жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын есім 3 сынып
|
Сабақ тақырыбы |
Сын есім |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу; 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. |
||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар жасай алады: •Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге, өз ойын дәлелдеуге және толық, жүйелі, түсінікті етіп айтуға, ойын жазбаша жеткізуге дағдыланады. Оқушылардың көбі жасай алады: • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады. Оқушылардың кейбірі жасай алады: • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
• Тыңдалған мəтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мəтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Оқушылар қазақ билер, ақын–жазушылары мен күйшілері жайлы мәліметпен таныса келе, мәтін мазмұнын түсінуге, болжам жасауға және пікір білдіруге дағдыланады. Сондай-ақ қатемен жұмыс жасауға үйреніп, каллиграфиялық жазу дағдысына төселеді. |
||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||||
|
Ресурстар |
Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б |
||||
|
Сабақтың барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. «Жалаулар» арқылы топқа бөлінеді. Оқушыларды қалаған жалауларын алып, 1,2,3 топтарға бөлініп отырады. 1-топ «Бақыт жалаулары» 2-топ «Арман жалаулары» 3-топ «Қуаныш жалаулары» Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Сұрақтар сандықшасы. ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер. Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
|||
|
Сабақтың ортасы |
3.3.3.1 (Ұ; Ж; Қ) Мәтінді түсініп оқу. 45-жаттығу. Мәтінді тыңдайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды. (МК; Ж; Қ) Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қою, жауап беру. «Интервью» стратегиясы бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді. (МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру. Мәтінде аты аталған адамдар туралы не білетіндерін айтып, әңгімелейді. Жамбыл Жабаев туралы білетін ақпараттарымен ой бөліседі. (Ө; Ұ; Қ) Дереккөздермен жұмыс. Сүйінбай туралы дереккөздерден ақпарат жинайды. Алған ақпараттарын сыныпта талқылап, ой бөліседі. (Ө; Ұ; Қ) Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қою. Сын есім туралы 2-сыныпта игерген білімдерін сұрақ-жауап әдісі арқылы еске түсіреді. Мысалы: – Сын есім дегеніміз не? – Сын есімдерге қандай сұрақтар қойылады? Мысалдар келтіреді. Оқушылар мәтіннен сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Белсенді оқу тапсырмалары. |
|||
|
Сабақтың соңы |
3.3.6.1 (МК; Ө; Ж; Қ) Мәтінді көркем жазу. Сын есімдерді тауып, астын сызу. 46-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Сын есімдерді тауып, астын сызады. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды. 3.2.6.1 (МК; Ө; Ұ; Қ) Мәтінді оқып, ат қою. Мәтіннің түрін ажырату. Сын есімдерді табу. 47-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қояды. Бұл мәтіннің қай түріне жататынын анықтайды. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олар қай заттың сынын білдіріп тұрғанын табады. 3.4.1.3 (МК; Т; Ө; Қ) Жасырынған сөзді тауып оқу. Шығармашылық үзіліс. 48-жаттығу. Торкөздерге фигураларға сай әріптерді қойып, өлеңнің атын оқиды. Шешуі: Алатау. Өлең үнтаспадан тыңдатылады. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) «Білім сандығы» кері байланыс.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады. |
|||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз |
Денсаулық сақтау технологиял ары. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылат ын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|
|||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген