, 6-суреттерге сәйкес). Бұл тест пен бақылау сұрақтары барлық тақырыптарда кездеседі. Осы арқылы оқушы өзінің бұл технологияларды қалай меңгергенін біле алады.

Сурет 4. Wi-Fi сымсыз желі туралы бет.

Сурет 5. Wi-Fi тарауы бойынша бақылау сұрақтары бейнеленген бет.

Сурет 6. Тест бөлімі

Модельдің жалпы сипаттамасы осы. Қазіргі таңда Bluetooth немесе Wi-Fi-ды оқушылар түгелдей дерлік қолданғанымен, бұл мәселелер жөнінде ақпарат, бұл технологияның қалай жұмыс істейтінін біле бермейді. Сондықтан да оқушылар арасында ақпарат алмасудың сымсыз технологиялары туралы білімдерін кеңейту мақсатында әзірленген жұмыс қажетті білім мен білік береді деп ойлаймыз. Бұл модель арқылы әзірленетін бағдарлама оқушыларға тиімді және ыңғайлы формада жасалады. Осы бағдарлама арқылы оқушылар сымсыз желілер туралы толығырақ мәлімет ала алады.

Жалпы қорытындылай келе бұл бағдарлама қазіргі таңда информатика курсында оқушылардың ақпарат алмасуының сымсыз технологиялары бағыты бойынша білімдерін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бұл сымсыз желілер туралы ақпараттық-анықтамалық жүйені Adobe Flash, Auto Play сияқты бағдарламаларда немесе Delphi және Visual Basic бағдарламаларының бірінде жасауға болады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Алжанов С.С., Сатымбекова С.Б. «Компьютерлік желілер» Алматы, 2011ж.

  2. Алдамжаров Қ.С. «Компьютерлік желілер» Алматы – 2010 ж.

  3. Қозыбаев Қ.Т., Иманқұл М.Н. «WiMAX» технологиясы // (Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Астана қаласы) 11б, 2013ж.

  4. Сыдықов Б.Д., Үмбетбаев Қ.Ү., Жаңбырбаева А.Н. «Компьютерлік желілер» Нұр-Принт - 2012ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі