жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Шымырбек және балалар"
Денім сау болсын!
Балалар залға кіріп, бір қатарға тұрады. Тәрбиеші қолында спорттық киім киген ұл қуыршақ болады.
Аудиозапись қосылады.
Мен – әлсіз емеспін,
Мен – Шымырбекпын
Сәлеметсіңдерме балалар! Мен денсаулық әлемінде өмір сүремін. Амансызба, деніңіз саума сөзімен адамдар бір-біріне амандық, денсаулық тілейді. Ендеше келіңдер бізде бір - бірімізбен амандасайық.
Тәрбиеші: Ендеше келіңдер балалар қонақтармен,Шымырбекпен амандасайық. Балалар амандасады.
Үнтаспада әуен ойнайды, балалар екі жұп болып тұрады.
Тәрбиеші: Кімді кездестірсекте,
Денсаулық тілейміз
Көтеріңкі көңілмен,
Амансызба? дейміз.
Балалар қолмен амандасуды көрсетеді.
Кімді кездестірсекте,
Денсаулық тілейміз
Көтеріңкі көңілмен,
Амансызба? дейміз.
Балалар маңдаймен, мұрындарымен, арқаларымен көрсетеді.
Шымырбек сөйлейді . Балалар сендер дендерің сау болғанын қалайсыңдар ма? Ия ендеше жүріңдер сиқырлы кемпірқосақ жолымен денсаулық әлеміне барайық.
Тәрбиеші: Балалар денсаулық еліне бару үшін, дене шынықтыру тапсырмаларын орындауымыз керек.
Балалар бір қатарға тұрады. (Музыка ойнайды)
Балалар мынау кемпірқосақ бұл аспан да жаңбыр жауғансоң шығады, кемпірқосақ жеті түстен тұрады. Бірінші түсі қызыл жол.
Бұл жолда бірнеше жаттығулар жасау керек екен?
1 Қолымыз белде, аттың жүрісін жасау,
2 Қолымыз белде, аяқтың ұшымен жүру,
3 Қол белде, өкшемен жүру
4 Үйректің жүрісін салу,
5 Аюдың жүрісін салу,
6 Жүгіру бір орында айналу
Балалар тапсырманы орындайды.
Шымырбек сөйлейді. Екінші қызғыл сары түс сендерді мауглиге алып келді. Мауглидің суреті ілініп тұрады. Балалар үш калонаға тұрады.
Тәрбиеші : Балалар маугли ол аңдардың және адамдардың ханы . Барық аңдар олардың достары. Бір күні маугли аңдармен айтысып қалады. «Мен еркешемін, мен адаммын, менде мойын бар.» Ал аңдар жауап береді ! «Біздеде мойын бар» Келіңдер ендеше балалар мойынға арналған жаттығуларды жасайық. Балалар мойынға арналған жаттығуларды жасайды.
Маугли айтты: «Мен еркешемін, мен адаммын, менде қол бар.»
Ал аңдар жауап береді «Біздеде қолымыз бар» Келіңдер ендеше балалар қолға арналған жаттығуларды жасайық. Балалар қолға арналған жаттығуларды жасайды.
Маугли айтты: «Мен еркешемін, мен адаммын, менде аяқ бар.» Келіңдер ендеше балалар аяққа арналған жаттығуларды жасайық. Балалар аяққа арналған жаттығуларды жасайды.
Маугли айтты: «Мен еркешемін, мен адаммын, менде дене бар.»
Келіңдер ендеше балалар аяққа арналған жаттығуларды жасайық. Балалар аяққа арналған жаттығуларды жасайды.
Маугли айтты: Балалар айтыңдаршы адамдар жасай алады, ал жануарлар жасай алмайды. Ол қандай іс әрекеттер. Ол қандай іс әрекеттер?
Балалар іс әрекетпен көрсетеді(тістерін, шашатарын, тамақ ішеді,киіну, жазу жазады, сөйлейді) .
Тәрбиеші: Міне балалар мауглидіңде тапсырмаларын орындадық.
Шымырбек сөйлейді: келесі кемпірқосақ түсі көк жол.
Балалар бір қатарменмен және екі жұп болып жүгіреді. Тыныс алу жаттығулары.
Шымырбек сөйлейді: Келесі кемпірқосақ бізді жасыл түсіне алып келді. Мұнда берілген тапсырмалар мынадай екен.
1 Доптың арасымен жылан сияқты жүру,
2 Үстел үстімен мысық сияқты жүр,
3 обручтардан секіріп өту,
4 Тунел ішімен жүру .
Балалар жаттығуларды жасайды.
Шымырбек сөйлейді: Келесі кемпірқосақ бізді сары түсіне алып келді. Балалар сары түсінде бізді ойын күтіп тұр екен. «Бұлт пен күн шуағы »
Шымырбек сөйлейді: Келесі кемпірқосақ бізді көгілдір түсіне алып келді. Балалар шеңберге тұрады, үнтаспадан жаңбыр даусы естіледі. Балалар ендеше келіңдер бізде саусақтарымызға жаттығулар жасап алайық. Балалар колдарымен жаңбырдың даусын салады, жаттығуларды орындайды.
Шымырбек сөйлейді: Балалар ең соңғы күлгін түс денсаулық еліне алып келді. Үстел үстінде (гигиеналық машықтар, спорттық құралдардың, азық түліктердің , жемістермен көкөністердің болуы).
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы деніміз сау болу үшін, күнделікті денемізді шынықтыру керек екен, дурыс тамақ ішу керек, денемізді таза ұстау керек екен.
Тәрбиеші: Қолына Шымырбекті алады. Шымырбек көрдің ба біздің балалар барлық тапсырмаларды орындады.
Шымырбек: Жарайысыңдар балалар! Сендер қандай жылдам, әрі шапшаң екенсіңдер, рахмет сендерге . Менде сендермен бірге топқа барсам болады ма?
Балалар Шымырбекті ендеше өзімізбен бірге топқа алып кетейік.
Балалар осымен біздің оқу іс әрекетіміз аяқталды , қонақтармен қоштасайық сау болыңыздар! Балалар қоштасып залдан шығады.
Мақсаты:
- Балалаға адамның іш құрлысы және оның аттары мен іс- әрекетін үйрету.
- Балаларға адамдар мен жануарларға ортақ дене мүшелерін көз алдарына елестету, екінші жағынан адамның кереметтілігін үйрету.
- Балалардың ой қимылды есте сақтау, денесін шынықтыру (жылдамдық, шапшаңдық, шыдамдылық), денеге қажет іс қимылдарды үйрету.
- Балаларды бір - біріне достық қатынаста болуды үйрету.
Тақырыбы: «Денім сау болсын»
Тәрбиеші: Молдахметова Ф.Н.
Алматы 2013
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген