жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сын тұрғысынан ойлау. В есебі
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна В-есебі
ІІІ топ
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
Білімді болу деген сөздің мағынасы- белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу.
Әбу Насыр әл-Фараби
Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдаған себебім: оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді.Тізбектелген сабақтар топтамасында алдағы сабақтарымды өту мақсатында 6 «Б» сыныбында биология сабағын алдым. Бірінші сабақ «Саңырауқұлақтар» тақырыбында өттім. Сыныпта оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері » бойында бір – біріне жақсы жылы лебіздерін білдірді. «Сабақ барысында саттілік тілеймін» деген сияқты тілектерін айтты.Осы сәттен бастап оқушылар арасында бір-біріне деген сыйластықтарын арттыруға тырыстым. Өзімде сол шеңбердің бойында тілек тілеп қатыстым.Сыныпты шеңбер бойымен «Санамақ » әдісі арқылы біріктіріп алдым. Алдымен жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын«Таза тақта» әдісі бойынша пысықтады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушы бойынан шапшаңдықты, ойларының жүйрік екендерін байқадым. «Бағдаршам» әдісімен бағаланды.Миға шабуыл суреттермен жаңа сабақты таныстырдым. 1 тапсырма «Кім жылдам?» әдісін жаңа тақырыпты меңгерту үшін пайдаланған болатынмын. Шапшаңдығы баяу С деңгейдегі оқушыларға бұл әдіс оңай тиген жоқ . Себебі жылдамдығы жоғары оқушы сол оқушыға тапсырма жүктеп орындалуын қадағалап отырады. Ондағы мақсат үндемейтін оқушыны да сабаққа тарту , ең болмағанда оқушының қимыл -қозғалысына бір-екі әрекет қосу болатын. Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды орындап өз ойларымен қызу пікір талас жүргізіп өз ойларымен бөлісті,бірін бірі бағалады.»Венн диаграммасы» салыстыру тапсырмаларын бердім.Топ мүшелерімен бірге сабаққа қызығушылығы баяу оқушы да қорғауға атсалысқанына риза болдым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл »- дегендей топ мүшелері жеңіске жетуге деген ұмтылыстары өте қарқынды «Бағдаршам» әдісімен топ мүшелері бағаланды.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна В-есебі
ІІІ топ
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтілген сабақ сыныптың барлығына түгелдей ұнағандығы жазылған.Уақытты ұтымды пайдалану үшін берілетін тапсырмаларды деңгейлеп беруге тырысамын.Оқушыларға сыныпты топқа біріктіргенім, берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындағандарын айтты.Топ мүшелері бағалау кезінде қаншалықты деңгейде белсенділік танытқанын, тапсырмаларды орындауы оқушы өзін-өзі бағалау керектігін сезінді.
Екінші сабағым Зең саңырауқұлақтары тақырыбына өттім. Шаттық шеңберін орнатып оқушылар бір-біріне «Гүл силау» әдісі арқылы жылы , ыстық лебіздерін білдірді. Бұл әдіс бойынша оқушылар арасында өзара құрмет пен сыйластықтың қалыптасып келе жатканына өзім қуанып қалдым. «Кемпірқосақ» әдісі арқылы сыныпты үш топқа топтастырып алдым.Кемпірқосақ түстерінде үй тапсырмаларының сұрақтары жазылған,соны бірлесіп ойласып тапты.Оқушыларымның тапсырманы орындау барысында уақытты ұтымды пайдалануға, ширақ қимылдағандау үшін топ ережесімен таныстырдым.»Кім тапқыр»әдісі арқылы суреттермен тапсырмалар бердім.Зең саңырауқұлақтарының түрлерін ажыратып, олар туралы мәлімет айтып топ ішінде талқылады. Оқушылар өз ара бағалап , өздерінде бағалай алды. Сабақты қорытындылау кезінде «Түймедақ күлтелері» әдісімен аяқтадым. Бұл әдіс топтардың білімін тексеру мақсатында әр күлтелерге сұрақтар жасырылған, топпен ұйымдасқан түрде бірлесіп тауды.Сабақты қаншалықты ұнағандары, нені меңгергендері, болжам жасағандарын көруге болады.Мадақтау сөздермен бағалап отырдым. Сабақта қолданған түрлі әдіс-тәсілдерім сергіту сәттері оқушыларға қатты ұнағандарын айтып өздерінің ойларымен бөлісті. «Кім жылдам ?» әдісі кезінде «Түймедақ күлтелері» әдістерінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ашылғанын байқадым. Кері байланыс «Білім ағашы» әдісімен бағаланды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып жапыстырды. Болашақта кәсіби қызметімнің даму үдерісінде оқыту үдерісі мәнді болу үшін, тапсырмалар мен жұмысты тиімді әрі түсінікті етіп
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна В-есебі
ІІІ топ
ұйымдастыруға және өзіміздің білімімізді өрістетемін деген мақсаттамын.Әр сабағым қызықты өту үшін , түрлі қызықты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, толықтырып отыратын боламын. Өткен сабақтарым оң нәтежесін бергенін, өзімнің бақылауға алған оқушыларның іс-әрекеттерінен көрініс тапқанына қуанышты болып және өз бойымдағы осындай өзгерістерді дамытуға бағыттау керектігімді түсіндім.
Арман-жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ,
Бағдар болмаған соң , алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
Лев Николаевич Толстой.
Үшінші сабағым Қалпақшалы саңырауқұлақтар тақырыбында өттім. Шаттық шеңбері, сергіту сәті, үй тапсырмасы «Көңілді жемістер» әдісімен пысықтадым. Әдістің өзгешелігі жемістерде көңіл күйді білдіретін смайликтер бар, сол көңіл күйді топтар бірлесіп тауып, жемістерде үй тапсырмасының сұрақтары бар, топ мүшелері бірлесіп сұрақтарға жауап берді.Әр топта көшбасшы сайлау арқылы топтар өзара бір-бірін бағалап отырды.Топтарды «Алма» «Алмұрт» «Құлпынай» жемістер аттарымен біріктіріп, топ ережесімен таныстырдым.Оқушыларға өзін өзі бағалау парақшаларын бердім, ондағы дескриптормен таныстырдым.
-Зең саңырауқұлақтарының түрлерін анықтайды
-Қалпақшалы саңырауқұлақтарға сипаттама бере алады
-Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар туралы біледі
Әділетсіздікке жол бермеу мақсатында қателерін де ескеріп отырдым.Үй тапсырмасы »Білім ағашы» әдісімен бағаланды. . АКТ-ны видеороликті сабақта пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып қоймай,жаңа сабақты миға шабуыл жасау мақсатында оқушылардың ой-өрістерін дамытып пәнге деген қызығушылығын арттыру болатын.Жаңа сабағымыз Қалпақшалы саңырауқұлақтар екендігі жайлы білдіру.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна В-есебі
ІІІ топ
«Постер қорғау» әдісі арқылы оқушылар мәтінмен жұмыс жасап үйренеді. Бұл жерде қалпақшалы саңырауқұлақтар, жеуге жарамды саңырауқұлақтар, улы саңырауқұлақтар туралы постер қорғайды.

Саңырауқұлақтардың шаруашылықта маңызы туралы оқушылар көп мәлімет алады. А деңгейдегі оқушы С деңгейдегі оқушыға бағыт бағдар беріп, сабаққа жақсы меңгеруіне көмектеседі. В деңгейдегі оқушылар тапсырманы жақсы меңгереді.Оқушылар өзара бір-бірін бағалай алды.Мадақтау сөздерімен де бағалап отырамын. Сабағымды «Саңырауқұтар тере барғанда » әдісімен аяқтадым, әр топтарға себет беремін сұрақтарға жауап бере отырып, саңырауқұлақтар тереді.Өзін өзі бағалау парақшаларын толтырып, бағалайды. Сабақтан алған әсерлер стикерлерге жазып, «Білім ағашына» жапыстырады. Сабақты қорытындылап, үйге тапсырмалар бердім.Алдыңғы сабақтардан айырмашылығы, жаңа әдіс тәсілдердің арқасында оқушылар сабаққа толық қатыстырдым.Осыған орай оқушыларды тек білім беріп қоймай олардың назарын білгендерін жадына сақтауға , қабілетін , өз ойын еркін жеткізетін, тіл шеберлігін , зерделі білім алу құлшылығын ояту өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру- сол мектепте жүргізілген пәннің нысанасы , пәнді оқытатын мұғалімнің міндеті болмақ.Бәсекеге қабілетті өзіндік «мәні»бар тұлғаны қалыптастыру әрбір ұстаздың шәкірт алдындағы негізгі –міндеті болып табылатындығын ұғындым..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген