жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау. С есебі
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна
ІІІ топ С есебі
«Сыни тұрғыда ойлауға үйрету»
Ұстаз болу өз уақытын аямау,
Өзгенің бақытын аялау
Ж.Ж. Руссо
Елбасымыз айтып кеткендей бүгінгі мектеп оқушылары, біздің, яғни ұстаздардың еншісінде. Әрбір ұстаздың қолында бала тағдыры, бір-бір жеке тұлға. Біздің ендігі мақсатымыз сол жеке тұлғаны болашақта өз ғасырына лайықты азамат ретінде оқытып, тәрбиелеу. Ол үшін мұғалімдерге бала оқытуда өз көзқарасын өзгерту қажет. Өз білімін жетілдіріп заман ағымына ілесе алатындай болуы керек . Осы ұрпақты болашаққа даярлау , қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ , мектеп еншісінде. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әлемдік өркениет стандартына сай реформаланып , көптеген инновациялық технологиялар жасалынып оқу бағдарламалары өзгертіліп, оқулықтарымыз шығарылып, қолданысқа енгізілуде. Мен өз іс-тәжірибемдегі өзгерістерді жоспарлау тәсілдерін өзгертуден бастадым. Орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар басшылыққа ала отырып, оқудың және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып. Зерттеуге алған тақырыбымды жүзеге асыру барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытуды да қажет деп ойлаймын, себебі жеті модульдің әр тақырыбының маңызы зор, сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік» - деп атап көрсетілген (МАН, 41 бет).
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, ақпаратты ұғыну, бағалау, талдаужәне синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады.Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге,ойлау және іс әрекеттің жаңа тәсілдерін енгізуді көздейді.
Ендігі қадамым бұрынғы тәсілдеріме бірінші бетпе-бетте алған білім, дағды, машықтарымды қолдана отырып жаңа тұрпаттағы іс-әрекетке көшу. Ол менің ұстаздық тәжірибемнің жаңа қырынан заманауи талаптарға сай дамып, ұшталуына бастар бағыт деп түсінемін. Ол үшін алтыншы сыныптағы тізбектелген үш сабақ жоспарымды Сын тұрғысынан ойлауды үйрену модуліне салып жасадым. Сабақтарда барынша сын тұрғысынан ойлау модуліне кіріктіруді ойластырдым.
Оқушыларды топтарға біріктіре отырып, АКТ-ны қолдану, қабілетті оқушылардың көшбасшылығына сүйену, олардың әрі қарай дамуына жағдай туғызу, табыс критерийлерін белгілегенде жас ерекшеліктерін ескеру және оқыту үшін бағалауды қолдану.
Сонымен қатар оқушыларды кері байланыс жасауға баулу.Өз ойларын еркін жеткізуге тырыстым.«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда қолдануда мен мақсат қоямын. Балалардың осы кезге дейін сыныпта және өмірде қалыптасып қалған дәстүрлі өз ойларын ашық айта алмай жансақтанып , үрейленуі , сыни тұрғыдан ойламағандықтан көзқарастар қайшылығының туындамауы сияқты келеңсіздіктерді жоюға тырысамын. Оқушының алдына ұсынылған әрбір тапсырмалар сыртқы көзқарас тұрғысынан қарап қана қоймай, оның ішкі мәніне сыни көзқарас тұрғысынан терең үңіле қарауға бағыттаймын. Өзімнің жүргізген тізбектелген сабақтар топтамамда алғашқы сабақтан бастап, соңғы сабағыма дейінгі кезеңде оқушыларды сын тұрғысынан ойлану принциптеріне баулу арқылы лидерлік қасиеттерді қамтамасыз етуге тырысамын.
6 «Б» сыныбына Биология пәнінен «Саңырауқұлақтар» деген тақырыпта сабақ өткіздім. Сабағымды оқытудағы түрлеше жаңаша тәсілдерді пайдаландым. Ең алдымен алдын ала дайындалған «Топтық ереже» , «Бағалау критерилері», «Табыс критерилері жазылған » қабырға газеттерін іліп қойдым. Сабақ өту барысында әр топка ережені сақтауларын қадағалауларын ескерттім. Сыныпта жақсы көңіл-күй орнату үшін «Шаттық шеңбері» арқылы бір –біріне тілектерін айтады.Бүгінгі сабақты оқушылар көтеріңкі көңіл күймен бастасын деген ниетім болатын. Оқушылардың көңіл күйлері көтеріліп бір жадырап марқайып қалғанын көріп қуанып қалдым. Жаңа сабақты бастамас бұрын «Кім жылдам» әдісі арқылы өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қойдым. Оқушылар топта бір-бірімен талқылап түсіндіріп, ойларын жинақтап тақырыпты толық түсіндіруге тырысты. Жаңа сабақты қаншалықты деңгейде меңгергенін тексеру үшін топтық бағалау кезеңінде байқалып жатты.Оқушылар дискрипторлы бағалау бойынша топтар өзара бір-бірін бағалап отырды.
Сабағымның құрлымы бойынша сәтті өткен тұстары: ең сәттісі «Кім тапқыр?» әдісі.Оқушылар қызығушылықпен бір-бірмен бірлесіп жұмыс жүргізді. Оқушылар тек қана білім алып қана қоймай ,олардың сын тұрғысынан ойлауға бағытталған түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындаумен шектелмей , өздеріне түрліше тәсілдерді ұсынып отырдым
Биология пәнінде «Қалпақшалы саңырауқұлақтар» тақырыбында сабағымды бастап, оқушылармен бірге психологиялық дайындық жүргіздім. Шаттық шеңберін орнату арқылы оқушылар бір –біріне бүгінгі күнге сәттіліктер , жақысы тілектерін білдірді. Топ ережесімен,сабақ дескрипторымен таныстырдым.
Топтық жұмысты қорғауда барлық оқушылардың белсенділігі байқалды.С деңгейіндегі оқушым постерді қорғады. Қорғау кезінде алғашқыда қобалжығанымен, достарының көтермелеуімен, қасындағы А деңгейіндегі оқушының көмегімен топтық жұмысты қорғап шықты.Оқушының өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауына мүмкіндік беріп көрдім.
Осы іс-әрекеттен кейін менің байқағаным С деңгейлі оқушымның өз –өзіне деген сенімділігі артты. Көбірек білетін оқушымен топтық жұмыста әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдылары дамитынына көзім жетті.
Осы сабақта менің байқағаным оқушылардың өзіне деген сенімінің артқанының,пәнге деген қызығушылығының жоғарылағанын байқадым. Бұл дегенің алға қойған мақсатыма бір қадам басқанымды түсіндім. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатып отырдым.Жалпы сабақ құрлымы толық қамтылды . Жоспарымның орындалмай қалған тұстары болмады деп ойлаймын.Сабақ соңында «Білім ағашы» әдісі бойынша окушылар кері байланыс орнатады.
Болашақта мен уақытты үнемдеуге , оқушыларды ширақ қимылдауға, жылдам ойлап түсінуге бағыттаймын. Оқушылардың бойында сыни ойлауға көзқарастарын қалыптастыруға , сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларын қалыптастырамын.
«Сыни тұрғыда ойлауға үйрету» модулін сабағыма енгізу мақсатында 6 «Б» сыныбына биология пәнінде Зең саңырауқұлақтары тақырыбында сабақ өттім. Оқушылармен психологиялық дайындық жүргізіп «Шаттық шеңберін » құру арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтты.»Кемпірқосақ» әдісі бойынша қызыл, сары, жасыл түстерімен 3-топқа біріктірдім, үй тапсырмасын түстердегі сұрақтарға беру арқылы пысықтадым, өте қызығушылықпен жауап берді.Бір бірін бағалады. Менің сабағымда жаңа сабақты таныстыру кезінде көрсетілім аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаландым. Жаңа сабақты пысықтау үшін жұппен жұмыс жүргіздім. «Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген: 1) әңгіме дебат; 2) кумулятивтік әңгіме; 3) зерттеушілік әңгіме.»( МАН, 99-бет).
Жаңа сабақ «Түймедақ күлтешелері» әдісі бойынша өтті.Оқушылар тапсырманы өз дәрежесінде орындап шықты,Оқушылар дескрипторлы бағалау бойынша топтар өзара бір-бірін бағалап отырды.Сабақ соңында кері байланыс «Білім ағашы» әдісімен аяқталды. 6 «Б» сыныпқа биология пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында оқушының сыни ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда «Таза тақта» әдісін, «Кім жылдам» , «Венн диаграммасы» әдісі, «Кемпірқосақ» « Кім тапқыр?» әдісі, «Түймедақ күлтелері» , «Көңілді жемістер» , «Шаттық шеңбері» «Постер қорғау » , «Саңырауқұлақтар тере барғанда», «Өрмекші торы», «Ауадағы сұрақтар» , «Айналмалы бекет» , «БІЛІМ ағашы» әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстарын жүргіздім Оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аудару, оқушылардың бір – бірімен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында ынтымақтастық атмосферасын құрдым. Сабақтың мақсатында сыныпта топтық ережені құруды, өзін - өзі реттеуді, ынтымақтастыққа үйретуге қарастырдым.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна
ІІІ топ С есебі
Оқушылар бірлесе жұмыс істей отырып белгілі бір мақсатқа жетуге үйренеді, сөздік қорларын молайтады, алған ақпараттың түйінді ойын тауып, сызба, сурет, немесе диаграмма, тезис түрінде тұжырымдауға үйренеді. Бір‑бірлеріне көмек көрсетеді.Әр сабағымда санаулы уақытты тиімді пайдаланып , оқушыларды жылдам ойланып , ширақ қимылдаудың маңызды екенін ұғындым.Оқушы бойында сыни көзқарас қалыптастыру, сынып жұмысын жүзеге асыру кезінде қолданылатын дағдыларды жүзеге асырамын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген