СЫН
ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ДАМЫТУ.
Дуйсенбина Асем Газизовна
«Жамбыл атындағы мектеп-
балабақша кешенінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ШҚО.Тарбағатай ауданы
Қазақстан қоғамындағы қазіргі жағдайда өзекті мәселелердің
бірі-өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге
дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын
байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын , бәсекеге қабілетті жеке
тұлға қалыптастыру болып табылады. Білім берудің күтілетін
нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің
құзырлылығымен анықталады. Ал, осы айтып жатқан құзыреттілік
дегеніміз не?
Құзыр- әмір, билік дегенді білдірсе, құзырет-қойылған мақсаттарға
жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға
дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында табысты «іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне
әлеуметтік тапсырысты құрайды. Ал, құзыреттілік
дегеніміз-оқушылардың іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен
көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың тұлғалық сапаларының кешенін
дамытуға, білім беруден күтілетін нәтижелер
Коммуникативтік құзыреттілік қазақ тілі мен
әдебиеті пәніне етене жақын. Себебі, тілдің басты
қызметі-коммуникативтік қызмет. Коммуникативтік құзыреттілік –
адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі
әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі
әлеуметтік рөлдерді орындауда, өмірдегі нақты жағдайларда шешім
қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдан алу білігін
қарастырады. Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып,
коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда СТО технологиясының
стратегияларын жүйелі пайдалану өз сабақтарымда қолданыс
табуда.
Оқушы субъектісін дамытуда 3 түрлі құзыреттілік тәсілі
қолданылады:
1. проблеманың шешуін табу құзыреттілігі
2. ақпараттық құзыреттілік
3. коммуникативтік құзыреттілік
Осыны негізге ала отырып, өзімнің өзекті
тақырыбым ретінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана
отырып, оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту »
деген тақырыпты саралап алдым.
3 деңгейлік көлемде жұмыс жүргізу барысында оқушы бойында
коммуникативтік құзыреттілікті сапалы қалыптастыра аламыз.
Қазіргі білім саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін
емес
Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік
құзыреттілікті дамытуда СТО технологиясының стратегияларын жүйелі
пайдалану өз сабақтарымда қолданыс табуда.
Коммуникативтік құзыреттіліктің төрт аспектісін
сабақтың әр кезеңінде, әр түрлі стратегияларды қолдана отырып,
дамытуға боладыМысалы, сабақтың қызығушылықты ояту кезеңінде
жазбаша байланысу аспектісінің 1 деңгейін қалыптастыруда ассоциация
жасату.
Сондай –ақ, «Торлы талқылау кестесі», «Құндылық шебі», «Ортақ тізім
жасау», «Топтастыру» стратегиялары арқылы жүзеге асыруға
болады.
2 деңгейді жүзеге асыруда «Түртіп алу», «Бірлескен жоба», «Еркін
жазу»,
«Т -кестесі», «Концепцуальды кесте», «Семантикалық карта», «Бес
жолды өлең» пайдаланудамын. 3-деңгейде «Қос жазба күнделігі»,
«Дөңгелек стол», «Дәлелді эссе», «РАФТ» стратегияларын қолдануға
болады.
7-сыныпта қазақ тілінде «Сын есімнің түрленуі» тақырыбында «Үш
қадамды сухбат» стратегиясын қолданған едім
-
Сын
есімнің түрленуі
А
В
С
Д
2. Салыстырмалы шырай
А
В
С Д
3. Күшейтпелі шырай
А
В
С Д
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытудың соңғы
аспектісі өнімді топтық
байланысуды «Кубизм»,
«Акеадемиялық дау-дамай», «Бұрыштар», «бірлесе оқу» сияқты
стратегияларды қолдануда сапалы жүзеге асыруға болады.
«Бұрыштар» стратегиясы 7-сынып С. СейФуллин «Бандыны қуған
Хамит»
І Хамит жеңеді
ІІ Кудря жеңеді
ІІІ Хамит пен Кудря тең түседі
Екі топтан қосылып үш жікке бөлініп, әр «бұрыш» өз пікірін қорғап
шығуға тырысады.
«Кубизм» стратегиясын Дулат Бабатайұлының «Аягөз, қайда
барасың?»Өлеңін оқыған кезде былай қолдандым :
1 Суретте Аягөз
өзенің ағысын, табиғатын ақын қалай суреттейді? 2.Түсіндір.
Аягөз жағасына дуан түскеннен кейінгі жағдайды ақын қалай
түсіндіреді?
3.Пайымда
«Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды » деген ақын наласын қалай түсінесіңдер?
4. Зертте.
Ақынның өлең жолдарын осындай өкінішпен жырлауына қандай себептер
итермеледі деп ойлайсыңдар?
5. Талда
Өлеңнің негізігі идеясын анықта
6. Бағала
Өлеңнің бүгінгі таңдағы маңызы, мәні
Бұл стратегияны қазақ тілі сабағында да тиімді қолдануға
болады.
1. Суретте Жедел өткен шақ
дегеніміз не?
2. Түсіндір Жедел өткен шақтың жасалу жолын түсіндіріп
көрсет.
3. Талда « келді»
жедел өткен шақта тұрған етістікті
жікте
4 Талда
(1) «келіп» етістігін жікте
5. Салыстыр Жедел өткен
шақтың жұрнағы (-ды, -ді, -ты,- ті ) мен ІІІ жақтың жіктік жалғауын
(-ды, -ді, -ты,- ті ) салыстыр
6.
Қолдан Жедел өткен шақта тұрған
етістіктерді қатыстырып, 5-6 сөйлем құраңдар (7-сынып «Жеделөткен
шақ»)
Қазақ тілінде «Мен есімшемін» деген эссе жазуға,
мысалы: Мен- етістіктің ерекше мағыналық түрімін. Мен есім
сөздердің қызметін атқарғанда кім? не? қандай?
деген сұрақтарға жауап бергенді жөн көремін. Етістік
қызметін атқарған
кезде етістіктің төл сұрақтарына жауап
бергенді
жақсы көремін. Мен жіктелгенде етістік болып,
көптелген, септелген кездерімде есім сөздердің қызметін
атқарғанымды жаңа сабақта нақты мысалдармен дәлелдеп
көрген шығарсыңдар...
әдебиет сабағында «РАФТ» 1-топ «Шығыс ұлынан хат» 2- топ «Шығыс
ұлдарына хат» (болашақтан) 3- топ Авторға хат
РОЛЬ –шығыс ұлы, болашақ ұрпақ, оқушы
АУДИТОРИЯ-оқушылар, майдан даласы, Б. Бұлқышев
ФОРМАСЫ – хат, алғыс, үндеу
ТАҚЫРЫП- Ұлы Отан соғысы
Осы сияқты жазба жұмыстарынан оқушылардың
жазбаша байланысу аспектісін өз бойынан көрсете алатындығы
білінеді.
3-аспектісі диалогты «Үш қадамды сухбат»,
«Жуан-жіңішке сұрақ», «Ойлан, жұптас, пікірлес», «Жұппен интервью»
стратегиялары арқылы оқушы бойына сіңіруге болады. Сонымен бірге,
СТО технологиясының әрқашан оқушыларға ескертіп отыратын
философиялық қағидалалары бар
«Біз үшін барлық пікір құнды»
«Талқыланатын тақырыптан ауытқыма»
«Басқаның сөзін бөлме»Осы тұжырымдамалардың өзі оқушының бойында
коммуникативтік құзыреттіліктің сапалы қалыптасуына үлкен ықпал
етеді.
-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырады.
ӘДЕБИЕТ
-
С.С.Мирсеитова «Кәсіби даму мектебі»
Алматы.
2.«12 жылдық білім» журналы
3. Қазіргі мұғалімнің терминологиялық сөздігі (интернет)
4.«Қазақстан мектебі» 2016-№1 21-23 бет,
Асанов/Білім беруді жетілдіру-өзекті мәселе
5.Ұлағат -2015-16ж.№4 41-43 бет/Мұғалімнің
іскерлігін қалыптастырудың жолы
5.Интербелсенді әдіс-тәсілдер.Әдістемелік
құрал.Жақсылықова.Г.И.Қаженова.А.М.Исмагилова.Н.З. «Өрлеу»БАҰО»АҚ-ы
филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ.
6.Жалпыы білім беретін мектептің 5-7-сыныптардың
қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтары.