жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Мақсатым: Шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім
тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан
ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке
тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып,
іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай
жасалынған.
Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының тиімді жақтары
1. Оқушылардың өздігінен жан -
жақты білім алуға жағдай жасалады.
2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым - қатынастар
орнайды.
Сын тұрғысынан ойлаудың
ерекшеліктері:
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі шаралар орындалуы
шарт:
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдау.
Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға
айналдырмау.
Оқушылардың бір - бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті
болуын талап ету.
Сын тұрғысынан ойлауды
бағалау.
Ал оқушылар осыған байланысты:
сенімділікпен жұмыс жасай алады;
бар ынтасымен оқуға беріледі;
пікірлерді тыңдайды және құрметтейді;
өз пікірін ашық білдіре алады;
Оқушылардың сын тұрғысынан
ойлау қабілетін қалыптастыру және дамыту үшін
мұғалімдер:
Сын тұрғысынан ойлай білуі
Оқушыларға дұрыс сұрақ қоя білуі
Оларды ойландыра білуі керек.
Сын тұрғысынан ойлауды
жетілдіру барысында жиі қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Топқа бөлу
Пазылдармен бөлу, түстер,
күлегештер, конфеттер, көліктер, жеміс - жидектер, көгөністер,
гүлдер, сандар, әріптер, әуендер, тақырыпқа байланысты тірек сөздер
арқылы, мозайка құрастыру.
Қызығушылығын ояту
кезеңі
Миға шабуыл, Ранжирлеу (сап
түзеу), сәйкестендіру, артық сөзді табу, қарлы кесек, адасқан
сөздер, бір сөзбен, қатесін табу, кестемен жұмыс, сұрақтар мен
жауаптар, қызықты мәліметтер
Мағынаны ашу
кезеңі
Сәйкестендіру, жіктеу,
топтастыру, артықшылығы мен кемшілігі, қатесін тап, сұрақтар мен
жауаптар, кесім жасау, ЖИГСО, сұхбат, дұрыс/дұрыс емес,
таныстырылым, сөйлемдердің келесі сыңарын тап, INSERT әдісі, сіз
қалай ойлайсыз?
Әңгіме құрастыру Мұғалім іс - әрекетінің нәтижесі Ой
қорыту
Ой толғаныс
кезеңі
Венн диагрммасы, рөлдік ойын, пікір - сайыс, ойлаудың 6 қалпағы,
идеяларды тоғыстыру (не? қайда? қашан?), өрмекші торы, тест, эссе
жазу сұрақты түрлендіріп қою.
1.оқушылардан мамандық аттарын сұрағаннан гөрі осы суреттегі
жерлерде кімдер жұмыс істейді? деген сұрақты сұрасақ олар тереңірек
ойланады.
Рефлексия
Бағдар шам, екі жұлдыз бір тілек, тыныс белгілері, бір
сөзбен.....
Ауа-райы, алма ағашы, таңдау әдісі,
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша алдымен «ой қозғау» стратегиясы жүзеге асады. Оқушының зейінін сабақтың негізгі идеясын табуға ұйымдастыруды шешетін бұл стратегияның дұрыс қойыла берілуі – ұстаз еңбегінің шеберлігін көрсетеді. Немесе «миға шабуыл» деп жүрген бұл тәсіл сабақтың кіріспе бөліміне сәйкес келеді. Көп жағдайда оны мұғалім мен оқушы арасындағы қолданылатын диалог түрінде көреміз. Сабақтағы оқушының келесі іс-әрекетке көшуіне дұрыс қойылған сұрақтар өте ықпал етеді.СТО технологиясының «кубизм», «сен-маған, мен-саған», «сұқ-саусақ» стратегиялары арқылы оқушылардың сұрақтар қойып, оған мағыналы жауаптар қайтаруына жол ашамыз. Бір қарағанда, ойын түрінде көрінген бұл әдістер жалпы оқушының сөйлеу мәдениетін , өзіндік ой-пікірлерінің қалыптасып, өзін-өзі, бірін-бірі оқытуына белсенді ықпал етті. Сабақтардағы топтық жұмыстарда балалардың қызығушылығының, пәнге деген ынтасының артқанын сабақ соңында смаиликтер арқылы, басқа да сұрақ-жауап әдістері арқылы байқадым. Жалпы, алғанда сұрақ – ол білімді тексеру құралы емес, тереңдету құралы екенін ойға түйдім. Пәннің ерекшелігін, сыныптың жағдайына, оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне, оқу материалдарының жоспарына қарай іс-әрекеттер ұйымдастыруды жоспарладым. Қайталау, жинақтау сабақтары болғандықтан, оқушылардың өзін бағалай білуіне ықпал ететін «Семантикалық карта» бойынша жұмыстарды орындаттым. Топтық, жұптық, сыныптық жұмыс ретінде өткілген тақырыптарға ассоциация құру, сызбалар сызу, Венн диаграммасын салу сияқты тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. Тапсырмаларды орындау барысында міндеттерді шешуге, игерілген білімін, іскерлік дағдыларын жұмылдырады, басқалармен өзін салыстыру арқылы өзін-өзі реттей білуге машықтанады, белсенділік ұстанымының пайда болуына жәрдемдеседі. Бұдан әр оқушының дербестілігі, яғни ынталықпен, бастамашылықпен кейбір мәселелерді үлкендердің (мұғалімдердің) көмегінсіз шешудің жолдарын іздестірумен тікелей байланыстылығы шығады. Оқушы өзінің мүмкіндіктерін түсінуі, оның іс-әрекетті орындаудағы дербестігіне тәуелді деп есептеймін. Талданып отырған сұраққа , мәселеге , есепке белсенді пікір білдіру, жолдастарының жауабын толықтыруға бағытталған ұмтылыс, қателіктерді жөндеу- осының бәрі белсенділік пен дербестіктің айқын көрсеткіші. Осыдан топ ішінде пікірі құнды, алға ұмтылған, көшбасшы ретінде жан-жақты жетілген, озық ойлы оқушының дараланып шығары сөзсіз. Мысалы, математика сабағында есептерді шешудің басқа, оңай жолдарын іздестіреді немесе табылған шешімді есептің нақты шешімі ме, әлде басқа да шешімдері болуы мүмкін бе?- деген сұрақтар төңірегінде зерттеу жүргізуі мүмкін. Бұдан оқушының дарындылығы қалыптасуына жол ашылады деп ойлаймын.
Қорыта келе, бұл білім берудегі барлық тәсілдермен байланысты. Оқушылардың әр нәрсеге өзіндік түсініктері қалыптасқан болса, онда оңайға түседі. Бұл баланың бойында жан- жақтылықты қалыптастырады.
Критериалды бағалау жүйесін пайдалану арқылы, оқушының белсенділігі артып, өз сыныптастары арасында ерекшеленуге ықпал етеді.
Оқушы нақты қиындық тудырған сұрақтарды біледі және оны жоюдың жолдарын іздестіреді.
«Ой қозғау»
Жұмбақ шешу
Кім? Не? Деген сұрақ қойып,сөйлемде ой иесі боламын.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін,сұрақтарға жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Зат есімге мысал келтіріндер.
2.Мағынаны түсіну.
Әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар келтіреді,жазып оқиды.
І.топ:Кім? Адам,суретші,мұғалім,бала.
ІІ.топ :Кімдер? Оқушылар,құрлысшылар,дәрігерлер.
ІІІ.топ:Не? Қалам,сызғыш,кітап,бақша.
ІV.Нелер?: құстар,малдар,ойыншықтар.
“Тез тауып,бөгелмей айт” ойыны
-
Жел .............. Найзағай .........
-
Күн ................ Асан .................
-
Жаңбыр ........ Әтеш ................
-
Қоңырау ....... Би ....................
-
Әкем ............. Таң ..................
Тапсырма ..... Қой ..................
«Жалғасын тап» ойыны
Оқысаң ------ сусын ішесің
Аяғың ауырса ----- күн жылынады
Көп ұйықтасаң ----- қолыңмен сүртпе
Шөлдесеңіз..... басың ауырады
Көзің ауырса ..... көп жүрме
Жаз шықса .... түсінесің
“Менің бағытым”
ойыны
1. тәтті жар
2. тік адам
3. тегіс қант
4. суық қоян
5. сұр су
6. ақылды жер
“Бұл не? Бұл кім?”
ойыны.
Сипатталған заттарды тап.
Ақ, тәтті, қатты, ұсақ – бұл не?
Домалақ, жұмсақ, үрленген – бұл не?
Ащы, қызыл– бұл не?
Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк – бұл не?
«Артық сөзді тап»
Көреді, еркелетеді,
оқулық,күлімдейді,
сүйеді, айтып отырады.
Кім шапшаң?
«Ұйқасын тап».
«Әже»тақырыбына өлең ұйқасын құру.
1. Мені жақсы көреді,
Күндей ... .... .
Көп ертегі біледі,
Маған ... .... .
2. Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды ... .
Айтқан сөзін тыңдаймын,
Анашымды ...
Венн диаграммасы.
Зат есім етістік
З
аттың атын
білдіреді. Заттың қимылын,іс-әрекетін
білдіреді.
«Бұлттар» ойыны.
Интерактивті тақтада бұлттардың суреттері көрінеді. Әр бұлттың артында сөздер берілген. Осы сөздердің ішінен туынды сөздерді дәптерлеріне теріп жазып, сол сөздермен сөйлем құрау керек.
Дала, теңізші, жұлдыз, домбырашы, бала, сауысқан, күйші,домбырашы.
Дұрыс жауап берген оқушыларға бұлттардың суреті бейнеленген карточка беріледі.
Ертегілер еліне саяхат « Логикалық тапсырма »
Баяғыда бір жарлы болыпты. Бала – шағасы көп екен. Мал дегенде жалғыз бір қазы болыпты. Ішерге асы болмай жалғыз қазын сойып жемекші болыпты. Сойлған қазды жейін десе , не тұзы не наны болмаған. Қазды ханға апарып береді. Сол кезде хан кедей жігіттің мырзалығына риза болып төрін ұсынады да, ал біздерге бөліп бер дейді.
Кедей сонда : Қаздың басын ханға беріп, «Сіз бассыз, елді басқарып отырсыз. Ал ханымға мойынды беремін бас қайда бұрылса мойында сонда бұрылады. Ал екі қыздарыңыз бойжетіп ұядан ұшып кетеді, сондықтан да қаздың екі қанатын қыздарға беремін. Сіздің ізбасарларыңыз екі ұлыңыз қаздың екі аяғын ұлдарыңызға беремін,» деген екен.
Келесі күні ауылдағы бір мырза ханға бес қаз әкеледі Сонда хан тұрып : Мына бес қазды бізге теңдей бөліп бер деген екен.
Қаз -5 , отбасы мүшелері - 6. Мырза қалай бөліп берген ?
Логикалық есептер:
-
Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр?
-
Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады?
-
Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты?
-
Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?
-
Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады?
«Жұмбақ есептер»
1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
2. 6 алманың 2-еуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
3. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
Математикалық мақал-мәтелдер
1.Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
2.Мың қосшыға бір басшы.
3.Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
4.Бір құмалақ бір қарын майды шірітер
5.Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі
6.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
7.Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл.
8.Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.
Блиц - турнир:1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
2. 1 сағатта неше минут бар? 60
3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні
4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы
5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек
6. Қосуға кері амалды ата. азайту
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі
8. Бір тәулікте неше сағат бар? 24
9. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16
10. 60-7 өрнегінің мәні қанша? 53
11. 1 дм неше см болады? 10
12. 1 ғасыр да неше жыл бар? 100
13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
14. Периметрді қалай табамыз? қосамыз
15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш
16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км
17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70
18. 10дмнеше см бар?
Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс - әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа технологиялар – жетістік көзі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген