400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету А есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал ұстаз мұғаімдерге әдіс алмасу үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі

Кенжегараева Гульшат Жаксылыковна

ІІІ топ А есебі

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Адамның адамшылығы ақыл, ғылым,жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласының ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрселермен озады.

Абай Құнанбаев.

Дүние жүзінде дамыған елдерде білім беру жүйесінде танымал оқыту әдіс тәсілдерінде «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы кең тараған.

Мұғалім оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекетінің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Мұндай қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Сыни тұрғыдан ойлау – әрбір адамның,оқушының өзіндік және жеке ойлауы болып табылады.Сұрақтар қойып, шешімін қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Егер өтетін сабағымыз «Сыни тұрғыдан ойлау модуліне» негізделген болса, әрбір оқушы өз ойларымен , пікірлерін тәуелсіз құрайтын болады.Мұнда оқушы тек еркін пікір жүргізіп, айтып қана қоймай, өз ой-пікірін қағазға түсіріп отырады. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз «ойлау туралы ойлану» деген мағынаны береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибені түсінуді және пайымдау нәтижесінде алған білімдерін ұғыну , талдау , синтездеу кезінде қолданылатын әдістердің бірі.

Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздну қабілеттері дамиды жәнеқабілеті төмен оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлау мәтіндерді есепке ала отырып бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер келтіреді. Александр өз тәжірйбесінде жасап зерттеп балаларға білім берудің бес үлгісін анықтаған болатын.

  1. Механикалық есте сақтау – сабақ барысында айтылған фактілерді өмірде қолдана алуы.

  2. Декламация – сабақты қортындылау кезінде тест сұрақтары арқылы тарауды қайталап еске түсіру .

  3. Нұсқаулық- оқушыларға қалай жұмыс жүргізуге түсіндіруге бағытталған.

  4. Талқылау- кез-келген мәселені шешу барысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісу.

  5. Диалог- түсінгендері мен ойларын тездетіп жеткізуге ықпал ететін құрылымдалған кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы мақсатқа жету.(МАН– 47 бет) .

Осы айтылған бес үлгіні оқушы бойында табылса бұл ұстаздың ең биік жетістігі.

Қазақ зиялылырының бірі А.Байтұрсынов «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде «Бала білімді тәжірибе арқылы алу керек»,-деген. Күнделікті өз сабақтарымда оқытудың негізгі де тиімді тәсілдерінің бірі - сын тұрғысынан ойлау модулінің идеясымен қарастырғалы отырмын.Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да,мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуға сапалы және оймен қабылдауын көздейді.

Мен « Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдіс- тәсілдерін сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 6«Б»- сынып оқушыларына биология сабағымда « Саңырауқұлақиар дүниесі » тақырыбында АКТ - ны пайдалана отырып , сабаққа деген ынтасы мен пәнге деген қызығушылығы арттырамын.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін екі мағынада қарастырдым: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Модул өзара екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты , дәлірек айтсақ : тыңдау мен қызығу арқылы оқу , мәнмәтінге көбірек көңіл бөліп , шешім қабылдау кезінде тиісти өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса , мұғалімдер : білім беру мен оқыту үдерісін түсіндіру үшін қажетті теориялық білім ; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек. (МАН -46 бет)

Сыни тұрғыдан ойлау маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мен осы бағытты басшылыққа ала отырып, мектептегі тәжірибе кезінде 6 «Б» сыныпқа биология пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіземін. Тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында оқушының сыни ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірнеше әдіс-тәсілдерді қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда «Таза тақта» әдісін, «Кім жылдам» , «Венн диаграммасы» әдісі, «Кемпірқосақ» « Кім тапқыр?» әдісі, «Түймедақ күлтелері» , «Көңілді жемістер» , «Шаттық шеңбері» «Постер қорғау » , «Саңырауқұлақтар тере барғанда», «Өрмекші торы», «Ауадағы сұрақтар» , «Айналмалы бекет» , «БІЛІМ ағашы» әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстарын жүргіземін. Сабақтарымды меңгертуде тек пәндік білім беріп қоймай, оқушылардың жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны ерекше болды.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда қолдануда мен мақсат қоямын. Балалардың осы кезге дейін сыныпта және өмірде қалыптасып қалған дәстүрлі өз ойларын ашық айта алмай жансақтанып , үрейленуі , сыни тұрғыдан ойламағандықтан көзқарастар қайшылығының туындамауы сияқты келеңсіздіктерді жоюға тырысамын. Оқушының алдына ұсынылған әрбір тапсырмалар сыртқы көзқарас тұрғысынан қарап қана қоймай, оның ішкі мәніне сыни көзқарас тұрғысынан терең үңіле қарауға бағыттаймын. Өзімнің жүргізген тізбектелген сабақтар топтамамда алғашқы сабақтан бастап, соңғы сабағыма дейінгі кезеңде оқушыларды сын тұрғысынан ойлану принциптеріне баулу арқылы лидерлік қасиеттерді қамтамасыз етуге тырысамын. Яғни, балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек . Тізбектелген сабақта, үй тапсырмасын тексеруде өткен тақырыпты «
Таза тақта» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни қабілеттерін байқағанды жөн көремін. Оқушылар сұрақ қойып , қойылған сұрақтарға өз ойын нақты дәлел келтіре отырып айтады. Осы кезде оқушының сыни ойлау қабілетінің жоғары екені байқаймын. Әр тапсырма сайын оқушылар бірін -бірі «Мадақтау»арқылы бағалап отырамын.

Барнстың (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына да соншалықты әсер ететінін айтады. Келесі тапсырмада оқушылар, «Постер қорғау» әдісі арқылы топтасып сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінмен жұмыс жасайды. Сабағымды қорытындылау мақсатында әр оқушыға жекелеген стикерлер беріліп Смайликтер арқылы кері байланыс орнатамын. Алғашқы сабағымда түрлі әдістерді пайдалану арқыл сыни тұрғыдан ойланатынын байқап , оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында келесі сабақтарымда одан әрі қарай жандандырып сабақ өтуді көзденемін. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы топқа бөлу арқылы оқушылар өздеріне жауапкершілік жүктелгенін сезініп алға ұмтылыс қалыптасып ,сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар өз ойларын еркін ашық әрі емін-еркі бүкпестен жеткізе алатын болды.Дос пікірін тыңдауға,ойласуға үйренді. Әр баланың ойы сан-алуан.Сабақтарға оқушылар толық қатысатын көзі ашық білімді азаматтар болатынына сенемін. Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлауға болады. Алдағы уақытта осы жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді барынша түрлендіремін, болашақта барлық сыныптарда, барлық сабақтарымда түрлендіріп, жаңғыртып отырамын.

Сын тұрғысынан ойлауға оқыту әрбір оқушының ой- өрісін, олардың даму деңгейін көтереді. Оның өзін- өзі дамытуға, өзін- өзі бағалауға, басқаларды да ойын ашық жеткізуге әсер етеді. Әрі қарай да сабақтар осылай өтсе біршама балаларға, олардың келешек өміріне көмегін тигізетініне сенемін.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі