15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сын есімнің жасалуы
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма
еш нәрсе үйретпеймін –
тек қана олардың оқуы
үшін жағдай жаратамын»
Альберт
Эйнштейн
«Дене шынықтыру сабақтарында жеке жұмыс жасау арқылы, оқушылардың спорттық шеберліктерінің артуына ықпал ету» тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімі Баймуканов Азамат Танатовичтің шығармашылық есебі
Менің еңбек өтілімім 26 жыл. Ұстаздық жолымның бірінші сәтінен мен, дене шынықтыру сабағы басқа пәндермен қатар оқушынының пәнге деген қызығушылығын арттыруда , қозғалыс элементтерін үйретуде, спорттық ойындарға еліктетуде жеке жұмыс жасауды талап ететін пән екенін түсіне білдім. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бейімділігін анықтап, қалыптастыру мақсатында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманға сай педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді зерттеп, кәсіби әрекетінде қолдандым. Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында ,оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауда дене шынықтыру сабақтарында құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды құрастырып, енгізе бастауым сабақта барлық сыныппен және де жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сабақтарда жеке, жұптық топтық жұмыстар арқылы белсенді тәсілдер қолданылады. Жеке жұмыс әр баланың дамуына максимальды мүмкіндік береді. Әр оқушы үшін табыс критериилерін негіздеу, мадақтау, қолдау арқылы қателерін тауып, түзете отырып , баланың спорт ойындарына деген көзқарасын оңтайлы қалыптастыру, жақсы спорттық нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіне бағыттау арқылы мұғалім оқушыға сабақтардың қажеттілігін түсіндіре алады. Сол себепті сабақта және сабақтан тыс спортпен шұғылдана отыра әр оқушы салауатты өмір салтын сақтау, бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулығын нығайту негіздерін ұғады. Мақсатым оқыту мен тәрбиелеуде оқушылармен жеке жұмыс жасай отыра, спорттық шеберлікті арттыру. Міндеттерім: оқушылардың денсаулықтарын нығайту; әр оқушы үшін мақсимальды даму мүмкіндіктерін дамыту; дене шынықтыру сабақтары , спортпен жаппай қатысуға еліктету; Негізгі идеям оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отыра, жан-жақты спортпен айналысуға мүмкіндік жасау, сабақта және сабақтан тыс жеке жұмыс жасау барысында аудандық, облыстық іс-шараларда қатысып, физикалық дайындық деңгейлерінің нәтижесін көтеру.
«Мемлекет басшысы халыққа жолдауларында кезекті рет салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттігі мен маңыздылын атап өтті. Денсаулығы мықты ұлт қана 21 ғасырда бәсекеге қабілетті бола алады» ,«Еліміздің әрбір азаматының денсаулығы – бұл республикамыздың жетістігі» деген. Сондай- ақ «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Салауатты өмір салты негіздері, жеке тұлғаның әлеуметтік рухани құндылықтар санасы мектепте оқу кезінде қалыптаса бастайды. Мектеп қабырғасында әр оқушыға жоғары жетістіктерге жетуге жол ашу, жақсы қойылған, жоспарланған жұмыс нәтижесінде деп айтар едім. Мен үшін жеке жұмыс ол ең алдымен: - оқушы тұлғасын зерттеу; -барлық оқушылардың физикалық дамуына жағдай жасау; - әр оқушының қабілетіне сай спорт түрін таңдау; - дайындық деңгейіне сәйкес әдістемелік тұрғыдан сабақтарды әзірлеу; Бүгінгі таңда мектебімізде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған: спортзал, тренажер залы, спорт алаңы, қысқы уақытта мұзайдын. Бұның бәрі дене шынықтыру сабақтарын, спорттық секцияларды түрлендіріп өткізуге, дайындық жаттығуларын шығармашылықпен қарастыруға, жеке жұмысты әр оқушының қажеттілігіне сай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесін медицинадан бөлек қарау мүмкін емес, сондықтан мен әр оқушының медициналық карточкасын, жеке қабілеттерін, дәрігерлердің ұсынысын мұқият зерттей отыра дайындық жаттығуларының жүктемесін әзірлеймін. Босатылған, уақытша босатылған оқушыларға көңіл бөлемін. Жүктемелерді дұрыс бөлу -оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс, саралап оқытуда балаларға тапсырмаларды қиындығымен және көлемі жағынан деңгейлеп әзірлеу болып келеді. Кей жағдайда оқушылар өздері тапсырмаларды өз қажеттіліктерімен, дайындық деңгейлеріне, мүмкіндіктеріне сай таңдайды. Әр оқушыны өз мүмкіндігіне сай үйретуге тырысамын. Бұл оқу процесін тиімді етеді. Оқушылардың дайындығын бағалауда негізге жоғарғы көрсеткішті ескере отыра, олардың өсу динамикасына аса көңіл бөлу қажет деп білемін. Жеке жетістіктердің маңыздылығын атап өтемін. Өз іс-тәжірбиемнің нәтижесін бірнеше жылғы мониторингтен байқауға болады. Менің оқушыларым дене шынықтыру, спорттық іс-шараларға белсене қатыса отыра көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Облыстық «Ақбозат-2015», «Ақбозат-2016» шахмат турнирінен мектеп командасы 1-орын, «Тоғызқұмалақ» , «Бестас» қыздар командасы аудан бойынша 1-орын.

О
блыстық «Мен
-жеңімпаз» спорттық ойынынан аудан бойынша 1-орын, облыста
қатысушылар. Грек рим күресінен облыс көлемінде мектеп оқушылары
жеңімпаз атанып отыр. Күрес «Грек-Рим»Ресей
Федерациясының Петухова қаласындағы
Халықаралық турнирі Асылбаев Батыр -II
орын
«
Баскетбол» ойынан ұлдар
командасы аудан бойынша чемпион
атанды.

«
Волейбол» спорттық
ойынан қыздар командасы аймақтық ойында жеңімпаз
атанды.
«
Футбол» спорттық ойынан
Кубок «Колоса» жарысында мектептің ұлдар командасы 1-орын
иеленді.
Мектеп оқушылары аудан құрама командасына кіріп, облыс көлемінде ұйымдастырылған жарыстардың қатысушылары. Оқушылардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында жылда мектеп бойынша турияда ұйымдастырылады.

Бұның бәрі тынымсыз еңбектің, әр оқушының қажеттілігін, қызығушылығын ескерудің, мүмкіндіктерді толыққанды пайдаланудың нәтижесі деп білемін. Қорыта келгенде, әр баламен жүргізілген жеке жұмыс, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына, өзіндік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Жеке жұмыс жоғары нәтижеге қол жеткізуге, әр баланың табысына, жетістіктеріне негізделіп ұйымдастырылса , онда сөзсіз баланың спорттық шеберліктерінің артуы болады. Әр балада қабілет бар, мұғалім тек соны анықтап, әрі дамыта білуі тиіс. Егер оқушымен жеке жұмыс істей отыра мұғалім, оқушымен сенімді қарым-қатынас құрып, қиыншылықтарды жеңу жолдарын іздеуде , жеке мүмкіндігімен қабілетін ескеретіп, баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, оқушыларды биіктен корсету жолында аянбай тер төгетін болса, міндетті түрде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізеді деп білемін .

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген