400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сын есім 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: білімділік: сын есім туралы алған білім-дерін тиянақтау, пысықтау. дамытушылық: есте сақтау зейіндерін, байқағыштық қабілеттерін арттыру. тәрбиелік: сауатты, таза, әдемі жазуға төселдіру. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, ізденушілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 17.03.2017

Тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

білімділік: сын есім туралы алған білім-дерін тиянақтау, пысықтау.

дамытушылық:  есте сақтау зейіндерін, байқағыштық қабілеттерін арттыру.

тәрбиелік: сауатты, таза, әдемі жазуға төселдіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, ізденушілік.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың формасы: ұжымдық, жұптық, жеке дара

Көрнекі-құрал: қима-қағаздар, тест, кесте

 

Сабақтың барысы:

            І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Әдемі сөз білесің бе?» ойыны.

Мақсаты: Сын есімдерді қолданып, бір-біріне қандай екенін айтады.

Мысалы, Сен ең  әдемісің, сұлусың,  ақыл-дысың,  өнерлісің, сабырлысың, шыдам-дысың, төзімдісің, шыншылсың, көңілді-сің, үлкенсің, жігерлі, алғыр, қайсарлы, мықты, т.б.

            ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығу. 220-бет.  Не істейді, қайтеді? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің бірнешеуін қойып жазу.

            ІІІ.  Мақсат қою кезеңі

Кім жылдам? Кестені толтырады.

түсі

Түрі

Көлемі

Ақ

қара

сары

әдемі

қисық көз


Кең

Тар

жуан

өлшемі

Дәмі

сапасы

Ұзын

Аласа

Зәулім

Тәтті

Ащы

Қышқыл

Ақылды

өнерлі

мықты

  • Бүгін біз қандай тақырыпты

есімізге түсіреміз?

  • Сын есім туралы не білеміз?

      —     Ол қандай сұрақтарға жауап бе-реді.

2.Мына сөздерден сын есім жасауға бола ма?

            —Ол үшін не істеуіміз керек?

Біл, тап, жүз, өнер, ақыл, білім,  т.б.

ІҮ. Жаңа сабақ

  1. 1-жаттығу. (ауызша) Өлеңді дауыс ыр-ғағын сақтап оқыту. Сын есімдерді тапқы-зу. Сын есімдер қандай сөзбен байланысып тұрғанын айту, дәлелдеу.

  2. 3-жаттығу. (жазбаша) Мәтінді оқыту. Мазмұнын сұрау. Мәтіннен сын есімдері бар сөйлемдерді көшіріп жазғызу. (сын есімдерді ажырата білу) Үлкендер дұрыс істеді ме? Осындай жағдай сенің басыңнан өтсе, сен не істер едің?

Сергіту сәті.

  1. І топ. Дыбыстық талдау.

«Қоңыр»

ІІ топ. Мына мәтінді сөз таптарына талдаңдар. (ауызша)  «Қозы»

Қыс. Әжем үйге жаңа туған қозыны алып кірді. Қара қой өзінен айнымай қал-ған төбесі ақ қошақан туыпты.

-Қорада тоңып қалыпты, бойын жы-лытсын,- деді әжесі.

Інім қозыны қызықтап жанында бі-раз отырды.

  • Тырбиған неме, қашан мал болады екен, -деді әжем кейін.

  • Ой, әже ол мал емес, үлкейгенде қой болады ғой,- деді інім. Әжем күлді.

  1. Терме диктант (Сын есімдерді теріп жазу)

            Мақал-мәтелдер

1) Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала.

2) Кекшіл болма,

Көпшіл бол.

3) Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

4) Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

5) Еңбексіз өмір

Сөнген көмір.

Қатемен жұмыс

Дұрыс жауаптарын тексеру.

Әдепті, әдепсіз, кекшіл, көпшіл, өнерлі, өнерсіз, білекті, білімді, еңбексіз.

            Ү. Бекіту. Тест арқылы білімдерін тексеру.

1.Сын есімнің сұрақтарын тап.

а) қандай? Қай?

б) не істеді?

в) қайтті?

г) кім? не?

2.Сын есім нені білдіреді?

а) заттың санын

б) заттың түрін, түсін, сапасын

в) заттың атын

г) заттың қимылын, іс-әрекетін

3.Сын есімді көрсет.

а) қалың

б) киім

в) көрпе

г) биле

4.Қандай? сұрағына жауап беретін сөзді тап.

а) аппақ

б) алты

в) келді

г) оқушы

5.Биік сөзіне қарсы мағыналы сын есімді тап.

а) ыстық

б) жуас

в) аласа

г) зәулім

6.Мәтінді көрсет.

а) Оқушы отырды.

б) Оқушы отырды. Машина жүрді.

в) Балалар баққа келді. Бұта түбінен қоян-ды көрді. Олар қоянды ұстап алмақ болды. Қоян зып берді.

7.Түбір мен қосымшаға жазылған реттік сан есімді тап.

а) сексен             б) оныншы        в) он екі

  1. Алпыс қандай сұрақ қойылады?

а) нешінші?

б) неше?

в) қай?

9.Нешінші? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.

а) жеті

б) жетінші

в) жетпіс жеті

10.— ыншы жұрнағы қай сөзге лайықты?

а) алты         б)елу         в) сегіз      г) тоғыз

 




Тест жауаптары

  1. а

  2. б

  3. а

  4. а

  5. в

  6. в

  7. б

  8. б

  9. б

  10. г

ҮІ. Бағалау. Жұп бір-бірін бағалайды.

ҮІІ. Үй тапсырмасы.

            «Досымның портреті» сын есімдер-ді қолданып шағын мінездеме және обра-зын жазу.










































Талдау

Күні: 17.03.2017

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Сын есім

Мақсаты:

1. сын есім туралы алған білім-дерін тиянақтау, пысықтау.

2. есте сақтау зейіндерін, байқағыштық қабілеттерін арттыру.

3. сауатты, таза, әдемі жазуға төселдіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру,талдау

Сабақты оқыту формасы: ұжымдық, жұптық, жеке дара

Қажетті құралдар: тест сұрақтары, қима қағаздар


    1. Сабаққа 25 оқушы қатысты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, топпен, жұппен тиянақты жұмыс жасады. Сабаққа деген қызығушылықтары арта түсті.


    1. Сабақ 7 кезеңнен тұрады.

1 .Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Мақсат қою кезеңі

4.Жаңа сабақ

5.Бекіту

6.Үйге тапсырма

7.Бағалау


    1. Ұйымдастыру кезеңі амандасумен басталып, психологиялық дайындықпен өрбіді. Оқушылардан үй тапсырмасы сұралды. Мақсат қою кезеңінде, жаңа сабақты хабарлау үшін, оқушылар кестені толтырды.Кесте толтырылғаннан кейін оқушылармен сұрақ-жауап жүрді. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сергіту сәті, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыстар болды. Дәптермен жұмыс барысында оқушыларға терме диктант, топпен жұмыс түрлері болды. Жаңа сабақты бекіту мақсатында, оқушыларға бүгінгі сабақ бойынша тест сұрақтары берілді. Оқушыларға үй тапсырмасы беріліп, оқушылар бағаланды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі