Тақырып бойынша 18 материал табылды

Сын есімнің шырайлары, 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне, сонымен қатар осы ақпаратты керек ететін басқа да адамдарға көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

18.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні:

Бүркітбаева А.

Сынып:

5-сынып

Қатысқандар/қатыспағандар:


Пәні:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Көлік түрлері. Сын есімнің шырайлары

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

5.Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау;

5.ӘТН4. Сын есімдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы орындай алады:

мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді, шырай туралы жалпы ақпаратты түсінеді;

Оқушылардың көбісі орындай алады:  

өзіндік пікір қалыптастырып, өмірмен байланыстыра талдайды, шырайларды ажырата алады;

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады: 

өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен білдіреді, шырайлар туралы ақпаратты толықтай түсінеді.



Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алу;

Сабақ барысында тақырыпты толық меңгеру.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану,тарих.

Әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру.

Алдыңғы оқу:

Жол ережелерін білеміз бе?

Сабақ жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Ресурстар

Басы

Үй тапсырмасын тексеру.


«Миға шабуыл» әдісі

Сын есім туралы өткен ақпараттарды қайталау.

оқулық

Ортасы

Жаңа сабақ.

Кітапта берілген мәліметтерді оқу;

Жаттығуларды орындау;


Көлік түрлері бойынша топқа бөліну.

Салыстырмалы шырай заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

Күшейтпелі шырай күшейтпелі буынның тіркесуі арқылы- сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы және сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады.


Ата-бабаларымыз қандай көліктермен қатынас жасады?

Өздерің мектепке қалай келесіңдер?

Көліктің адамдарға тигізетін көмегі?


Қызықты мәлімет.

Ұзындығы 30 метрден асатын 26 дөңгелекті лимузин Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын автокөлік ретінде енді. Бұл көлікті қала көшелерінен жиі көру мүмкін емес. Өйткені, осы темір тұлпар көптеген көрмелер мен кино түсірілімдерде ғана кездеседі. Көліктің барлық «жұмысы» Голливуд киностудиясында өтеді. Лимузиннің ішінде үлкен өлшемді су кереуеті мен бассейн бар! Бұған қоса, көліктің төбесіне тікұшақ қона алатын алаң орын тапқан. Сонда осы 30 метр лимузин жол бойында қалай қозғалады? Бұл жағдайда көлік екіге «бөлінеді», дәлірек айтқанда, бұрылыс кезінде тең екі бөлікке бүктеледі. Ал артқа жүрем десеңіз, көліктің артқы жағында қосымша жүргізушіге арналған кабина бар. Бұл көлікті құрастырған шеберлер барлық жағдайларды қарастырған.


Оқулық, мәтін.

Соңы

Сабақты бекіту.

Үй тапсырмасын беру.

«Болашақтың көлігі» деген сұраққа шағын мәтін құрап жазыңдар.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
3153
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі