400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сын есім" тақырыбына сабақ жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп

Күні

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 4 сынып

Барлығы : 14

Қатысқандар: 14

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сын есім ережесі мен сұрағын білу.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сөз арасынан сын есім сөзін сұрақ қойып, таба білу.

Кейбір оқушылар:

Зат есімді сын есіммен байланыстыра білу.

Тілдік мақсат

Оқушылар: сөздерді танып білу, ажырату , сөздерді сұрақ қойып, талдай білу.

Негізгі сөздер мен тіркестер: сын есім ережесі, сұрақтары және сөздері.

Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер: Сұрақ-жауап. Сөздерді іштен қайталап отырып, қатесіз көркем жазу.

Талдауға арналған тармақтар : Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып айту.

Сіз неліктен ......екенін айта аласыз ба? Әр оқушы өз шығармашылыған әр түрлі көрсетіп, талдау жүргізеді.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Сөздерді қатесіз, көркем, таза жазу.

Алдыңғы оқу

Сыныпта ынтымақтастың ахуал қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. Алдыңғы тақырыпты еске түсіру,талқылау. Жаңа сабақ бойынша түсінік қалыптастыру. Жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтау. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Ресурстар/көрнекі құралдар

Кесте. Тест. АКТ. Электрондық оқулық. Бағалау парақшасы.

Жоспар

Сын есім сөздері мен сұрақтарын танып, білуді меңгерту. Сөздерге сұрақ қойып сын есім сөзі екенін дәлелдеуге үйрету. Сын есім сөздерін қатыстырып, мағыналы сөйлем құрауға төселдіру. Көркем жазуға дағдыландыру.

Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин )


Оқушыларды түгелдеу, кезекшімен диалог құру, «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы ынтымақтастық ахуал қалыптастыру. Бағалау парақшасы таратылады.


Орындалатын тапсырмалар

Ұпай саны

Жиын тық баға

Оқушының аты-жөні

Үй таппсырмасын пысықтау

Жаға сабақты пысықтау

413-жаттығу

415-жаттығу

Шығармышылық тапсырма















Бағалау нормасы тақтаға ілінеді.

Барлығы дұрыс-«10»

1,2 қате-«9»

3,4 қате –«8»

5 және одан көп қате-«7»

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы ынтымақтастық ахуал қалыптастырады. Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Сабаққа керек құралдарын дайындап, сабаққа назар аударады.


Ортасы

Үй тапсырмасын сұрау (5 мин )

















































Жаңа сабақ

( 10 мин)







Жаңа сабақты пысықтау

( 20 мин)



І «Білу»

1.Үйге берілген жазба жұмысының орындалуын тексеру.

«Тест» әдісі арқылы етістіктен алған білімдерін еске түсіру.(3мин) Тест жауаптары уақыт аяқталғаннан кейін тақтаға ілінеді. Оқушылар сол жауаптармен өз жауаптарын сәйкестендіріп тексереді.

Критерий арқылы бағалау

5- «10»

4- «9»

3- «8»

2,1- «7»

І нұсқа

1. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап
а) компьютер ә) оқыды б) жиырма
2. Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап береді?
а) кім? кімдер? не? нелер?
ә) қандай? қай?
б) не істеді? неғылды? қайтті?
3. Не істеді? Сұрағына жауап беретін сөзді тап
а) жазды ә) жеті б) жұмсақ
4. Қимылды білдіретін сөзді тап
а) жаттады ә) ауа б) қатты
5. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тауып белгіле
Сәуле гүлге су …
а) алды ә) берді б) құйды


ІІ нұсқа

1. Сөйлемді аяқта, тиісті сөзді тап
Оқушылар сабаққа …
а) ойнады ә) жүрді б) дайындалды
2. Заттың сынын білдіретін сөзді тап
а) мемлекет ә) көркем б) үйретті
3. Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұраққа
жауап береді
а) кім? кімдер? нелер?
ә) не істеді? қайтті? неғылды?
б) қандай? қай?
4. Қандай? сөзіне жауап беретін сөзді тап
а) сүйкімді ә) балапан б) берді
5. Қай? Сөзіне жауап беретін сөзді тап
а) кешкі ә) телефон б) он бес


ІІ «Түсіну»

Жаңа сабақтың тақырыбын «Сөз жұмбақ» шешу арқылы ашып, мақсатымен таныстыру.

1.Онның жартысы.

2.70+21 қандай өрнек

3.Жоқ сан не деп аталады

4.Қасиетті сан

5. 9 санының кіші көршісі

6. Бірліктердің ең кішісі

7. Сұйық заттар немен өлшенеді


1.Жаңа сабақ бойынша кестемен түсінік беру. Мысалдар келтіру.

2. Электрондық оқулық арқылы сын есім жайлы ғылыми тұрғыда түсінік беру. ІІІ. «Қолдану»

413-жыттығу. Дәптермен жұмыс.

Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу.

Тақта, көше, жылқы, кесе.


ІV «Талдау»

Жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Мен ұнатқан жеміс ...» тақырыбында ойын ойнату.

Ойынның шарты: әр оқушы тақтада ілінген жемістер ішінен біреуін таңдап алады. Сол жемістің бірнеше сынын айтып береді.

Затың түсін, сапасын, пішінін, дәмін айту керек.

V. «Жинақтау»

Шығармашылық тапсырма.

Әдемі, көк, тәтті, сопақша сын есім сөздерін қатыстырып сөйлем құрау

Сергіту сәті.

415-жаттығу. Өзіндік жұмыс

Ребус шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып, сөйлем құрау.

,,, ,,

Жауабы: Түзу


«Тест» әдісі арқылы етістіктен алған білімдерін көрсетеді.


















































Жаңа сабақпен танысады, түсінік алады.















«Мен ұнатқан жеміс» ойынын ойнау арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін көрсетеді.















Жаңа сабақтан алған білімдерін жаттығуларды орындау арқылы көрсетеді


Бойларын сергітеді.

орындайды.

Өзіндік жұмыс тапсырмасын орындайды







Шығармашылық жұмысты орындайды.

Аяқталуы

Жаңа сабақты қорытындылау

(2 мин)





Қортынды баға

(2 мин)






Үй тапсырмасын беру ( 1 мин )

VІ. «Баға беру»

Сабақтың өтілу барысына стикерлерді смайликтерге жапсырмалау арқылы рефлекция жасату.

Өте қызық қызық көңілсіз

Оқушылардың көрсеткен білімі мен белсенділігіне байланысты қорытынды бағаны журналға түсіру.

50-48 ұпай – «5»

47-45 ұпай – «4»

44-40 ұпай- «3»

39-30 ұпай- «2»


416-жаттығу. 148 бет

Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді







Өзін-өзі бағалау





Берілген тапсырмаларды күнделіктеріне түсіру.

Қосымша ақпарат: Сабақта белсенділік танытып, білімін жан- жақты көрсетуді ескерту.

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ –мен байланыс Құндылықтарды

Анықтау

С деңгейлі оқушыларға жеңілдетілген тапсырмалар беру.

Қабілетті оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру.

Бағалау парақшасына өзін-өзі бағалау.

Математика

Қауіпсіздік ереже-

сімен таныстыру.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?


Сабақтың өтілу барысы шынайы. Бүгінгі сабақта оқушылар сын есімнің ережесін, сұрақтарын, сөздерін танып, білді. Сабақтағы сынып оқушыларынның сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі өте жақсы болды. Сабақ бойынша құрған жоспарым оқушыларымның жас ерекшелігі мен деңгейіне қарай тиімді болғанын байқадым. Оны С деңгейлі оқушыларымның қызыға тапсырмаларды орындап, уақытқа бағынып жұмыс жасағанынан байқадым. Сабақтың өтілу барысында жоспарыма өзгертулермен түзетулер ендірілген жоқ. Себебі барлық оқушыларыма тапсырмалар қызықты, әрі түсінікті болды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)

1: Жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

2: Бір зат есімге бірнеше сын есім сөзін тіркестіріп жазу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)

1:«Тест » әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

2: Критерий бойынша әр кезеңді оқушылар бағалау парақшасына бағалау.

Сабақ барсында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағым жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақта оқушыларға оңай тапсырмадан күрделі тапсырмаға сатылап көтеріліп беруді және сабақтың әр кезеңін критерий бойынша бағалап отыруды білдім.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 наурыз
1027
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі