400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сын есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге қолдану үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: қазақ тілі қмж 6-сынып


Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Мұғалімнің аты-жөні: Айман А

Күні:

СЫНЫП: 6


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

Сын есімді толық түсіндіріп, басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету, оқушылардың өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, патриоттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтан күтілетін нәтиже:





Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Сын есіммен таныс. Мәтіннен сын есімдерді таба алады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Сын есімдерді зат есімдерден ажырата алады

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

Сын есімдерді еркін қолданып, мәтін құрай алады.

Тілдік мақсат:

Негізгі сөздер мен тіркестер: сын есім,

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер: менің ойымша, біздің ойымызша, біз келтірген дәлелдер

Ресурстар:

ОӘК материалдары,

Пәнаралық байланыс:

қазақ әдебиеті,

Алдыңғы оқу:

Зат есіммен таныс, оны басқа сөз таптарынан ажырата біледі.

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ


Оқушыларды түстер бойынша 3 топқа бөліп аламын.

1. Алғырлар

2.Тапқырлар

3. Ұшқырлар


ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ


«Миға шабуыл» әдісі.

1. Сөз таптары дегеніміз не?

2. Зат есім дегеніміз не?

3. Деректі зат есімге мысал келтір.

4. Дерексіз зат есім дегеніміз не?

«Миға шабуыл» әдісі.


ЖАҢА САБАҚ


Басталуы

















Ортасы




Тақтамен жұмыс

Мөлдірдің қалың әрі қызық кітабы бар.

Арман алып шаһар Алматыда оқиды.

«Артық білім кітапта». Оқулықпен жұмыс

115-жаттығу

Қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса

Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,

Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,

Ой желке, үңірейген болса сағақ.

Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,

Қабырғалы, жотасы болса күшті.

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,

Тояттаған бүркіттей салқы төсті

(Абай)

«Джигсо» әдісі арқылы топтарға «Кішкентай көрші» атты мәтін таратылды. Мәтінді өз топтарында оқып, талқылайды. Топ басшылар мәтін бөліктерін құрастырып, мазмұнымен толық танысып, оны ары қарай топпен бірігіп отырып, өз ойларымен аяқтайды.


















«Джигсо» әдісі

Соңы

Топтар зат есім мен сын есімді Венн диаграммасына салып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тауып, топбасшылары постер қорғауы керек.





Венн диаграммасы

САБАҚТЫ БЕКІТУ


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы «Сын есімдермен сырласайық» тақырыбында сын есімдерді қатыстырып, бір-біріңе жақсы пікірлер айтыңдар.


«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА





Сын есімдерді қатыстырып, «Табиғат суреттері» тақырыбына мәтін құрау


БАҒАЛАУ


Топ басшылары бағалайды


КЕРІ БАЙЛАНЫС



«Табыс ағашы» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын. Алмалардың түсін сабақты түсінгеніне қарай бояйды.

«Табыс ағашы» әдісі

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда топқа бөліп, топпен жұмыс жасаған уақыт жағынан тиімді болды.





Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

----





Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?



Басқа әдіс-тәсілдермен сабақты бұдан да қызықты өткізуге тырысамын.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі