15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сын тұрғысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технологиялар
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ДАМЫТАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын» технология Халықаралық Оқу Ассоциациясы, Солтүстік Айова университеті мен Хобард және Уильям Смит колледждерінде өңделген. Бағдарлама авторлары Чарльз Темпл, Джинни Стил, Курт Мередит. Бұл технология әр түрлі пәндер саласында қолданылатын түбегейлі жоспарлар мен әдістемелік тәсілдер жүйесі болып табылады. Ол білім беруде мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: білім саласында үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, өз ойларын жеткізе білу (ауызша және жазбаша түрде), айналасындағылармен анық, сенімді, нақты қарым қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу; проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу (академиялық ұтқыр); топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау; басқа адамдармен сындарлы қарым - қатынас жасауға қабілеттілік.
Сыни ойлауды дамыту технологиясына үш кезеңнен тұратын сабақ түрі жатады:
1-кезең – қызығушылықты ояту (evocation);
2-кезең – мағынаны ашу (realization of meaning);
3-кезең – ой толғаныс (рефлексия) (reflection)
Психологтардың пікірінше, сабақтың мұндай түрі адамның қабылдау кезеңдеріне сәйкес келеді:
-
әуелі бұл тақырып бойынша сізге не белгілі екенін еске түсіру керек, көңілді аудару керек (кіріспе ой қоғау);
-
сосын жаңа ақпаратпен танысу керек, оны ұғыну керек (танымдық кезең);
-
содан кейін бұл алынған білім саған не үшін керек, оны қалай қолданатыныңды ойлану керек (рефлексия бағалау кезеңі).
Бірінші кезең оқушыларды танымдық процеске жұмылдырады, өздерінде бар білімді, әсерді, сезімін өзектендіреді (актуалдандырады); қызығушылығын оятады, оқушыларды оқытуға жағдай тудыратын білімқұмарлық атмосфера жасалынады.
Дәл осы кезеңде оқушылар ойлана бастайды, болжалдайды, сосын жаңа тақырыптың мақсатын анықтайды, бұл олардың болашақта ізденуіне стимул болады, «егер оқушыларға осы оқылып жатқан тақырып бойынша өз білетіндеріне талдау жасауға мүмкіндік берілсе», онда ол «оқушылардың өз мақсаттарын тұжырымдауға қосымша ынталандыру (стимул) болады »[Заир-Бек. С.И.].
Оқу процесіне қажетті ішкі себеп көптеген ғалым – дидактиктердің (Дж. Дьюи, Б. Блум және басқалардың), ойлары бойынша оқушылардың өздеріне білім алу мақсатын қойғызғанда ғана жүзеге асады. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде оқушылар «жаңа ақпарат пен идея өздерінде бар біліммен толыға ма, әлде тек сырттай дәлелдене ме?» деген сұрақты шешеді. (С.Мирсейтова). Мақсат қойып оқу - мақсатсыз оқудан әлдеқайда тиімді. Әсіресе, оқушылардың өздері қойған мақсаттары басқаның зорлап міндеттегеніне қарағанда маңыздырақ. Сондықтан мұғалім өзінің алдын - ала қойған мақсатын түзетуге дайын болуы керек және әрбір оқушының сабаққа араласуына мүмкіндік туғызуы қажет, олар өздерінің білімі мен тәжірибесін актуалдандыруды мақсат қылуы керек. Мұғалімнің бұл кезеңдегі ролі оқушылардың тақырып бойынша білетінін еске түсіруге ұмтылдыру, топтарда жанжалсыз ойлармен алмасуға мүмкіндік беру, аудиторияда айтылған ақпаратты тіркеуде. Оқушылардың еркін айтқан барлық ақпараттарын жүйелеу тек қана айтылған пікірлерді тәртіпке салып қоймайды, қарама-қайшылықты да, анықталмаған кезеңдерді де көрсетеді, ол жаңа ақпаратты зерттеуде болашақ жұмысқа бағыт береді. Әрбір оқушы өзінің көңілін қай кезеңге бөлуі керек, ал қай ақпаратты тек тексеру қажет екенін анықтайды.
Осылайша, сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Қызығушылықты ояту» бірінші кезеңі келесі қызметтерді жүзеге асырады:
-
Дәлелдеме (мотивациялық) –тақырыпқа, жаңа ақпаратқа қызығушылықты ояту:
-
Ақпараттық – бар білімді актуалдандыру және жүйелеу
-
Сындарлы қарым-қатынас, байланыс (коммуникативті)– жанжалсыз ой алмасу
-
Мақсат қою – зерттелетін тақырыптың мақсатын анықтау.
Екінші кезең «Мағынаны тану» оқушылар жаңа ақпаратты алғанда, жаңа идеялар ойға келгенде жүзеге асады.
Сыни ойлауды дамытудың көптеген шарттарының бірі зерттелетін мәліметпен жұмыс жасағанда өз түсінігіңді бақылау болып табылады. Дәл осы міндет оқу процесінің мазмұнды түсіну кезеңінің негізгісі болады. Ең маңыздысы - жаңа тақырып бойынша жаңа ақпарат алу. Егер қызығушылықты ояту кезеңінде өз танымының бағытын анықтаса, енді мұғалім түсіндіру сәтінде күтілетін нәтижеге сұрақтар қою арқылы екпін бере алады. Бұл кезеңде жұмысты ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Ол түсінік беру, жеке лекция оқу, жұппен, топпен оқу, бейнематериал қарау т.б. болуы мүмкін. Қай жағдайда да оқушы ақпаратты жеке қабылдайды және жеке зерттейді. Сыни ойлауды дамытатын педагогикалық технологияның алғашқы кезеңіндегідей, мағынаны тану сатысында да өз бетінше белсенді білім ала отырып, мақсатқа жетуді жоспарлайды. Оқушылар алдын-ала қойылған сұрақтарға жауап алуы мүмкін, жұмыстың алғашқы кезеңінде пайда болған қиындықтарды шешеді. Бірақ барлық сұрақтар мен қиындықтар шешілмеуі мүмкін. Бұндай жағдайда мұғалім оқушыларды мұратқа жетелеу үшін жаңа сұрақтар қоюға тырысуы керек, сол жұмыс жасап отырған ақпараттарына басқа қырынан келуі керек:
Мағынаны тану кезеңінің мазмұнында оқушы:
-
Жаңа ақпаратпен танысады.
-
Жаңа ақпаратты өзінде бұрыннан бар біліммен, тәжірибемен байланыстырады..
-
Пайда болған сұрақтар мен қиындықтарға жауап іздейді..
-
Түсінбеген жерлерге көңіл бөледі, жаңа сұрақтар қояды, мақсатқа түзету ендіреді.
-
Жаңа ақпаратпен танысу процесін бақылайды, өздерінің көңілдерін не аударып тұрғанын аңғарады, қандай аспект қызық және неге екенін түсінеді.
-
Естіген және оқыған мәліметтерді талдауға және сараптауға дайындалады.
Оқушының бұл кезеңдегі міндеті - мазмұнмен айналысу, жаңа идеяларды өзінде бар біліммен байланыстыра білу. Оқушылар ақпаратпен белсенді жұмыс жасап, ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алуы қажет, маңызды ақпараттарды елеусіз ақпараттардан ажырата білуі, бар білімді жаңа біліммен кіріктіре алуы, жаңа жағдайлар мен мүмкіндіктерге ақпаратты қолдануға машықтануы қажет.
Мұғалім бұл кезеңде:
-
Жаңа ақпараттың тікелей көзі. Бұл жағдайда ол жаңа ақпараттаы түсінікті әрі қызықты етіп жеткізе білуі керек.
-
Егер оқушылар мәтінмен жұмыс жасап жатса, мұғалім олардың мәтінді оқу барысындағы белсенділігін, ынтасын қадағалайды.
-
Мәтінмен жұмысты ұйымдастыруда ойланып оқуды және оқығанды талдау үшін мұғалім әртүрлі әдістерді қолданады.
Осылайша, сыни ойлаудың «Мағынаны тану» екінші кезеңі мынадай қызметтерді атқарады:
-
Ақпараттық - (тақырып бойынша жаңа ақпарат алу).
-
Жүйелілік - (алынған ақпаратты білім деңгейі бойынша топтастыру).
-
Мотивациялық– (тақырыпқа қызығушылығын, танымдық ұмтылысын құптау)
-
Коммуникативтік– (жаңа ақпаратты алуда жанжалсыз ой алмасу)
-
Мақсат қоюшылық – (пайда болған жағдайға байланысты оқыту мақсатына түзетулер енгізу).
Үшінші кезең «Рефлексия» (толғаныс)
Рефлексия – білім алудың қорытынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін, түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін көрсете алатын кезең.
Бұл саты саналы талдаумен, алынған білімді тәжірибеде қолданумен, жаңа идеялар мен түсініктермен жинақталады, бұл әркімнің жеке білімінің көрінетін уақыты. Рефлексия арқылы оқушылар өз ойларын айқын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады және жаңа ақпарат пен өз білімінің толығуын тексере алады, яғни бұрынғы білім негізінде жаңа білім жасалады. Рефлексия үрдісінде игерілген жаңа білім - өз біліміне айналады. Ой толғаныс ойды мұқият таразылауға, бағалауға, таңдауға, болжай білуге үйретеді.
Рефлексиялық талдау мен бағалау сын тұрғысынан ойлау технологиясының барлық кезеңдерін жанап өтеді, бірақ үшінші кезеңде ғана мұғалім мен оқушы әрекетінің негізгі мақсаты болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Рефлексия», яғни үшінші кезеңі мынадай міндетті қызметтерден тұрады:
-
Коммуникациялық – жаңа ақпарат туралы пікір алмасу.
-
Интерриаризациялық - жаңа білімді иемдену.
-
Мотивациялық - ақпарат кеңістігін әрі қарай кеңейту
-
Бағалау – жаңа білімнің бұрынғы біліммен сәйкестігі, өз ұстанымын жасау, үрдісті бағалау.
Берілген 3 кезеңді құрылым сабақты оқыту процесі ғана болып қоймайды, оқушылардың өздерінің таным процесін зерттеуіне, мазмұнды өздері оқып түсінуге әкеледі. Оқушылар оқытудың барлық процесі қалай ашылатынын көреді, оны мұғалімнің көмегінсіз өзінің үздіксіз білім алуында пайдалана алады. Онан басқа, мазмұн да, оқу процесі де олардың есінің ұзақ уақыт сақтау қабілетін қалыптастырады. ( Мазмұн + оқу процесі = ұзақ уақыт есте сақтау).
Сабақтың 3 кезеңді құрылымы сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік туғызады. Сыни ойлау- яғни жаңа білімге бұрынғы өзіңде бар білім арқылы келу. Бұл құрылым оқушының өзінде бар білімді жандандыруға уақыт береді, түсініктер мен құбылыстарды қайта жаңғыртуға әкеледі. Сыни ойлауды дамыту технологиясы танымдық қажеттілікті қанағаттандырып қана қоймайды, өзін-өзі тануды да үйретеді. Танымдық процесс болғандықтан, оқушылар түсініктер мен ойлардың мазмұны жайында, ақпарат пен жай білім туралы ойланады. Ал өзін-өзі тану процесі де қатар жүретіндіктен, олар өз түсініктері жайында да ойланады. Оқушылар өздеріне сұрақ қояды: «Бұл туралы мен не ойлаймын?», «Алынған ақпарат менің білетініммен сәйкес келе ме?», «Жаңа ақпаратты ала отырып, мен не істей аламын?», «Жаңа ақпарат, жаңа идеялар менің көзқарасыма, ойларыма қалай әсер етті?»
Оқушылар өзін-өзі тану барысында қандай жағдай болады? Бұл кезде ол жаңа түсініктерді жақсы естиді, жаңа ақпараттар мен тұжырымдамаларды ұғынудың жаңа тәсілі пайда болады. Олар ойлауға икемді болады - өзінің ойлауын бақылауға мүмкіндік алады; жаңа ақпаратты қабылдауға қабілетті болады - жаңа білімді бұрынғы біліммен сәтті байланыстыра алады. Оқушылар «өздерінің бұрынғы ойлау жүйесіне жаңа идеялар мен әсерлерді қабылдауға ашық», «өздеріне таныс түсініктер, өздерінде бар білім қолданылғандықтан, ойлары мен пікірталастарын еркін тұжырымдай алады.» (23-бет) Өз білімдеріне сенімді болғандықтан, мәселені шығармашылық тұрғыдан шешуге жақсы дайындалады, жаңа пікілер мен жаңа ойларды құруға жақсы дайындалады.
Сабақтың үш кезеңдік жүйесі оқушыларды тиімді оқытудың төмендегі механизмін қамтамасыз етеді. [Заир-Бек. С.И.]:
|
Бар білімді өзекті етіп қоя білу, білім берудегі қиындықтар мен кемшіліктерді анықтау, оқу әрекетінің мақсатын қою. |
Жаңа ақпаратпен танысу, оны өзінде бар біліммен салыстыру, қойылған сұрақтарға жауап іздеу, кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарды табу, мақсатқа өзгерту енгізу. |
Жаңа ақпаратты жинақтау және жүйелеу, оған баға беру, оқу материалына өзіндік көзқарасын қалыптастыру, оқу қызметінің жаңа мақсаттарын қою |
Сабақтың кезеңдерін, өзінің танымдық әрекетінің механизмін бақылау - оқу мен ғылымдық танымның әдістемесін түсінуге көмектеседі. Оқу процесінде оқушылар нақты және шынайы мақсаттан оқу процесін өздері құрастырады, өзінің даму бағытын өзі бақылайды, соңғы нәтижені өзі анықтайды. Сонымен сыни ойлауды дамытатын педагогикалық технология жеке тұлғаға бағытталған, оқытуда субьектілік қатынасқа негізделген және бұрынғы мектеп жұмысын шынайы шығармашылықпен жұмыс жасайтын, мақсатты, мазмұнды әрекетке негізделген оқытуға айналдырады.
Сыни ойлауды дамытатын педагогикалық технология негізіне 3 кезеңдік жүйе жатады, бірақ оқу процесі тиімді жүру үшін авторлар (Дж.Стилл, Ч.Темпл, К.Мередит) ұсынған методикалық әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдап, келісімді қиыстыра пайдаланған жөн.
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕР МЕН ӘДІСТЕР.
«Ассоциация» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
-
білімді проблема бойынша актуалдандыру;
-
проблема туралы өз білімін ұсыну ;
-
проблеманың сызбасын көрнекілікпен көрсете білу (оқыған тақырып бойынша алынған ақпаратты);
-
ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасау;
-
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары:
1
-қадам: шеңбер сызып, ортасына тақырыптың атын жазу,
мысалы ,«Күз».
күз


2-қадам: дәптерлеріне «Күз» тақырыбына байланысты өздері білетін ақпараттарды жазу - жеке, нәтижесін әуелі жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылау.
3-қадам: барлық топтардың «Күз» тақырыбына жазғандары бойынша класта презентация жасау.
4-қадам: жалпы класқа тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау.
«Түртіп алу» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
-
оқылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалау;
-
ойлаудың іске асуын белгілеп отыру (маркердің көмегімен);
-
бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастыру;
-
берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау;
-
мәтін мен оқылған проблемаға сұрақ қою, тұжырымдау;
-
алда оқылатын проблеманың бағытын анықтау;
-
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары:
1 қадам: мәтінді оқу, мысалы, «Мектеп. Мектеп ұжымы» мынадай белгілермен:
«V» - маған таныс;
«+» - мен үшін жаңа;
«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;
«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді.
2- қадам: өз бетінше оқыған мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылау.
«Эссе» немесе «Еркін жазу» әдісі
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
-
оқылған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады;
-
проблема бойынша өз көзқарасына рефлексия жасай алады;
-
ұсынылған проблема бойынша өз көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады;
-
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: тақырыптың қойылуы.
2 -қадам: оқушыларға тақырып бойынша түсінгендерін 5 (10) минут бойы үздіксіз жазғыза беру (тақырып бойынша білгендерін), ойларына не келсе, соны жаза беру, және тақырып бойынша бір ғана сұрақ беру.
3 -қадам: жазғандарын әуелі жұпта бір-біріне оқып беру, сосын топта оқылады, жазылғандарды кері байланыс жасау үшін мұғалім жинап алады
«Тоғысқан пікірталас» әдісі:
Күтілетін нәтиже.
Оқушы жасай алады:
-
проблемаға қарама - қарсы көзқараста қарай алады;
-
идеялар ұсыну ;
-
шешімді өлшей қабылдау дағдысын қалыптастыру;
-
пікірлестер мен қарсыластарды есту және тыңдай білу;
-
қарама- қарсы көзқарастарды талдау және түсіну ;
-
қарсыластардың ұстанымын түсіну мақсатында сұрақтар қою және тұжырымдау;
-
дәлелдемелер арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;
-
таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі
Жүзеге асыру қадамдары:
1 қадам: «Қай жерде лас болмаса, сол жер таза ма?» проблемалық сұрағының қойылымы
2 қадам: «Т- сызбасы» немесе «Пікірталас карта» бойынша жұмыс (әр оқушының жеке жазба жұмысы):
Қай жерде лас болмаса, сол жер таза ма?
|
Ия |
Жоқ |
|
Дәлелдемелер |
Дәлелдемелер |
3- қадам: жұптық жұмыс ( Т-сызбасы бойынша талдау).
4 -қадам: «Т-сызбасы»бойынша жазылған қорытынды нәтижесі (жеке).

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген