Сын
тұрғысынан ойлау технологиясы. «Сыни
ойлау»
анықтамасына
еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі – ол
шығармашылық немесе көкейкесті ойлау.
Сонымен сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен
тұрады:
Біріншіден,
сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке
ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни
тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін
болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін
және бағалауларын басқалардан тәуелсіз
құратын болады.Біз үшін басқа біреу
сыни ойлай алмайдвы, біз барлығын өзіміз
үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау
өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни
тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі.
Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген
мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға
жеткілікті түрде бостандық берілуі
керек. Мысалы: оқушылар мұғалімнің
айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып
беруі мүмкін.
Сыни
тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы
міндетті емес: біздің басқа біреудің
идеясы мен нанымын өзімдікі етіп
қабылдауңға толық құқығымыз бар. Біз
тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз
керек болады, бұл біздің құқығымызды
дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам
басқаның көзқарасымен жиі келісе
бермейді.
Екіншіден,
ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы
емес, бастапқы пункті болып табылады.
Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін
болмайтын дәлелдемелерді тудырады.
Кейде «басында түк жоқ болса ойлау қиын
болады» деп айтып жатады ғой. Терең
ойлау үшін фактірлер мен идеялар,
мәтіндер мен теориялар, мәоіметтер
секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу
керек болады. Кейбір оқушылардың
өздерінің үйренгендерін көп есіне
сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден
жаңаға жол салу керек. Дегенмен де
мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан
ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең
қиын деген түсініктерді қабылдап, әр
түрлі мәліметті естерінде сақтауға
дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету – мұғалімнің көп жақты жұмысының
бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни
тұрғыдан ғана емес, бірінші сынып
оқушыларының да тәжірибелері мен
білімдері жеткілікті.
Үшіншіден
сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып,
шешімін табуды қажет ететін мәселені
анықтаудан басталады. Жалпы адамзат
баласы тумысынан білуге құмар болып
келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай
қалсақ, оның не екенін білуге құмартамыз.
Дегенмен
нағыз таным үрдісі өзінің кез келген
кезеніңде мәселелерді шешу мен өзінің
жеке қызығушылығы мен қажеттіліктерінен
пайда болатын сұрақтарға жауап беруге
деген талпынысымен сипатталады.
Төртіншіден
сыни тұрғыданойлау көңілге қонымды
дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын
адам мәселені шешудің жолын өзі іздеп
табады да, сол шешімдерді негізі бар,
саналы дәлелдермен нақтылай түседі.
Ойымызды қорыта келсек: инновация
жаңалық енгізумен байланысты. Бірақта
зерттеушілердің айтуы бойынша кез –
келген жаңалық әрқашанда да жоғары
нәтижеге көрсете бермейді.