400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Шынайы көшбасшы

Материал туралы қысқаша түсінік
Шынайы көшбасшы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шынайы көшбасшы

«Көшбасшылық-ерлер мен әйелдерді бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық»

Бернард Монтгомери, британдық фельдмаршал


Көшбасшылық-бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы-бұл жұмыс беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көру қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Барлық шарықтау мен құлдыраулар көшбасшылықпен анықталады. Ал қасиеттер шынымен іште қалыптасады. Егер ішіңізде сіз қалағандай көшбасшы болсаңыз, өмірде де дәл сондай көшбасшыға айнала аласыз. Адамдар сіздің артыңыздан еруді қалайтын болады. Бұндай жағдай орнаған кезде, сіз әлемдегі адам жасай алатын бар мәселені шеше алатын адамға айналасыз!

Бірінші қасиет: Мінез-құлық: жартастай берік бол!

Өмірлік қиын жағдайларда көшбасшының қалай әрекет ететіндігі оның мінезі туралы көп нәрсе айтады. Күйзеліс мінез-құлықты қалыптастырмайды, алайда оны айқындап ашады. Үлкен қиыншылық – жолайрыққа апаратын, адамды таңдау үстіне қоятын, өзгерісті сәт: не мінез-құлық көрсету не мәмілеге келу. Жағымсыз салдарға апарса да адам мінез-құлықты таңдаса, өзін шыңдай түседі. Мінез-құлықты жан-жақты дамыту мен нығайту – бұл көшбасшылықты қана емес, жеке қасиеттерді дамытатын біздің негізгі шартымыз. Адам мінез-құлық жайлы не білу керек?

Кез-келген адам өз мінез-құлқымен өзін тұлғамын деп айта алады, бірақ оның қаншалықты рас екенін ісі арқылы білуге болады. Мінез-құлық адамдармен қарым-қатынаста жетістікке әкеледі. Әр кез көшбасшылық басқа адамдарды тартуды білдіреді. Егер сіз босаң мінезді екеніңізді адамдар білетін болса, ешқашан сіздің артыңыздан ермейді.

Көшбасшылар мінез-құлықтың шегінен ары аса алмайды. Сіз жетістікке жете салып, басын жоғалтқан дарынды адамдарды көріп пе едіңіздер? Оның кілті – мінез-құлықта жатыр. Нағыз мінез-құлық дегеніміз – ішкі жан-дүниеңіздің кең болуы.

Екінші қасиет. Харизма: бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!

Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Адамның басқа мінез-құлқы сияқты оны да дамыта алады. Басқаларға өзіңізді тартымды қылу үшін не істеу керек?

Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, кіммен араласқанды жөн көрсеңіз, соған ұқсас болуға тырысыңыз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Айтқанынан қайтпайтын қырсық па? Түңіліп жүретіндер ме? Әрине, жоқ. Олар өміріне риза, позитив, наразылық танытпайды. Ең бастысы өмірді сүйеді!

Әр адамға жоғары баға қою. Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өз күшімен миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Іскер кісілердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре алатындығы»

Адамдарды үміттендіру. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.

Тәжірибеңізбен бөлісу. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар тәжірибені айта жүріңіз. Сіздің біліміңіз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне жарасын. 

Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлау емес, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет! Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға бұру. Бұл – харизма!

Үшінші қасиет. Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: іскерлердің ауызбен орақ оратындардан басты айырмашылығы

«Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін істі жасаса, барлық уақытта өмір сүреді»-. Иоганн Фридрих Шиллер, неміс драматургі және ақыны

Іске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық. Іске адалдықтың басы жүректе жатады. Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе, мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін жүректің терең түбіне үңіліңіз. Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Іске адалдықтың жалғыз өлшемі – іс-әрекет. Артур Гордон айтқандай: «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ». Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба?

Іске адалдық – жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Көшбасшы ретінде сіз – көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыз. Алға жылжытатын жалғыз күш – сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз.

Өз мақсаттарыңызға жете аласыз ба? Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндігіңіз жететін нәрсені орындадыңыз ба? Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме? Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз!

Төртінші қасиет. Дұрыс қарым-қатынас жасай білу

«Оқытушылар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым-қатынас жөніндегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады.» Джон Максвелл

Ең тиімді қарым-қатынас – ол қарапайымдылық. Адамды еліктіріп алу үшін қатты сөздер мен қиын сөйлемдердің қажеті жоқ. Егер адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, қарапайымдылыққа ұмтылыңыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына: «Ширақ болыңдар, ширақ болыңдыр, ширақ болыңдар!» деп қайталай беретін.Нақты адамды көре біліңіз. Бір ғана адам болсын, топ болсын, адамдармен араласу барысында өздеріңізге мына сұрақты қойыңыз: менің тыңдаушыларым кімдер? Оларды қандай мәселе алаңдатады? Олардың қай мәселесін көтеру керек? Менің қанша уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әр бір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші – айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші – айтқаныңызды жүзеге асыру.Қарсы реакцияны күтіңіз. Тыңдаушыларыңызға көп мәлімет беру арқылы олармен қарым-қатынастамын деген қате түсінік. Әрдайым олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз.Басқа адамдармен қандай деңгейде араласасыз? Шыныменде араласа білу сіз үшін маңызды ма? Адамдарға шабыт сыйлап, мотивация бере аласыз ба? Сіздің адамдарыңыз түсініп, қабылдап, жүзеге асыра алатындай асқақ армандарыңыз бен жарқын болашағыңызды суреттей аласыз ба? Бірге-бір араласа отырып, ол адаммен шынайы контакт орната аласыз ба? Ал топпен ше? Егерде сіздің тереңде жатқан асқақ армандарыңызды адамдарға түсіндіре алмасаңыз, онда сіз олармен дұрыс қарым-қатынас орнатпағандығыңызда. Қарапайымдылық! Осыны ұмытпағайсыз!

Бесінші қасиет. Біліктілік: егер сіз өзіңізде оны ашсаңыз, адамдар сізге келеді.

Біз жоғарғы білікті адамдарға сүйсіне қараймыз, іскерліктің ұсталары болсын, әлемдік деңгейдегі спортшылар болсын немесе іскер бизнесмендер болсын. Алайда басқаларды біліктілік жағынан басып озу міндетті түрде Майкл Джордан немесе Билл Гейтс болу қажет емес. Егер шынымен біліктілік қасиетін дамытқыңыз келсе, мыналарды істеуіңіз керек:

Әр күн сайын біліктілігіңізді көрсету. Бірдеңені күткенде, жауапты адамдар қол қусырып отырмайды, өздерін көрсете бастайды. Бірақ шынайы құзырлы адамдар бір қадам алда жүреді. Олар өз ниеттерін көрсетіп қана қоймай, кез-келген жағдайға дайын екенін көрсетеді.Әрқашан мінсіздікке ұмтылыңыз. Адам әрқашан оқып, өсіп, өркендеуі керек. Мінсіздікке жету үшін «Не себепті?» деген сұраққа жауап іздеп отыру керек. Соңында, нені және қалай істеу керектігін білетін адамның әр кез жұмысы болады. Ал не себепті істеу керек екендігін білетін адам әр кез бастық болады.Кез-келген шаруаны ойдағыдай асыратын болыңыз.Сізден күтілетін нәрседен көбірек істеңіз. Шындығында, білікті адамдар күтілуге тиіс нәтижеден асып түсетін істер жасайды. Көшбасшылар өзінің жұмысын аяқтап, басқа қосымша жұмысты істеулері міндетті. Тіпті сирек емес, күнделікті.Басқаларды жігерлендіріңіз. Көшбасшылар артынан ергендерді жігерлендіріп, оларға мотиватор болады.Қиын жұмыс кезіндегі сіздің психологиялық дайындығыңыз қалай? Іске бар ынтаңызбен және мүмкіндігіңізбен қимылдайсыз ба? Әлде сіз кейде жақсы ғана жұмыс істей аласыз ба? Сіз кімсіз: ойшыл, қызметкер әлде сенім артуға болатын ойыншысыз ба? 

Жеке стандарттарыңыз қаншалықты жақсы болса, сіз де соншалықты жақсы боласыз!

Алтыншы қасиет. Ерлік: ерлігі бар адам, көп адамға тең.

«Ерлік – адамдық қасиеттердің ең бастысы немесе қалған қасиеттердің бар болуына кепілдік беретін қасиет!» Уинстон Черчиль, британдық премьер-министр

Істеріңіз қиын шешімдерді талап еткенде, шынайы ерлік туралы мынаны білуіңіз керек:

Ерлік сіздің ішіңіздегі күрестен басталады. Көшбасшы ретінде кездесетін әрбір сынақ, өзіңізбен күресу арқылы жүреді. Ерлік үрейдің жоқ болуын білдірмейді. Негізінде ол қорқыныш тудыратын нәрсемен күресу болып табылады.Ерлік жай ептілікті ғана емес, дұрыс әрекет етуді де білдіреді. Ерлік бір сәттегі шешім қабылдаумен немесе тамаша ойдың келе қалуымен емес, қағидалармен жұмыс істейді. Егерде сіз өзіңіздің мықтылығыңызды және оған себепші болатын сенімділігіңізді қашан көрсету керектігін білетін қасиетке ие болмасаңыз, ешқашан білкті көшбасшы бола алмайсыз!Көшбасшыға тән ерлік артынан ерушілеріне өз ісіне адал болуға дем береді. «Ерлік жұқпалы, — дейді Билли Грэм. Батыр адам өзінің мықтылығын көрсеткен кезде, қасындағылардың да омыртқасына салмақ түсіп қатаяды»Сіздің өміріңіз сіздің ерлігіңізге пропорционалды түрде кеңейіп тереңдей түседі. Бринтандық дін маман Джон Генри Ньюмен айтқандай: «Өмірім соңына жетті ме деп қорықпаңыз, ол әлі басталмады ма деп қорқыңыз».Шынайы ерлік – тосынан жақсы нәтижелер әкеледі!

Жетінші қасиет. Басқаларға қызмет істеуге дайын болыңыз: Алға жылжу үшін, алдымен басқаларды өткізіңіз

Өзіңіздің адамдарыңызды, өзіңіздің қазіргі қызметіңізден де қатты жақсы көру керексіз.

Джон Максвелл

Басқаларға қызмет істеу деген кезде, қол астыңыздағы төменгі квалификациялы, анау төменгі баспалдақтағы адамдарға көмектесу керек деген ой келетін шығар. Олай ойласаңыз, сіз қателесесіз! Қызметіңізге, қоғамдағы орныңызға байланысты емес, психологиялық ұстанымыңызға байланысты. Көшбасшылардың ең жақсылары өзіне емес, басқаларға қызмет істейді. Осы қасиетті қалай қалыптастыруға болады дейсіздер ме? Қызмет істеуге әркез дайын көшбасшы: Өзінің басымдықтарының тізімінде, басқаларды бірінші қою. Қызмет істеуге дайын болудың бірінші және маңызды белгісі – басқаларды өзінен және өзінің тілек-қалауынан жоғары қоя білу.  Олардың тілектерін шынымен маңызды деп санап, әркез көмектесуге дайын болу.

Басқаларға қызмет көрсету үшін өзіңе деген сенімділіктің болуы. Басқаларға қызмет ету үшін, өз-өзіңізге сенімді болу керексіз. Философ және ақын Эрик Хоффер оны мына түрде жеткізген: «Өзімізді қалай жақсы көрсек, өзгені де дәл солай жақсы көре білу, нағыз керемет; өзімізге қалай қарасақ, өзгеге де дәл солай қараймыз; өзімізді жек көрсек, өзгені де жек көреміз; өзімізге шыдамдылық танытсақ, өзгеге де шыдамды боламыз; өзімізді кешірсек, өзгені де кешіреміз. Біздің әлемді шайқалдыратын қырсықтықтың тамыры асқан махаббат емес, өзіңе деген жек көрушілік». Жеке бастамаңыз арқылы басқаларға қызмет ету. Егер бізді мәжбүрлесе, онда барлығымыз  басқаларға қызмет етеміз. Кейбірі күйзеліс жағдайында қызмет етеді. Ал өз еркімен, жүрегінің қалауымен көмек беруге дайын тұратын адам, нағыз жаны таза адам. Көшбасшылар осындай болу керек. Басқаларға қызмет ету деген кезде, жүрегіңіз қалай соғады? Сіз қандай болмасын жеңілдіктер мен пайда үшін, көшбасшы болуға ұмтыласыз ба? Әлде басқаларға көмектесу деген ынтаңыз басым ба? Егер артыңыздан көптеген адамдар ілесетін тиімді көшбасшы болғыңыз келсе, онда өзгеге қызмет көрсетуге дайын болуыңыз керек. Шын жүректен көмектесуге!!!

Сегізінші қасиет. Үйренуге қабілеттілік:Көшбасшы болып қалу үшін, оқушы болып қала беру керек. «Білгеннен кейін нені үйренетініңіз, шынымен маңызды.»Джон Вуден, баскетбол бапкері

Әрқашан көшбасшылар алдында жеткен мәртебесіне қанағаттанушылық қаупі бар. Егер көшбасшының беделі мен қызметі жоғары болса, оған өзіндік өсумен жұмыс істеудің қаншалықты қажеті бар? Жауап қарапайым:      Сіздің өзіндік өсуіңіздің дәрежесі, сіздің кім екеніңізді анықтайды.       Сіздің кім екеніңізді анықтау, сіз өзіңізге кімді тартатыныңызды анықтайды       Сіздің кімді тартатыныңызды анықтау, сіздің ұйымыңыздың жетістігін анықтайды.·      Егер сіздің ұйымыңыз өссін десеңіз, онда сіз оқуға деген қабілеттілігіңізді сақтау керексіз.

Ол үшін мына бес ұстаным қажет:

Масаттанушылық деген ойдан арылу керек. Бір қызығы оқуға құлшыныстың болмауының тамыры, масаттанушылық екен. Кейбіреулері нақты және оңай емес нәтижеге қол жеткізгеннен соң өсудің қажеті жоқ деп есептейді. Бірақ тиімді көшбасшы бұған жол бермейді. Өсуін тоқтатқан күні, олар – өзінің және ұйымның әлеуетін жерге көмеді. Рей Кроктың сөздерін ұмытпаңыздар: «Сіздер пісіп-жетілген уақытқа дейін шикі боласыздар, ал пісіп-жетілген соң, шіри бастайсыздар».

Жетістігіңізді жеңе біліңіз. Оқуға кедергі болатын нәрсе, сіздің жетістігіңіз болуы мүмкін. Ұмытпаңыздар: егер сіздің кешегі істегеніңіз сіз үшін, әлі де керемет көрінсе, онда бүгін оған тұрарлық нәрсе істей алмайсыз.

Түзу жүрмеуге және бұрыштарды кеспеуге уәде беріңіз. Нэнси Дорнан атпақшы: «Екі нүкте арасындағы ең ұзақ жол – түзу жүру». Бұл шынымен солай.

 Өз абыройыңызбен түсіңіз. Жазушы және озат қолөнерші Элмерт Хаббард айтады: «Өмірдегі істеуге болатын ең үлкен қателік, оны жасауға деген қорқыныш болып табылады». Егер өсуді көздесеңіз, тәкаппарлықтан арылыңыз.

Бірдей  қателікті  екі рет қайталамаңыз. Теодор Рузвельт айтқан: «Қателік жасамайтын адам, алға жылжымайды». Дұрыс, бірақ ылғи да бір қатені он қайталайтын көшбасшы, ешқашан алдыға ұмтыла алмайды. Жіберген қатеден сабақ алмасаңыз, бір қатені мың рет қайталайсыз.

Тоғызыншы қасиет. Болашақты көре білу:нені көре алсаңыз, соған ғана жетесіз. «Өзінің көре білгенін өмірде жүзеге асыруға көмектесетін көшбасшыға тән ерлік қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады» Джон Максвелл

Болашақты көре білу – көшбасшы үшін барлығы болып табылады. Ол міндетті түрде болу керек қасиет. Неге? Өйткені бұл көшбасшыны артынан ілестіреді, оның мақсатына жарқын түс береді. Көшбасшының ішінде алаулап жанған отқа май құяды. Артынан ергендерге шамшырак іспеттес болады. Болашақты жақсы тұрғыда көре білу үшін мыналарды түсіну керек:

Болашақты көре білу іште қалыптасады.Болашақты көре алмасаңыз, ішіңізге үңіліңіз. Одан нағыз дарыныңызды және ынтаңызды шығарып алыңыз. Осыдан кейін қабылетіңізге сүйеніңіз. Тіпті болмаса, жағдайларыңыз бірдей, бірақ болашақты көре білетін көшбасшыдан үйреніңіз.

Болашақты көре білу – сіздің өткеніңізден созылады. Болашақты көре білу – көшбасшының және қоршаған жақындарының өткен өмірінен алынады.

Болашақты көре білу – басқалардың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бұл қасиет шынымен бағалы болса, онда басқаларды тартып қана қоймай, олардың өміріне қосымша құндылықтар енгізе аласыздар. Ал бұл көмектеспесе, онда сіздің көре алу қабілетіңіз аз.

Болашақты көре білу – барлық қорларыңызды шоғырландыруға көмектеседі. Болашақты көре білу қасиеті магнит тәрізді адамдарды тартып біріктіреді. Сонымен қатар қаржыны және тағы басқаларын бір етіп біріктіреді. Болашақты көре білу – қаншалықты ынта туғызса, соншалықты адамдар оны іске асыруға тырысады.

Болашақты көре білу қайдан алынады?Табысты болашақты көре білу үшін – бұл тиімді көшбасшыға ең керек нәрсе,- сіз бірнеше дауыстарды ести білу керексіз:

Ішкі дауыс. Болашақты көре білу іште қалыптасады.

Наразы дауыс. Ұлы мақсаттарды орындауда шабытты қайдан аламыз?  

Табысты дауыс. Егер адамдарды ұлы жетістікке еріткіңіз келсе, міндетті түрде тәлімгеріңіз болу керек.

Жоғарғы дауыс. Біздің шынайы болашақты көре алуымыз Құдайдан бастау алады. Біздің нағыз қабілетіміз оған ғана аян.

Міне, жоғарыда Көшбасшының оншақты ғана қасиеттеріне тоқталып өттім. Ал менің өмірімде өзіме осы шынайы көшбасшы деп таныған, оның әрбір сөздерін, еңбектерін оқи отырып осы адамның бойындағы қасиеттерге басымды иіп тағзым ететін тұлғам, менің шынайы көшбасшым-Бауыржан Момышұлы.

Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы–таутұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Баукең – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде және шынайы көшбасшы ережесіне нақты жауап береалатын тұлға. Б.Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б.Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.

Бауыржан Момышұлы.... Сайын даланы ат тұяғымен дүбірлетіп, асау мінген ер қазақтың, еркін қазақтың бейнесі іспеттес, намысының шыңы болған Бауыржан батырдың рухы туған халқының келешек ұрпағын тәрбиелеуге, Отанын, елін, жерін, ана тілін қорғайтын «азамат» тәрбиелеуге көмекке келгелі тұр. Бауыржан өз халқын, өз қазағын ағынан жарыла қанындай жақсы көрді. оның өткенін, қазіргісін, болашағын ойлап, қайрат қылды, күресті. Бауыржан Момышұлы сонау сұрапыл соғыс жылдарының өзінде, майдан, даласында, снаряд пен бомбалардың аждаһадай ысқырығының астында, блиндажда отырып, Қазақстан басшыларына хат жазудан шаршамады.

Сонда не жазды? өз басын қамын ойлап, арызданған бір сөз жоқ. бәрі де халық қамы. Ұлттың мүддесі. Ұлт тарихының,ұлт рухының, ұлт санасының, ұлт сауытының, ұлт ар-намысының, ұлт әдебиеті мен мәдениетінің қамы. Белуардан қан кешіп жүріп, ол қол астындағы солдаттардың бірде-біреуіне шығын болмауын ойлады. Солдаттарды аямай, ажал аранына «атакалап» айдап алып, майдан аланын кітапханаға айналдырған командирлері аяусыз сынап, «ақымақ»деді. «Кез келген шығынның орнын толтыруы толғанымен, бірақ адам шығынның орны толмады»,- деді Бауыржан Момышұлы. Шынында да жұттан мал қырылса, орны толады. үй құласа, қала қираса, қайтадан соғылады. Ал, адам орны толмақ емес. Сол соғыстан тірі қалған әрбір қазақтың аман болуы Бауыржан үшін басты арман. Снарядтың ішінде, бомбалардың бетінде тұрып, Бауыржан Момышұлы Қазақстанның тұтқасын ұстаған басшыларға ұлтын аманат етіп тапсырды. «Ұлттың тілін, дінін, салт - санасын бұздырмандар, жас ұрпақты жасқаншақ етпендер, батырлыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу», - деп өтінеді.

«Жеңіске тек рухтың күштілігімен ғана жетуге болады»,- дейді Бауыржан Момышұлы. Ол халықтың ұрпақтың рухы сынбауын армандайды. «Кеңес кезінде Одақтық қызметте болған Анастас Микоян –Сіздің тегіңіз неге Момышов емес, Момышұлы?- деген сұрағына. Ол- Сіздің тегіңіз неге Микоев емес Микоян?! Деп қарсы сұрағымен жауап берген. Сол арқылы-ақ өзінің тәуелсіз сезінетін қазақ халқының қайсар мінезін танытқан Бауыржан Момышұлы қазақ халқының намыс жігері! Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген даналық сөз қазақтың жауынгерлік болмысы туралы биік философиясы. Оны басқалардан кездестіре бермейсін», - дейді Бауыржан Момышұлы. Шыңдық – Бауыржанның болмысы. Шыңдық болғанда өз кезеңнің, сәттің шындығын місе тұтпайды, оның өзінен де, өзгеден де талап ететіні абсолютті шындық! Қазақтар айтқандай « Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле»- дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесінен өзге Бауыржаннан үлгі алып, өнегелерін оқып білген ұрпақ өзгеден ерекшеленіп тұратындығын жоққа шығармаймыз.Бауыржан қазақ халқының намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы, наркескен рухани қаруы.

Бауыржан – ұлы рух. Рух – от, рух – жан. Ол адам жанының ең келтарыс түпкіріне сәуле түсіретін нұрлы шапақ, адам жанының ең бір нәзік қыл ішектерін қозғалысқа келтіретін ұлы ырғақ.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
03.05.2019
18589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі