Материалдар / "Шын дос болу бақыт" тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Шын дос болу бақыт" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышсынып мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2019
1144
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Ақтерек ауылы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №26негізгі орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Шын дос болу -бақыт»

Мақсаты

Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату ,бір-бірін сыйлауға,адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.

Міндеті: адам қарым қатынастағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру; оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, ұйымшылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Блум таксономиясы

Көрнекілігі слайдтар,видеороликтер.

Жоспар

1. Білу кезеңі

А) достық туралы бейнекөрсетілім

Б) ой қозғау сұрақтары (миға шабуыл )

2. Түсіну.

«Достықты қалай түсінеміз?» (Топтық таныстырылым қорғау.)

3.Қолдану.

Дос туралы мақал-мәтел айту. Оны түсіндіру, талдау.

4. Жағдаяттық сұрақтарды талдау.

А) Дос туралы шағын эссе.

5. Бағалау.

А) психологиялық жаттығу «Достыққа адалсың ба

Б) «Құм мен тас » бейне көрсетілім

6. Кері байланыс « Пазыл »

Барысы:

«Досым, саған сенемін, сеніп өтем,

Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.

Достық деген өмірдің көрегі екен,

Достық деген адамның серігі деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі сынып сағатымыз дос туралы әңгімелесетін боламыз.

Жалпы дос дегеніміз кім, қалай дос болу керектігі жөнінде әрқайсысымыздың өзіндік пікіріміз бар екені белгілі. Ал осы дос деген сөздің мәні неде екен? Аталарымыз айтқандай «Атаның адамсыз күні жоқ». Сондықтан да жүрген де жеріңде жұмыста, елде , сапар бөтен жерде болсын ұғысатын, түсінетін, жарасып жүретін сырлас жан іздейміз. Әйтпесе халық даналығы «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын» демес еді. Достық –алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы . Ал адалдық деген-рухани тазалық.

(балалар екі топқа бөлініп отырады.)


Достық туралы

Б) ой қозғау сұрақтары (миға шабуыл )

  1. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? (1-топ)

  2. «Адал дос және амал дос » дегенді қалай түсінесің?(2-топ)

  3. Қыз бен ұл арасында достық бола ма?( 1-топ)

  4. Достық парыз дегенді қалай түсінесің?(2-топ)

2. Түсіну.

«Достықты қалай түсінеміз?» (Топтық таныстырылым қорғау.) алдарыңа плакат тастаймыз, қорғау.

Дос қандай болу керек?
Адал
Жомарт
Адамгершілігі мол
Қарапайым
Мейірімді
Дос кешірімді
Төзімді
Ақылды
Сабырлы
Салмақты
Кек сақтамау
Ашықтық, бүкпесіздік

Қолдану.

Дос туралы мақал-мәтел айту. Оны түсіндіру, талдау.

Әр топ өздерінің мақал-мәтелдерін айту.

3. Жағдаяттық сұрақтарды талдау.

1-сұрақ . Сен азығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған «Тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын» деді . Сенің әрекетің........

2-сұрақ.

Сенің ең жақын досың жағымсыз қылық істеді. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?

3-сұрақ

Досың қатты ауырып ауруханада жатыр. Өте қымбат дәрілер керек. Оның жағдайы жоқ. Сен не істер едің?.......

4-сұрақ

«Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым.»

А) Дос туралы шағын эссе.

Бағалау

А) психологиялық тест.

Ә) «Құм мен тас» бейнекөрсетілімі

6. Кері байланыс « пазыл»

Мұнда бір ақынның өлең жолдары берілген . Соны құрап, оны оқу.

Егер сабақ ұнаса оқушылар ағашқа пікірлеріңді және тілек жазып жабыстырады.

Сонымен , Дос қандай болу керек? ( А-ажарлы, ақылды, адал)

Сіздің досыңыз қандай? (К- Керемет , күшті көрікті)

Жаман дос қалай болады? (А- ашушаң, ақымақ, айлакер)

Біздің мектеп оқушылар қандай? (Ж- Жанашыр, жақсы оқиды, жайдарлы)

оқушылар адал достық таба біліңдер. Достарың әрқашан көп болсын дей отырып, бүгінгі «Шын дос болу -бақыт»атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. Мына өлеңмен аяқтағым келіп тұр.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!