жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын есім түрлері
Сын есім (3-сынып)
Сабақтың мақсаты:
1. Сын есім туралы толық білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоя білуге
баулу;
2. Шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздылық қасиеттерін қалыптастыру;
3. Өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың көз-қарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд түрлері, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың барысы:
Ι Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Менің
ойым –мейірімді,
Менің жүрегім
–мейірімді,
Мен – мейірімді
адаммын!
ΙΙ Қызығушылықты ояту. Өткен материалды қайталау.
Әр оқушы тақтадағы сандарды таңдайды. Сол сандардың артында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар бар.
ΙΙΙ Мағынаны тану. Жаңа сабақ
Зат есімдердің алдына олардың сынын білдіретін сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар:(Осы тапсырманы орындау арқылы сын есімнің ережесін шығарып аламыз)
Сын есім Зат есім
аспан
қалам
көйлек
алма
көл
Кітаппен жұмыс:
370-жаттығу. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.
Апай, әкелді, үлкен, жәшік. Біз, көк, сырмен, жәшікті, сырладық. Алдына, терезенің, қойдық, жәшікті, сырладық. Алдына, терезенің, қойдық, жәшікті. Ішіне, оның, отырғыздық, гүл.
“Жалғастыр ойыны”
Жуас ..., қысқа ..., биік..., аласа..., тәтті ..., терең ..., қою ..., ақ ..., жылы ..., қара... , әдемі... .
“Кім жылдам жауап береді?”
Қант қандай болады? (...)
Бұрыш қандай болады? (...)
Қандай бала қуаныш? (...)
Қардың түсі қандай? (...)
Балапанның түсі қандай? (...)
Төмендегі сөздерге қарама-қарсы сөздер қойыңдар:
биік - ... жуан - ...
арзан- ... ыстық -...
қою - ... жаман- ...
тұщы- ... алыс - ...
қысқа- ... қара -...
«Адасқан
сөздер» дидактикалық ойыны
Орны
ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз, сын
есімдерді тап, астын ирек сызықпен
сыз.
4 3 1 2
1. Өсіп тұр, гүлдер, аулада,
қызыл.
3 2 4 1
2. Балды, аю, ұнатады,
қоңыр.
4 3 2 1
3. Озып келді, ат, жирен,
бәйгеден.
2 3 4 1
4. Қалаларда, метро,
болады, үлкен.
ΙV. Бекіту. Сабақты тест сұрақтары арқылы бекітемін.
Тест сұрақтары
1.
Заттың сынын білдіретін сөз табы
А)
сын есім
Ә) сан есім
Б) зат есім
2.
Сын есімнің сұрақтары қандай?
А) Кім?
Не?
Ә) Қандай? Қай?
Б)
Неше? Қанша? Нешінші?
3. Мына сөзден
сын есімді тап?
А) бес ешкі
Ә) қызыл
алма
Б) бала ойнады
4. «Жақсы» сөзіне
қарама-қарсы сөзді тап?
А) жуан
Ә)ақ
Б) жаман
V. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағаланады.
VΙ.
Үйге
тапсырма беру.
374-жаттығу.
Мақалды көшіріп жазып, Сын есімді
табыңдар.
Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есім. Сабақтың мақсаты: 1.
Білімділік: Сан есімнен алған білім
дағдыларын кеңейту, сан есімнің
құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен
дара, күрделі сан есімдерді таба
білуге үйрету; Сабақтың барысы: . Ұйымдастыру Оқушылардың сабаққа қатысуымен дайындығын, оқу-құралдарының түгелдігін тексеру. . Үй жұмысын тексеру Суретке қарап әңгіме құрап дара және күрделі сын есімді табу. . Қызығушылықты ояту. Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Бұл қай сөз табы? (Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы шығады.) Ережені
түсіндіру.Төмендегі
сан есімдерді дара, күрделі түрлеріне
топтап, сөзбен жаз. Оқулықпен жұмыс 1.Сөйлемдерді оқыту 2. Сөйлемдерді тақтада жазып, ішінен сан есімдерді тауып сұрақ қою. № 1 слайд Ребус шешу: Жауабы: Сан есім №2 слайд « Ой толғау» Киелі сандар жайлы не білесің? 3, 7, 9-сандары 7 саны жайлы не білесің? 7 ата, 7 қазына, 7 жұт, 7 ғайып №3 слайд Сиқырлы бес жұлдыз ойыны 11,63,27,189,640. Сандарын сөзбен жазып, осы сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. №4 слайд Жұмбақтар шешу
№5 слайд «Теңге алу» ойыны Ең мағыналы сөйлем құраған бала 1 алтын теңге алады. 10, 55, 200, 1991,2011, 2014. Қорытынды Тест тапсырмасын орындатып жұптарымен алмасып тексеру
а) қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше? 2. Сан есім . . . болып бөлінеді а) есептік, реттік, қатарлық ә) қатарлық, кезектік б) есептік, реттік 3. Есептік сан есімді көрсетіңдер: а) бес ә) бесінші б) он екінші 4. Күрделі сан есімді көрсетіңдер а) бес-алты ә) елу бес, сексен екі б) қырық, елу, жүз 5. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар . . . рет өлшеп, . . . рет кес. а) бір, бес ә) жеті, бір б) бір, көп Үйге тапсырма: Ережені қайталау. Сандарды сөзбен жазып, сөйлем құрау. Бағалау |
СҚО Айыртау ауданы
Имантау орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Утениязова Айзада Берсайдовна
Сауат ашу (1-сынып)
Сабақ тақырыбы: П дыбысы мен әрпі
Сабақ мақсаты:
Білімділік: П дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Жаңа сөздер үйрету.Сөздерге дыбыстық , буындық талдау жасату.
Дамытушылық: Буындарды оқыту арқылы жаңа сөздер құрастыруға және сол сөздерден сөйлем құрауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд,
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
2.Үй жұмысын тексеру:
«Т» әрпінен басталатын сөздер айту.
3.Жаңа сабақ: Жұмбақ шешу.
Қорықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
Піл сөзі қандай әріптен басталған? (П,П,П.) П дыбысы айтылғанда кедергіге ұшырайды, сондықтан да «П» әрпі дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді.
-Қане айтып көрейікші П, п, п.
-П әрпі гене ұқсайды?
Футбол алаңына барайық,
Қақпасына қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп (П)
-П әрпі үш элнметтен тұрады.
4. Суретке қараңдар. Сөздерді мұқият тыңдаңдар. П әрпі сөздің қай буынында тұр.
Пияз, пальма, пышақ, пальто, панама, пима, перде, парта, поезд, пингвин, кірпі,кітап.
5. Сыңарын тап ойыны. Мына буындардан сөз құрастырыңдар:
Дәп те нек рек кі өр тер тап.
6.Оқулықпен жұмыс:
Әліппе кітабындағы сөздерді оқыту.
П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады:
Доп-добы, көп-көбі, тап-табу
Топ-тобы, шөп-шөбі шап-шабу
7.Сурет
Берілген суреттерді атап, атауында «п», «б» дыбыстары бар суреттерді тиісті әріптердің астына жинаймыз.
Кірпі, бақа, доп, кітап, бөрік, піл, балық, көбелек.
8.Дәптермен жұмыс:
П әрпін жазып үйренейік. Мұқият тыңдаңдар. Үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қолымызды қойып, төмен қарай түзу көлбеу жүргіземіз де астыңғы сызыққа жете бере солға қарай астыңғы сызыққа тигізе ілгек жасаймыз. Бастапқы нүктеден оңға қарай тағы да қаламыңды қойып түзу жүргіземіз де астыңғы сызыққа тигізе отырып, оңға қарай ілмек жасаймыз. Сосын солдан оңға қарай қалпақ кигіземіз.Кіші п әрпін былай жазамыз: Жазу жолының үстіңгі сызықтың астына қолымызды қойып төменгі сызыққа жеткізіп, доға сызық жасап, жоғары сызыққа қарай жүріп төменгі сызыққа тигізіп ілмек жааймыз.
(Слайдта көрсетілген. Бірінші мұқият көріп алады)
Үлгі дәптердегі п әрпін жазғызу.
-ауада жазғызу
- тақтаға жазғызу
-дәптерге жазғызу
9.Сергіту сәті:
Жаздық, жаздық, жаздық біз,
Шаршап қалды қолымыз.
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.
10. «Сырлы сандық» ойыны.
Әр бір суреттердің атауынан п дыбысын тап. П дыбысы қай буында тұрғанын тауып, мына сандықшаларға орналастырыңдар.
Балапан, доп, піл, апа, кітап, парта, арпа, тапа, әліппе, перамида, Париж.
П..... .....П.... ......П....
11.Ой толғаныс. Біз не білдік?
( Балалар сабақтан көргендерін және қандай әріп өткендерін айтады).
Сабақты қорытындылау.
1. Бүгін қандай әріппен таныстық?
2.Суретке мұқият қараңдар. Атауында п дыбысы бар сөздерді көрсетіңдер.
3.П дыбысы қай киіз үйге кіреді? Неліктен?
13.Үйге тапсырма: 36-37 бет оқу, п әрпін жазу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген