жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану
Павлодар облысы Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебі
Аналитикалық есеп
Тақырыбы: Сын тұрғысынан ойлау
Мұғалім: Бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі К.К.Жапарова
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлай бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркьілы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуьның бастамасы болып табылады.Жалпы білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта каланады. Сондыктан оның сипаты мен мазмүны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жакты талданып отыр. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оныц адамгершілігінің, көшбасшылық белсенділігінің калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш-куаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру,өз білімдерін кез-келген жағдайда қалай бейімдеу керектігін біліп,болашақта кездесуі мүмкін күрделі тапсырмаларды шешуге икемді бола білуге бағыттау.Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға - Ұстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады. Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50-ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтарДж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы. Сын тұрғысынан ойлау оқушының дұрыс ойлануына жасалатын ой моделі және ой әрекетінің қызметі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету. Сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
Мысалға,
үшінші
кезең «Ой толғау»
тоқталсақ. Кезеңнің
мақсаты:
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі. Осы технология маған кез-келген проблеманы шешуге болатынын түсінуге көмектесті, оқушылардың да оған көзі жетті. СТО технологиясындағы мұғалім ролі:
Егер мұғалім өз сабақтарында СТО технологиясын қолданатын болса, онда ол оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде де толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына көмектеседі.
«Дұрыс сұрақ қоя білу-ақылдың немесе көрегенділіктің маңызды және қажетті белгісі.Сұрақ өз бетінше мағанасыз болып,пайдасыз жауапты талап етіп тұрса,ол адамды мағанасыз жауап беруге итермелеп,оны сәтсіздікке ұшыратады....» И.Кант
негіз
болатын
проблемалық
Оқу/жеке
сұрақтарға жақын/
Сонымен, өз сабағымда қолданатын сұрақтар топтамасын әзірлеу кезінде қойылатын сұрақтардың сапасы туралы ойлана отырып,олардың «төменнен-жоғарыға» яғни, қарапайымнан күрделіге қарай құрастыру құрылымын сақтағанымыз дұрыс болады деп есептеймін. Себебі осы жүйемен құрылған сұрақтар оқушылардың ой-санасының дамуына, сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз. Менің ойлауымша, СТО технологиясы оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген