жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау страдегияларын енгізу
Семей қаласы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»
Жаратылыстану пәндері оқытушысы
Музапарова Д.Б.
Сын тұрғысынан ойлау страдегияларын енгізу
Сын тұрғысынан ойлау негізгі сатылары , қызығушылықты ояту , мағынаны тану, ой толғаныс болады да, бұл кезде білім алушылар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізе бастайды. Білім алушылардың алған білімдері шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәлметтерімен жаңа мәліметті біріктіре алуға бағыттадым. Білімді тәжербиеде қолдану, жаңа идеалар мен ұғымдарды жинақтаумен, өздерінің ашық ұсыныстарымен айғақталды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы ойын ашық айта алуына үлен қадамдар жасады деп айта аламын.
Біздің алдағы міндетіміздің бірі бүгінгі ұрпақ тәрбиесін, ғылым мен білімнің өркендеуіне негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына сенімділік ұялататын, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дайындау деп ойлаймын. Кембридж тәсіліндегі сындарлы теорияны Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін сыни тұрғыдан ойлауда қолданудың маңызды өте жоғары деп түсінмін. Бұл қазіргі таңдағы ең басты педагогикалық түсінік болып тұр.Сыни ойлауды дамыту арқылы білім алушының саналы және оймен, түйсікпен қабылдауы қалыптасады. Сыни ойлау баланың ынтасын миға шабул арқылы, болжам жасау арқылы, анықтама жасау, тұжырымдау, жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету деген сөз. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы білім алушылардың кестелермен, суреттермен, оқулықпен, компьютермен жұмыс істеу іскерліктері мен сауаттылықтары да арта түседі. Ойлау, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дегеніміздің барлығы іс-әрекет болып табылады. Осылар арқылы баланың бойындағы белсенділікті, тұжырымдалған күрделі және шынайы ойларын аша аламыз. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Іс-әрекеттер арқылы білім алушыларға:
-еркін ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді;
-ақыл-ойын дамытады;
-дағдысы қалыптасады
-ұжымжық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-тіл байлықтары жетіледі;
-өзін-өзі жан-жақты жетілдіреді;
-өз ойын еркін жеткізеді;
Негізі сыни тұрғыдан ойлауда қарсы пікір айтылды, сол пікірлерге сын айту үшін дәлелдемеңіз болу керек .Ол үшін біз өзіміз балаға сұрақ қоярда сол сұрақтың шешімінен шыға алатындай тәсілдерді үйретуіміз керек деп ойлаймын.
Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануын дамыту. Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты бұл үдерістің екеуін де дамытуды қарастырады. [МАН 12-13 бет].
Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім болып табылады. Осы бағытта сыни ойлауға дайындалған тапсырмалардың нәтижесіне көз жеткізу мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. Қысқа мерзімді жоспарлау барысында жасалып, барлық бөлімдерін қамтыдым. « Түсініктер.Ұғымдар. Сабақта дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру әдістері мен тәсілдері», «Заттық және экскурсия сабақтары», «Тірі табиғат бұрышы» тақырыптарында жүргізілді. Білім алушыларға сабақ барысына қажетті ресурстар мен әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Сабағымда «Джигсо» әдісін, блум таксаномиясын қолдандым. Сабақ бастамас бұрын оқу ортасында оқу әрекетіне деген жағымды ахуал қалыптастырдым «Досыңды тани біл» ойынын өткіздім. Жұптасып арқаларымен отырып досының айтуы бойынша қағаз бетіне табиғатты суреттеді. Бұдан досын қаншалықты танитындығын байқай алдым. Досының айтуы бойынша табиғатты суреттей отырып, өзінің ойын қосқан. Жаңа сабақты бастар алдында топтың құрамын тағы ауыстырдым. Тақырыпқа байланысты саяхатқа шығу ойыны бойынша топ құралды. Ерікті бес белсенді таңдалып алынды. Олар саяхатқа шығарда , бақылау жасарда өзіне қажетті құралдарды алады, оған тұсбағар, жер шатыр, жергілікті жердің картасы, дәрі салынған қорапша, сүйікті тағамы деп осы заттарды өздері топ мүшелері ретінде таңдап алады. Таңдау жылдам және тез арада өту қажет. Жаймен әуен ойналады олап саяхатқа шықты. Осылай бес топ құрамы анықталды. Сыни ойлауға арналған тапсырмалар кіріктіріп балалардың ойлануына, өзара талдау жасауына негіздедім. «Түсініктер.Ұғымдар » тақырыбында әртүрлі қажетті ресурстар таратылды, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, маркерлер, А3 форматтағы қағаздар. Білім алушыларға гүлді салу тапсырмасы берілді. Олардың ойындағы өсімдік қандай болады екен?, кім қандай ресурстарды қолданады екен?, қандай түсті пайдаланады?, салама, әлде жасай ма? деген бақылау жасадым. Әрқайсысының жасаған жұмысы сәтті болды. Өзіндік талдау, сыни көзқарас жасай алды. «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша «Тірі табиғат бұрышы» тақырыбында тіршілік мүйістерін анықтауда ақ қалпақ – жағымды жағын, қызыл қалпақ – қауіптің сезілуін, қара қалпақ – зиянды жағын, сары қалпақ – серек кездесуі туралы, жасыл қалпақ – статистикалық мәлімет, көк қалпақ – даму процесінің қалыптығы бойынша сыни көзқарастырын жеткізу тапсырмалары берілді. Түрлердің қалай ? қашан ? пайда болғандығы туралы болжамдар жасай алды. Ол үшін ақпарат көздерін пайдалануды ұсындым. Жинақталған мәліметтерін «Джигсо» әдісі арқылы топтарға уәкілдер жіберу арқылы тақырыптарын ашып өтті. Білім алушылар рөлдік ойындар арқылы да сыни ойлау тапсырмаларын орындай алды. Тас дәуірінен бастап, тіршілік иелерінің суда пайда болғандығы туралы нақты дәлелдемелер келтіре білді. Видео, аудио материалдар жинақтады, постер қорғады. Топтар өз жұмыстарын сыни бағалай алды. І –топ. Ақ қалпақтар Есенгелді Ақерке тірі табиғат бұрышындағы жан-жануар, құстарың жақсы, пайдалы жағын, ІІ –топ, қызыл қалпақтар Әлімжанова Жансая бұларға төнген қауіпің бар екенін, ІІІ-топ, қара қалпақтар Мыңбаева Ұлпан зиянды жағына, ІҮ-топ, сары қалпақтар Айтқанова Айжан кызыл кітапқа енген түріне тоқталды, Ү-топ, жасыл қалпақтар Амантаева Махаббат сандық сипаттама беріп өтті. Білім алушылардың өздеріне сенімділіктері күн сайын артып келе жатқандығы байқалды. Есенгелді Ақерке тірі табиғат бұрыштарын ұйымдастыру үшін және оқушыларды қызықтыру үшін бірінші арнайы жасалған бұрыштардың ерекшелігі мен маңызын айтып жеткізу қажет деді. Бірақ зиянды жағыда кездеседі, алдымен оның адам өміріне қауіпсіздігін зерттеп алу қажет деп ашып көсетті. Тотықұстың, балықтың, көр тышқаның, тасбақа, жыланның түрлеріне үй тұрмысында қандай жағдайлар жасалатынын, олардың тамағының дайындалуын, адамның іс әрекеті қандай болу керек? Деген сұрақты қоя отырып тұжырымдамаларын жасады. Табиғат бұрышы, мүйіс, объекті, географиялық алаң арқылы оларда тілдік мақсат қалыптасты. Білім алушылардың ізденісі менің көңілімнен шықты деп айта аламын. Сабақты қорытындылауда «Досыма хат» ойынын қолдану арқылы, хат тастайтын қорапқа әр қайсысы өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін, достарының бүгінгі сабақтағы жетістіктерін, ұсыныстарын қалдырды. Сол қораптың ішінен кез келген бір-екі хатты алып оқыдым. «Айтжан сен бүгін сабаққа жақсы, белсенді қатыстың», «Сізге көп рақмет!!, сабақ өте жоғары деңгейде өтті, осындай сабақтар көп болса екен»
Сыни тұрғыдан ойлау мән - мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырдым. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары төмендегідей сипатталатынын ескердім: бақылау, талдау,қорытынды. Сыни тұрғыдан ойлау негізінен жоғары курс студенттерімен өткендіктен олардың ойлау деңгейлеріне сай келді деп білемін. Бірақ бұл бірінші курс студенттеріне қолдануға болмайды деген сөз емес, тек осындай сабақтарды қалыптастырып алсақ барлық топтарда жүйелілік табуы сөзсіз деп айта аламын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген