400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шынайы білімнің нұры

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып. Өмірде дұрыс әрекет жасау адамның басты қағидасы болып табылатынын түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: № 18 М.Сатыбалдиев атындағы мектеп Мерзімі: № 5-сабақ Сабақтың тақырыбы: «Шынайы білімнің нұры» Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Жаукен Асыл Аманбайқызы Сыныбы: 8 «в,г,д,е»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмірде дұрыс әрекет жасау адамның басты қағидасы болып табылатынын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - өмірде басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу;

Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстыру.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.



2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің ұстазым» тақырыбына эссе жазып, оқу.


3. Дәйексөз

«Білімдінің сөзі – ем, Мейірімі көп, өзі кең»


Өз пікірлерін білдіреді.

4. Әңгімелеу

Ұядан ұлы жолға Сапарғали Бегалин

  • Айғаным әже ауыл ақсақалдарын тоқым қағарға не үшін шақырды?

  • Дабашинский Шыңғыс ауылына қандай мақсатпен келді?

  • Шыңғыстың «Шоқанжан енді артыңа емес алдыңа қара. Өмірдің өрі алдыңда» деген сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Шынайы білімді адамның қасиеттері қандай болады?

  • Өз өміріңде білімнің пайдаға асқан кезі болды ма? Айтып бер.


5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: Төмендегі ұлы тұлғалардың ой-тұжырымдар- ын оқып ортақ түйінді ойыңды айтып бер.

«Оқу, білім – жанған шырақ ойласаң,

Үйренерсің, іздеп көрсең – қалмасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң»Ж.Айтмауытов


« ..... Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспайды жалтырай да жарқырайда береді» Қаныш Сәтпайев


«Дүние тану, білімге талпыну әрбір адамның аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі. Егер талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса , тек аңша қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу – прогресс те болмас еді»

Әлкей Марғұлан

..... Жанды білім жүрек үшін болады. Жанды білімнің мақсаты – әрбір оқушының жүрегіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен қасиеттерінің мәнін ашып, жарыққа шығару арқылы өзін-өзі тануға, өмірдің мәнін іздеуге және өмірдегі өз орнын табуға жағдай туғызу.

Ізгі педагог Ш.А Амонашвили «Жанды білім – ол адамды рухтандырады, ғылымның көкжиегіне бастайды, өм ді жаңаша құруға жетелейді, іздену үшін ойларды шабыттандырады, нұрландырады, дамытады,жанды білім қанат бітіреді.Жанды білім білім беру мәдениетін құрайды»





6. Топпен ән айту

Ұстазым Аманжол Шамкенов

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын. Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Есімде әліппені жаттатқызып Ғажайып дүниенің сырын жайып

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның. Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Қалдырған ізің мәңгілік Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Жадымда тұрар жаңғырып Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Ұстазым, менің ұстазым! Келеді жана бергім, жана бергім!


7. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: Әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаев жайлы материал жинақтап, мақала әзірлеу.

Күнделіктеріне жазып алады



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі