400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сын есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сын есім

Мақсаты:

Білімділік: сын есім туралы білімін тиянақтау; сӛйлемнен, мәтіннен сын есімді табу

дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сӛздік қорын молайту;

Дамытушылық: лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - ӛрісін, танымын

арттыру;

Тәрбиелік: ұлттық салт - дәстүрді насихаттау және оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау сабағы

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар.

Кӛрнекілігі: мазмұнды суреттер, слайдтар.

Құрал - жабдықтары: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі

Күннен, жерден нәр алған

Біз - ӛмірдің гүліміз.

Сәрсенбінің сәтінде

Сәтті болсын күніміз.

II. Кӛркем жазу

Қызыл, жасыл, шӛп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.

- Балалар, осы сӛздердің арасында қай сӛз сендерге таныс емес?

- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.

- Осы сӛздер қатарында қай сӛз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?

- «Шӛп» деген сӛз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.

III. Артығын тап

1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.

2. Дәмді, кӛже, тәтті, кӛңілді, әдемі.

3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.

IV. Терме диктант

- Наурыз қандай мереке?

- Наурыз қазақша жаңа күн дегенді білдіреді.

- 22 наурызда күн мен түн теңеледі.

- Наурыз кӛже жасалады.

- Наурыз кӛже 7 түрлі дәмнен жасалады.

- Наурызда ренжіскен адамдар бірін - бірі кешіреді.

Ӛлеңнен сын есімдерді ӛзіне қатысты зат есімдермен бірге теріп жазу

Ата - бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығыңа тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Дарқан дала, қарлы шың, байырғы мереке, ақ дастарқан.

- Осы сӛздердің ішінде туынды сын есім бар ма? Неліктен оларды туынды сын есім

дейміз?

- Себебі, олар жұрнақ арқылы жасалған.

V. Сурет бойынша жұмыс

Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сӛйлем арқылы айт.

1. Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.

2. Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.

3. Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.

Берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді деген қорытынды жасалады.

VI. «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны

Берілген әріптермен сӛйлем құрау, сӛйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны жӛн.

Мысалы, Әәәә - Әйгерім әдемі әңгелек әкелді.

Қққ, Ооо, Ссс, Ддд, Ттт, Еее, Жжж.

Ааа Ашулы арыстан ақырды. Бұл сӛйлемдегі сын есім қандай? Ашулы деген сӛзді

басқаша қалай айтуға болады?

ашулы арыстан - ызалы арыстан

- Мұндай сӛздерді қалай атайды? Мәндес сӛздер, яғни мағынасы бір - біріне жуық сӛздер

дейді.

- Олай болса, оқулықтағы 2 - жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сӛздер тауып, үлгі

бойынша жазайық.

Ашулы, ызалы; әдемі, сұлу; күшті, мықты; ақылды, білгір; мӛлдір, тұнық; үркек, қорқақ.

Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап, туынды екенін дәлелде.

Ашулы, ызалы, күшті, ақылды.

(Жұрнақ арқылы жасалған.)

VII. «Адасқан сӛздер» дидактикалық ойыны

Орны ауысқан сӛздерден сӛйлем құрап жаз, сын есімдерді тап, астын ирек сызықпен сыз.

4 3 1 2

1. Ӛсіп тұр, гүлдер, аулада, қызыл.

3 2 4 1

2. Балды, аю, ұнатады, қоңыр.

4 3 2 1

3. Озып келді, ат, жирен, бәйгеден.

2 3 4 1

4. Қалаларда, метро, болады, үлкен.

Екінші сӛйлемдегі сӛздердің байланысын сызбамен кӛрсет.

Ол үшін не істеу керек?

- Сӛйлемдегі сӛздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Аю не істейді? Аю ұнатады. Нені ұнатады? Балды ұнатады.

Қандай аю? Қоңыр аю.

VIII. «Жұмбақ зат» ойыны

Бұл ойынның шарты бойынша кӛсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сӛз

таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш

сӛйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.

Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.

- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол тӛртбұрышты. Онда 64 тор кӛз бар.

Терезе, дӛңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.

IX. Қорытындылау

Сын есім туралы не білеміз?

- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.

- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.

- Сын есім сӛйлемде зат есіммен байланысады.

- Сын есімнің негізгі, туынды түрлері бар.

- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.

X. Бағалау, мадақтауі.

XI. Үйге тапсырма

5 - жаттығу

1. Ӛлеңді оқу, сын есімдерді табу, қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықтау;

2. Абай Құнанбаев туралы мәлімет жинап келу.

Буын түрлері

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері

Сабақтың мақсаты:

1. Буын түрлерін меңгерте отырып, буынға дұрыс бӛлуге үйрету.

2. Оқушыларға ойындар арқылы жаңа сабақты түсіндіру. Тапқырлыққа, ойларын

ұшқырлыққа бейімдеу.

3. Мақал мәтелдер арқылы тіл құдіретін сезіне білуге, сӛздерді мейілінше дұрыс қолдана

білуге жетелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, талдау.

Сабақтың кӛрнекілігі: интертақта, слайдтар, кубик.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бӛлімі

2. Үй тапсырмасына шолу

3. Жаңа сабақты меңгерту.

4. Жаттығу жұмысы

5. Талдау ойындары арқылы меңгерту

6. Жаңа сабақты бекіту

7. Үйге тапсырма.

8. Бағалау

Үй тапсырмасына шолу

Буын дегеніміз не?

Буынның ерекшеліктері

Үйге берілген жаттығудың орындалысын тексеру

Жаңа сабақ

Буын түрлері:

Ашық буын - ( жалаң буын туралы қосымша түсінік беру)

Тұйық буын –

Бітеу буын –

Жаттығу жұмысы: 302 – Жаттығу

- Шарты: мәтінді оқып, танысып қалаған үш сӛзді буынға бӛліп, буын түрлеріне ажырату

- Ғажайыптарға — ға - жа -йып - тар – ға

- ға - ашық буын

- жа - ашық буын

- йып - бітеу буын

- тар - бітеу буын

- ға - ашық буын

Балалар, сабағымызды әрмен қарай жалғастырамыз. Енді мен сендерге үш ойын

ұсынамын. Олардың бірі

«дыбыс лақтыру» ойыны, екіншісі «бір сӛзбен атау»ойыны, үшіншісі «мың бір мақал

ойыны»

«Дыбыс лақтыру» ойыны

1 - ойын Мысалы: С, са - мал (са - ашық буын, мал - бітеу буын)

Ұ - Ұлықпан Ұ - лық – пан

О - Орынбек О -рын – бек

Ж - Жарасхан Жа - рас – хан

І - Інішек І - ні – шек

Е - Елемас Е - ле – мес

2 – ойын

«Бір сӛзбен ата»ойыны

Бармағын тістеу - ӛкіну Ӛ - кі – ну

Есімнен шығып кетті - ұмыттым Ұ - мыт – тым

Иттің ӛлген жері - алыс А – лыс

Кӛз аларту - жаратпау Жа - рат – пау

Құлақ етін жеу - қақсау Қақ – сау

Ат тонын ала қашу - мойындамау. Мо - йын - да – мау

«Мың бір мақал»ойыны

Балалар, мен сіздерге бір мақалдың басын кӛрсетемін, сіздер соны аяқтайсыңдар. Қош іске

кірісейік

Сыйлап берсең - суын іш.

Оқусыз білім жоқ – білімсіз күнің жоқ.

Саусақ бірікпей – ине ілікпейді

Екілікке кӛз жасыңды тӛккенше - бестікке теріңді тӛк.

Есті бола тырысқан,

Есер бала ұрысқан

Жаңа сабақты бекіту

Кубик шиыру арқылы жаңа сабақты меңгерген білімін тексеру

Ашық буын дегеніміз не?

Буын ерекшеліктеріне тоқтал

Тұйық буын дегеніміз не?

Бітеу буын дегеніміз не?

Буын дегеніміз не?

Жалаң буын дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Буын түрлері

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
636
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі