400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын есім туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Қазақ тілі

04.04.2017


Сын есім туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін танымдық қабілеттері, сөздік қорын, тіл байлығын, сөз таптары туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлемдерден сын есімдерді табуды, сын епсімдерді топтастыруды, сын есім қатыстырып сөйлем құрауды, сипаттауды үйрету.



Ребустар

Оқулықғ әдістеме, қосымша ақпараттар, суреттер, интер тақта, сематикалық карта

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап түрінде жинақтау

Сабақтың жүрісі

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс –әрекеті

І. Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

-Балалар, сабақты жақсы өткізу үшін өзіміздің көңіл-күйімізді көтеріп отырайық.

-Бір-бірімізге қарап қолымызды алып жылы лебіздерімізді айтайық

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз

Тыныштық сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз!

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

Оқушылардың болжамды жауаптары

Топқа бөлу

Өткен сабақты еске түсіру арқылы ойлау қабілетін дамыту

Стикер арқылы 3 топқа бөліну

ІІ. Өткенді қайталау.

Үш топқа өткен тақырыптар бойынша сқрақ қою. Ол үшін ұяшық таңдау керек.

  1. Зат есім дегеніміз не?

  2. Жалқы есім дегеніміз не?

  3. Зат есім нешеге бөлінеді?

(Зат есім 2-ге бөлінеді негізгі және туынды)

(Негізгі түбірден болған зат есім негізгі зат есім)

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Туынды сөз дегеніміз не?

  3. Етістік нешеге бөлінеді?

  4. Болымды және болымсыз

етістіктерге мысал келтір.

(күл-ме, жұл-ма, бар-ма)

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

Ой қозғау

Баяғы өткен заманда Етістік деген әлемде әр-түрлі заттар тіршілік етіпті. Заттардың не түсі, не пішіні болмай қызықсыз өмір сұріпті. Күндердің күнінде бқл елге өте алыс жерден Сын есімді қария келіп елмен танысады екен. Сонда қария аң-таң болып әр тұрғынмен танысып, сөйлеседі.

-Сенің атың кім?- деді қария заттың атымен танысайын депп

-Алма- деп жауап берді ештеңеге ұқсамайтын зат

-Мұнда не істеп жүрсің?- делі қария іс-қимылын білейін деп

-Біз пісеміз- деп жауап берді.

Сын есімнің жаны қатты ашып, барлық заттарға қуаныш сыйлайын деп сөзін бастайды.

-Алмиа сен бұдан былай қызыл домалақ, дәмді алмасың- дегені сол еді, алмамыз қып-қызыл, домалақ болды да қалды. Солай бір апта бойы қонаққа келген Сын есім қария қол үзбей жұмыс істейді екен.

Бұл елде бақыт орнау үшін біз де өзіміздің қол ұшымызды беріп көрейік.

3 топқа 3 түрлі зат беріп сын есім тауып айтөқызу

1-топқа доп (доп-домалақ, ала, кішкетай)

2-топқа лимон (сары, қышқыл, сопақша)

3-топқа тақтай (жалпақ, қалың тегіс)

Үш затқа сипаттама беру арқылы балалар сын есімнің ережесін шығарады.

Сын есім- заттың сынын, сапасын, көлемін, түсін білдіреді. Сын есімге қандай? Қай? Деген сқрақтар қойылады

Топқа бөлініп отырады





Сұрақтарға жауап береді

Балалар ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді





































Балалар өздері тауып тұжырымдайды



ІҮ. Мағынаны тану

Жаңа сабақ. Сын есім

Күннің жадын жазу

Көркем жазу минуты Қ әрпін жаздырту. Қ әрпінен келетін сын есімдер жазу қышқыл, қызыл, қатты, қоңыр



Әр топ өз тобын бағалайды



Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Жқмбақты оқып шешуін табу (ауызша)

Сұрақтар қою

  1. Жқмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті?



Қап-қатты жасыл

Shape2 Shape1

ҚShape3 арбыз

Shape4

Қызыл тәп-тәтті

  1. Олар заттың несін білдіріп тұр? (заттың сынеын білдіріп тұр) сапасын

2-жаттығу. Жазбаша

1. Барлық оқушы оқиды

2. Әр топтан тақтаға 1 оқушы жазады

Күн қандай? Күн ашық.

Аспан қандай? Аспан көгілдір, ашық көк.

Жапырақтар қандай? Жапырақтар жабысқақ сары, жасыл, нәзік.

Сұрақ қою

Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады?

(ашық)

3-жаттығу. Үш топқа жұмбақ құрастыру.Ол үшін қиярдың белгілерін (түсі, түрі, дәмі) ата

Постермен жұмыс

Үш топ өздері жұмбақ құрап постерге жазады.

  1. Өзі ұзын, өзі жасыл

Бақшада өседі шошайып(қияр)

  1. Өзі жап-жасыл

Жазда піседі ол

Ол не? (қияр)

  1. Жаз болғанда көк қоянды

жеп қоям (қияр)




Топтық жұмыс жасайды қорғайды әрі бағалайды















Тақтамен жұмыс




Сұрақтарға жауап береді.

Әр топ бағалап отырады













Әр топ өздерінің жазғандарын оқиды.

Сұрақтарға жауап береді


Сергіту сәті

Ү. Кім жылдам? Ойыны

Үш топқа жылдың үш мезгілінің суретін беру. Қай топ тез, бірінші болып сөздерін жапсырса, сол жеңіске жетеді.

Қыс: ызғар, боранды суық, салқын көктем, Жаңбырлы, шуақты, жылы

Жаз: ыссы, ыстық


Әр топ тақтаға апарып жапсырады




І топқа

ІІ топқа







ІІІ топқа

ҮІ. Ой тоғаныс

5-жаттығу. Жазбаша. Өз беттерімен жұмыс

  1. Суретпен жұмыс. Суреттің

мазмұнына қарай сөйлемдерді ретімен жазады.

Оқушылар демалыс үйіне келді. Демалыс үйі қалың қарағайдың арасына орналасыпты. Жанында үлкен көлі бар. Көлдің жағасынада кішкене қайықтар тұр. Балалар қайыққа мініп серуендеп жүр.

Семантикалық карта беру

6-жаттығу. Ауызша

1 жидек аттарын табу. Сипаттама беру

1-топ қарақат, 2-топ- таңқурай,

3-топ-құлпынай, білгірген

Үш топқа сөйлемдерді бөліп жаздыру












Әр топ жидектерге сипаттама береді


ҮІІ. Аукцион ойыны

Бір зат есімге қатысты біпнеше сын есім тауып айту.

Бір затты саудаға с аламыз. Кімнің ақшасы көп болса, соған сатылады.

-Біз ақшамен емес, білімімізбен сатып аламыз. Ол үшін мына заттардың сындық белгісін көп айтса соған сатылады.

Көйлек-әдемі, кең, түсі қызыл

Үй- биік, кең, таза

Кола-сұйық, ішуге зиянды

ҮІІІ. Қорыту

-Балалар осы жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Көктемнің алғашқы қонағы нелер?

-Құстар

-Олар болса сабағымызды «құстарды қарсы алайық» ойынымен қорытындылаймыз

(құстардың артындағы сұрақтарға жауап беріп құстарды талдарға орналастыру)

  1. Сын есім дегеніміз не?

  2. Сын есімнің сұрақтарын ата?

  3. Сын есімге мысалдар келтір

  4. «Әдемі» сөзіне сөйлем құрап айт

ІХ. Бағалау

Әр топ өздерінің алған бағаларын айтады.

Кері байланыс. Стикерге жазып смайликке жапсыру.

Үйге: 4-жаттығу

























Сұрақтарға жауап береді




Әр топ өз бағасын айтады

Туркпенбаева Нурторе

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы

Е.Айшуақұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Электронка: nturkpenbaeva@mail.ru

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі