400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сын есім, оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сын есім, оның түрлері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сын есім, оның түрлері

Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, асыл – мұра, әсем ән, жақсы кітап, қызық әңгіме т.б.

Сын есім қолданыста заттық мағынаны да білдіре алады, ол сын есімнің заттануы деп аталады.

Сын есім сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметін атқарады: Кәрі ағаш иілмейді. Жаңа сыпырғыш жақсы сыпырады. Қисықтың көлеңкесі де қисық.

Заттанған сын есім сөйлемнің барлық мүшесі бола береді: үлкенді сыйла, жақсыдан үлгі ал т.б.

Сын есім мағынасына қарай сапа және қатыстық сын есім болып бөлінеді: Сапа сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.

Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы (жер), қамысты (көл), жазғы (самал), бөрікті (адам), бойшаң (жігіт) т.б.

Негізгі және туынды түбір сын есімдер

Негізгі түбір сын есімдер деп құрамы бөлшектеуге келмейтін негізгі түбір сөз арқылы заттың сындық белгісін білдіретін сөздер аталады: қоңыр, сары, қара, семіз, сұр, аласа, жылы, ірі, кіші, жұқа, қалың т.б.

Туынды түбір сын есімдер деп сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған сөздер аталады: ойлы, күлкішіл, таудай, сырлас (адам), сөзшең т.б.

Дара және күрделі сын есімдер

Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық мағыналы сөздер аталады: әдемі, жақсы, күлкішіл, ұзын, қоңыр, таңғы т.б.

Күрделі сын есімдер деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды т.б.

Күрделі сынның жасалу жолдары:

  1. Сапа сындарының бір-бірімен тіркесуі арқылы күрделі сын жасалады: қызыл ала,қоңыр күрең,қара сұр, қара көк , көк алат.б.

  2. Сапа сыны мен қатыстықсынның тіркесуі арқылы жасалады: қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті(қыздар) т. Б.

  3. Есім сөз бен қатыстық сын есімнің тіркесіарқылы жасалады: түлкі тымақты (кісі), қос ішекті( домбыра), былғары етікті (жігіт), қасқыр ішікті(азамат) т б.

  4. Қатыстық сын менқатыстық сынның тіркесі арқылыкүрделі сын есім жасалады: қазақы мінезді (жігіт), толықша денелі(әйел), сәнді киімді(қыз), өткір көзді)жігіт), сапалы білімді(азамат) т. Б.

Сын есімдердің қосарлануы арқылы күрделі сын есім жасалады: үлкен-үлкен, жақсылы- жаманды, үлкен-кіші.

Сын есімнің шырайлары

Сын есімніњ 4 түрлі шырайы бар: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.

  1. Жай шырай – заттыњ жай ќалыпты түрін, түсін, сапасын, салмаѓын, көлемін білдіретін сын есімдер. Мысалы, биік, жаќсы, аќылды, өнімді.

Жасалу жолы: ешбір ќосымшасыз түбір жѕне туынды сын есімдердіњ өзінен жасалады.

  1. Салыстырмалы шырай – бір заттыњ сындыќ белгісін екінші затпен салыстырѓанда кем не артыќ екенін білдіретін шырайдыњ түрі.

Жұрнаќтары: 1) –ыраќ, -ірек, -раќ, -рек: 2) –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: 3) –ќыл, -ѓыл, -ќылт, -ѓылт, -ѓылтым, -тым, -шыл, -шіл, -ќай, -ањ, -шылтым, -шілтім, -ѓыш, -ілдір, -ша, -ше, -ќай.

Мыс: 1) ауырыраќ, жаќсыраќ, кішірек: 2) ќызылдау, жылылау, кішілеу: 3) аќшыл, көгілдір, бозањ, ќоњырќай, ұзынша, сарѓыш, ќышќылтым:

  1. Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындыќ белгініњ бір нәрседен өте артыќ не өте кем екенін білдіретін шырайдыњ түрі. Мысалы, сап-сары, жап-жарыќ

Жасалу жолы: негізгі сын есімдердіњ алдынан күшейткіш буынныњ ќосарлануы арќылы жасалады.

  1. Асырмалы шырай – белгілі бір сындыќ белгініњ бір нәрседен аса артыќ не аса кем екенін білдіретін шырайдыњ түрі. Мысалы: өте жарыќ, тым ауыр

Жасалу жолы: сын есімніњ алдынан күшейткіш үстеулердіњ (тым, өте, ењ, наѓыз, орасан, кілењ, аса т.б.) тіркесіп келуі арќылы жасалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
1347
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі