«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр кезеңінде қолдануға болатын заманауи стратегиялар.»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр кезеңінде қолдануға болатын заманауи стратегиялар.»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр кезеңінде қолдануға болатын заманауи стратегиялар.»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр кезеңінде қолдануға болатын заманауи стратегиялар.»

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«№ 27 орта мектебі» КММ

Атаханова Дина Оразбековна

ағылшын тілі мұғалімі

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр кезеңінде қолдануға болатын заманауи стратегиялар

Аннотация. Сын тұрғысынан ойлау технологиясытуралы жалпы түсінік. Технология бойынша әр сабақтың 3 кезең және кезең мақсаттары. Әр кезеңге қолдануға болатын заманауи стратегиялар мен бағдарламалар.

Кілт сөздер: сын тұрғысынан ойлау технологиясы,қызығушылықты ояту;мағынаны ашу; ой толғаныс; заманауи стратегиялар

Abstract: A general idea of critical thinking technology. 3 stages and goals of the stage of each technology lesson. Modern strategies and programs that can be applied at every stage.

Keywords: technology of critical thinking, awakening of interest; disclosure of meaning; contemplation; modern strategies

Сын тұрғысынан ойлау-бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізе отырып тұжырым жасау. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушы басқалардың ойларына сыни көзқараспен қарайды, білетіндерін талдайды, салыстырады, реттейді, сұрыптайды, жүйелейді, зерттейді, дәлелдейді және қорытынды жасайды және өзгелермен бірлесіп шығармашылық жұмыс жасайды. Сыни тұрғыдан ойлау-оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, дауласуға, бір-бірінің ойларын тыңдауға, құрметтеуге, қиындықтарды жеңуге, өзекті мәселені шешудің жолдарын іздеуге шақыратын бағдарлама. Оқушы-ізденуші, зерттеуші, өз көзқарасын дәлелдеуші болса, ұстаз -іс-әрекетке жол көрсетуші, ұйымдастырушы.

Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
— қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
— оқушылардың өз білімдері мен түсініктерін тереңдету
— жаңа тақырыпқа оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ашу
— оқушылардың сабаққа деген белсенділігін ояту
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
— жаңа білімімен танысу;
— жаңа ақпаратпен өз білімімен ара

қатынас белгілеу.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.

Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
— алынға жаңа біліммен және ескі білімнің ара қатынасын ашу.
— өтілген материалды талдау және қорытындылау.
— тақырыпты одан әрі меңгеру бағытын анықтау.

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.

Қазіргі кезде технологиялар дамыған сайын оқушыларды қызықтыру өте қиын. Сабаққа деген ынтасын, құлшынысы ашу үшін балалардың немен қызығатына, немен көбіне айналысатына мән беру қажет. Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологиясының әр кезеңінде қолдануға болатын заманауи стратегиялар:

Google- бұл тәсіл оқушылардың өткен білімдерін тексеруге жәнеде жаңа сабақты қорытындылауға мүмкіндік береді. Оқушыларға гугл желісінің басты беті мен іздеу жолағы бар бет беріледі. Іздеу жолағына мұғалім сұрақт жазады ал оқушылар топпен, жұппен немесе жекеше жауаптар жазады.

A piece of cakes – бәліштің әр бөлігіне сұрақтар жазылады. Бұл сұрақтар жаңа білімдері бойынша қорытынды сұрақтаржазылады. Оқушылар бәліш бөліктерін бір-бірден алып сұрақтарға жауап береп сабақты қорытындылап, өз ойын қоса алады.

Take an umbrella– қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдеріне қолдануға болады. Қолшатырдың 8 ұзын темірлеріне жіпке байланған сұрақтар ілінеді. Бұл сұрақтар өткен тақырып бойынша немесе өтілген тақырып, мәтін бойынша сұрақтар, тапсырмалар жазылады. Оқушылар бір-бірден шығып қолшатырды айналдырып тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап береді.

LearningApps жәнеде Wordwall бағдарламалары-бұл бағдарламаларда жұмыс жасау өте ыңғайлы және оңай. Бағдарламалар онлайн форматта жұмыс жасайды. Сабақтың басында, ортасында және соңында қолдануға болады. Оқушылардың қызығушылғына байланысты тапсырмалар жасап, орындатқызуға болады.

Ілгіш–мағынаны ашу бөліміне ыңғайлы тәсіл. Мәтен не видеомен жұмыс кезінде қолдануға болады. Оқылған мәтін немесе видео сюжеті бойынша мазмұнын ілгіштерге ретімен орналастырады.

4 сурет 1 сөз– оқушылардың қызығушылығын оятуға қолдануға болатын тәселдің бірі. Жаңа тақырыпты ашуға өте қолайлы жәнеде қызықты тәсіл. Тақырыпқа байланысты, тақырыпты нақты ашатын 4 сурет беріледі сол суреттер арқылы оқушылар жаңа тақырып атауын тауып, өз ойларын не білетіндерін атап өтеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2023
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі