жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының жүргізілуі
Мазмұны.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының жүргізілуі.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологисының стратегияларын бастауыш сынып сабақтарында тиімді пайдалану.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалана отырып, әдебиеттік оқу пәнінен «Наурызкөже» Нұрқасым Қазыбеков тақырыбында сабақ жоспары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Елбасымыздың халыққа жолдауында білім беру мәселесі жөнінде де көп атап айтылған болатын. Білімді ұрпақ–болашағымыздың кепілі. Егеменді ел тағдыры–жас ұрпақтың қолында болса, ал жас ұрпақтың тағдыры–бүгінгі ұстаздың қолында. Заман талабына сай сабақтарда, жаңа технологияны тиімді пайдалану–бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Қазіргі даму кезіндегі білім беру жүйесінің алдында өсіп келе жатқан жеке тұлға: дарынды, дүниетанымдық қабілеті жоғары, өнерлі, ізденімпаз, тапқыр, талантты, өз алдына мақсат қоя білгіш, оны орындай алатын, мақсатына жете білетін болуы керек. Жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыратын–бастауыш сынып мұғалімі. Оқушылардың өзбетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне жаңа технологияның өте тиімді екеніне көзім жетті.
Бұл технологияның ерекшелігі білімді жатқа меңгеру емес, оқушылардың өз бетінше меңгеруге ұмтылатындығы, есту,көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша, жазбаша дамытуға бағытталады.
Бүгінде оқыту процесінде соның ішінде бастауыш мектептерде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
І.Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс–амалдары қарастырылады. Мысалы «Шаттық шеңбері», «Тілекті тізбек» немесе тақпақтар айту арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.
ІІ. Мағынаны тану
Белсенді түрде оқу. Болжау кестесі, ойлан, жұптас, білгім келеді, үйренгенім, өзара оқыту, топпен зерттеу осы стратегияларды қолдану өзіндік еңбек етуге бағытталады.
ІІІ.Ой толғаныс
Оқуды қорытындылауы.Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, бағалайды немесе «Эссе жазу,бес жолды өлең» стратегияларын пайдаланады.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сыни тұрғыдан ойлау технологиясыннын стратегияларын күнделікті сабақ жоспарыма енгізіп келемін.
Нәтижесінде
Мен СТО әдісін пайдалана отырып көптеген міндетті мүмкіндіктерге жеттім. Ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты,бір бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молайды.Еркін сөйлеу дағдыларынқалыптастырды.Тіптінашар оқитын баланың өзінде де талпыныс пайда болды.
Сын
тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған,
бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең
бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың
білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап
қолданған стратегиялардың қай – қайсысы
болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі
зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту,
іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында
жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес
белсенді әрекетін дамытуда, өздік
жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын
тұрғысынан ойлау» барысындағы
әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр
түрлі кезеңінде қолдануға болатынын
тәжірибе көрсетті.
Мен
өз сабақтарымда осы стратегияларды
кеңіне пайдаланып жүргіземін. Соның
дәлелі ретінде сіздерге 2-сыныпта
әдебиеттік оқыту пәнінен өтілген
«Наурыз» Нұрқасым Қазыбеков сабағын
ұсынып отырмын.
Сабақтың құрылымы
|
Сабақта қолданылатын стратегиялар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
1.Қызығушылықты ояту
|
Миға шабуыл стратегиясы
|
|
Наурыз мерекесі турлы білетіндерін ортаға салып, өз ойларын айтады. Сөз жұмбақты кезектесіп толтырады.
|
2 Мағынаны тану |
Әңгімелеу стратегиясы |
Оқушыларғы жайлаудағы наурыз мерекесі тақырыбында бейне көрініс көрініс көрсету. |
1 Оқушылар көрген бейнені әңгімелейді. 2 Бір-бірімен ойларымен бөліседі. |
|
«Кластер» (топтастыру) стратегиясы. (топтық жұмыс)
|
Үш топқа берілген тақырып бойынша кластер қорғау тапсырмалар беріледі.
|
1
ұлттық
киім дер
2
Ұлттық
ойындар
3
Ұлттық
тағамдар |
Оқулықпен жұмыс |
«Инсерт» (түртіп алу) стратегиясы |
Оқушыларға мәтіннен бір азатжолдан беріледі. Сондағы негізгі ойды түртіп алып келеси топтың оқушыларына ... |
- Мәнерлеп оқып беру. - Мазмұнын түсіндіру.
|
Ой толғау. |
«Синквейн» стратегиясы. |
- Бірінші қатарға бір сөз зат есім - Екінші қатарға екі сөз сын есім - Үшінші қатарға үш сөз етістік - Төртінші қатарға төрт сөз сөйлем - Бесінші қатарға бірінші қатардағы сөзге синоним сөз |
Наурыз Көңілді мереке Көңілді ән салдық Жыл басы наурыз мерекесі Жыл басы
|
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
—
мотивацияның
артуы;
— дербес іс — әрекеттің
артуы;
— ойлаудың белсенді болуы;
—
оқушылардың білігі мен біліктілігінің
жан — жақты дамуы;
— логикалық
ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Қорыта келгенде,
Пажарестің
«білім беру стилін таңдау кезінде
мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге
негізделген ой-тармақтарының ықпалы
күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде
қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің
сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай
оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып
қалған пікірлер анағұрлым күштірек
ықпал етеді.» дегендей, «Сенім» ұғымына
тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді
қолдануға тырысамын. Оқушыларда
сенімділік артқан сайын, олар жұмыс
істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың
көріне бастағандығының куәсі
болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы
қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары
көз қуантады. Мені ең таң қалдырған
іс-әрекеттердің бірі бірде- бір оқушы
тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып,
олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани
күшін нығайтып, өзін-өзі тануына
көмектеседі.Оқушының өз болмысын тануға
көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани
күш беру білімнің ең маңызды мақсаты
болып табылады.
Оқушыларды шығармашылық
жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін,
қызығушылығын арттыра түсу үшін,
шығармашылық қабілеттерін сабаққа және
сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі
әдіс-тәсілдерді қолдануға болады
Мұнда
басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың
ауызша, жазбаша тілдерінің өзара
ұштастырыла отырып және соған сәйкес
жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс
табуларын талап ету. Соның негізінде
ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты
да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей
аламыз.
Оқушыларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің
басты талабы. Осы талап тұрғысынан
алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың
сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру
жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың
маңызы ерекше.
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай
технологияны пайдаланған кезде де
оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы,
ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы
мен еркіндігі, шығармашылдығы,
көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз
етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын,
танымдық белсенділігін арттыруда
шығармашылық сабақтарды өткізудің,
оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық
ой-өрісін арттыруда алатын маңызы
ерекше.
Оқушылар қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Баяндамамды Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Бағдарламаның ОӘК: Мұғалімге арналған
нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік
Мектебі» ДББҰ, 2014 жыл.
2.
Интернет ресурстары
3.
С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде
және ізденіс оқыту ретінде», Алматы
,2003 жыл
4.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыта оқу
жүйесі
(Әдістемелік құрал)
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Тақырыбы: Бастауыш сыныпта«Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын сабақта тиімді пайдалану»
Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп МДШО және МЖИ КМИ
Бастауыш сынып мұғалімі: Алмаханова А.Ж
Ұзынағаш ауылы
2015 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген