400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сын -қимыл үстеу

Материал туралы қысқаша түсінік
әр мұғалімге білімдерін толықтыру үшін, жаңа әдіс -тәсілдер алу үшін сабақ жоспары қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4

Тақырыбы: « Сын-қимыл үстеуі»

Сабақтың мақсат:

оқушылардың үстеу туралы білімдерін толықтыру, сын-қимыл үстеуі туралы түсінік қалыптастыру, білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу, шапшаңдыққа, ойын ашық айта білуге, жеткізе білуге дағдыландыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін арттыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, көрнекілік,топтық, деңгейлік,өздік, бекіту.

Көрнекілігі: Суреттер, топшамалар,слайд (деңгейлік тапсырмалар) .

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Күтілетін нәтиже: теориялық білімдерін толықтыру, яғни үстеу туралы білімдері кеңейеді.Шығармашылыққа жұмыстанады, ойлау қабілеттері дамиды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық көңіл-күй.

Бақыт бар менде,

Бақыт бар сенде,

Бақыт бар барлық жерде .

Тыныштық бар менде,

Тыныштық бар сенде,

Тыныштық болсын барлық жерде.

Бейбітшілік бар менде,

Бейбітшілік бар сенде,

Бейбітшілік бар болсын барлық елде.

-Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу.153 бет.

III.«Ой шақыру »страегиясы

Үстеу дегеніміз не?

Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді? Екіге:Дара және күрделі.

Дара үстеуге мысал келтір.Аса,ерте,бұрын,сеніңше,бұлбұлша,қазір.

Күрделі үстеуге мысал келтір.бостан-босқа,алма-кезек,бүрсігүні,биыл.

Үстеу мағынасына қарай нешеге бөліненді?

Мезгіл үстеу дегеніміз не?

Мекен устеу дегеніміз не?

Қызығушылығын ояту.

«Ширату жаттығулары»

Шарты: Бір оқушыға мұғалім сурет береді оны қимыл , қозғалыс арқылы оқушарға көрсетеді.Оқушылар табу керек. Мысалы: тасбақаның суретін береді,

-Қимылды не үшін жасаймыз?

Қимылдың қандай пайдасы бар?

(Оқушы ойын тыңдау,денсаулыққа қатынасын айыру)

Күтілетін нәтиже: сабаққа деген қызығушылықтары оянады, сабақ тақырыбын түсінеді.

- Ендеше, балалар, бүгінгі болатын сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

- Әрине, сын-қимыл үстеуі

IV. Жаңа сабақ: Сабақтың тақырыбы: Сын – қимыл үсте оқулықпен жұмыс.

Үстеу – сөз табы. Ол іс –әрекеттің мезгілін, мекенін, сын – қимылын білдіреді. Іс – әрекеттің амалын, тәсілін, бейнесін білдіретін үстеуді сын – қимыл үстеуі деп атаймыз. Ол қандай? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: ақырын жүрді, балаша күлді.

1 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сын – қимыл үстеулеріне сұрақ қойып, олардың қандай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.

Баяу, әрең, тез – тез, қисайып, қатты – қатты, жай, жалма – жан, зорға – қалай? деген сұраққа жауап береді, сын – қимыл үстеуі.

2-жаттығу.Топпен жұмыс

1-топ.а) қалай? деген сұраққа жауап беретін үстеулердің астын сызу.

Үлгі: а)Ұлжан Кенжетайды көтере бергенде етпетінен (қалай?)түсті. Төр алдында Сапар

шалқасынан (қалай?) түсіп ұйықап жатыр.Oл жай (қалай?) жүрсе, жұрт та жай (қалай?) жүреді. Кім де болса шапшаң (қалай?) жүріп келе жатыр.Су ақырын (қалай?) ғана жылжып, қырқадан сайға ағады.Осы күннің тез (қалай?) өткенін сезбей қалыппын.

2-топ.ә) қарама-қарсы мағынадағы үстеулерді табу.

ә) етпетінен-шалқасынан, жай-шапшаң, ақырын – шапшаң

Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр.

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Үстеулерді атайық.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

Мақсаты: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Тиімділігі: әр оқушы өз бетінше жұмыстана алады, оқушы деңгейін ажырата аласың және осы арқылы әр оқушыға бағыт-бағдар бере аласың, тақырыпты толық ашуға мүмкіндік аласың,

1-деңгей.Үлестірмелі карта тарату арқылы.

Марал сабақты ..................... оқиды. Менің атам ......... сөйлейді. Киік өте әдемі, әрі ...................... – жануар. Балалар көлде қайықпен .......... жүзіп жүр.

Керекті сөздер: асықпай, көп, жүйрік, баяу.

Күтілетін нәтиже: оқушы керекті сөзді тауып қояды, білім-білік дағдысы қалыптасады.

2-деңгей:Тақтада орындалады.

Шарты:Қарама-қарсы үстеулерді жазу

Ілгері-........................(кейін-қалай?, сын-қимыл үстеу)

Дереу-....................... (сосын-қашан?, мезгіл үстеу)

Ерте- ........................(кеш-қашан?, мезгіл үстеу)

Осында-....................... (анда-қайда?, мекен үстеу)

лысырақ-.......................(жақынырақ- қалай?, сын-қимыл үстеу)

Артта-...............................(алда-қайда?, мекен үстеу)

Күтілетін нәтиже:өз бетімен ойланып, жұмыстанады. Үстеу түрлерін, ерекшеліктерін

ажырату дағдысы қалыптасады.

3- деңгей:

Шарты:Берілген сұрақтарға жауап беретін үстеулерді тауып, бөліп жазу.

Тақтада орындалады.

қашан? қайда? қалай? ежелде әріде шикілей былтыр артта қазақша күндіз сонда бекерге таңертең беріде амалсыздан қазір Күтілетін нәтиже: шығармашылық ,ойлау қабілеті дамиды, шарықтайды. Үстеу туралы

білімдері толығады, бекиді.

Өздік жұмыс.Жеке оқушыға

Семантикалық карта.

Сөздер

Мекен үстеу

Мезгіл үстеу

Сын-қимыл үстеу

Тез барады

 

 

 

Артта

 

 

 

Кешқұрым

 

 

 


Семантикалық карта.

Сөздер

Мекен үстеу

Мезгіл үстеу

Сын-қимыл үстеу

Тез барады

 

 

 

Артта

 

 

 

Кешқұрым

 

 

 


Қорытындылау: Үстеу түрлерін атау.

Үстеулерге мысал келтіру.

Рефлексия:

Бағалау. Мадақтау.

Үйге тапсырма беру : 1)5-жаттығу. 155 бет. 2) ереже жаттау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі