400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сындарлы оқыту- білім беруді дамытудағы ең маңызды оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Сындарлы оқытудың маңызы туралы әріптестерге әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сындарлы оқыту- білім беруді дамытудағы ең маңызды оқыту


Сындарлы оқыту- білім беруді дамытудағы ең маңызды оқыту болып табылады. Неге? Өйткені «Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету» (МАН, 8-бет) Ал, мұндай өзіндік білім алу дағдылары қалыптасқан, сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастыратын кімдер? -Мұғалімдер. Сондықтан әр мұғалім оқушының түсінігін жетілдіру мен танымдық үрдістерін дамыту мақсатында бұрынғы «дәстүрлі» стильмен оқытатын ұстанымын өзгертуі тиіс. Дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім білім беруші рөлінде ғана болса, сындарлы оқытуда оқу үрдісі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы, бала бойына метасананы қалыптастырушы бейнесімен танылады. «Метасана» деген термин «тұлғаның өзін-өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыру» дегенді білдіреді «Метасана жай ойлап қана қоймай, адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып өзіндік рефлекция жасау мүмкіндіктерін зерделеу қабілетіне жатады» (МАН, 48-бет) яғни, сындарлы оқыту үрдісі білім алушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқыту оқу үрдісін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім берудің 6 саласы бойынша айқындалып, күтілетін нәтижелерге негізделеді және білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды», яғни іс-әрекеттік аспектілер жүзеге асады.Сондай- ақ сабақ барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік (диалог арқылы, бірлескен оқу) қарым қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашуда ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытуда маңызы зор. Сондықтан мұғалімнің әр сабағында қолданған әдіс- тәсілдері оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен өзін өзі реттеу дағдыларын дамытатындай оқыту ортасын құру керек. Әр сабақта мұғалім оқушының өзін өзі реттеуін дамыту үшін оқушыларға өз мақсаттарын қоюды үйрету, бастапқы білімдерін дамыту, болжам жасату, өз ойларын қорғауын, өз өздерін бағалайтындай ұйымдастыру керек.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу - маңызды модульдардың бірі. Бар баланың оқу проблемаларды шешу қабілеттері, зейіні, сөз сөйлеу, ойлау қабілеттері бірдей емес. Сондықтан бұл модульді жүзеге асыру үшін бірінші оқу мен оқытуға әсер ететін, дамытатын факторларды нақты білуіміз керек. Мәселен, бихевиористикалық тәсілде біз өзіміз «түрткі» болып, мінез құлықтарына лайықты ынталандыру, көтермелеу, қажетсіз кезде елемеу сияқты, дер кезінде мұғалім тарапынан көпіршелер орнату, оқушының жеке мүмкіндіктеріне сүйену тәсілдерді қолдану керектігін білдім. Сондай ақ заманауи ойлау бойынша барлық жастағы оқушыларды зертеушілікке негізделген әлеуметтік ортамен, оқушылардың мұғалімдермен, өз-өздерімен бірлескен оқу іс әрекеті жиі болатын ортамен қамтамасыз етуіміз қажет. Келешекте өз сабақтарымызда топтық жұмыс негізінде зерттеушілік әңгімеге құрылған оқыту стратегияларын көптеп енгізу керек. Өйткені зерттеушілік әңгіме жүргізілгенде оқушылардың ойы , пайымдары айқындала түседі. Сонымен қатар сабақты оқушылардың метасанасын дамытуға бағыттап, саралап оқытуға негізделген тәсілдерді қолдану сабақтың тиімділігін арттырады

«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын игеру барысы ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген ұстанымымды түбегейлі өзгертті. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі. Жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім берудегі мақсатымызға жету өз іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлап үйлестіруден басталады. «Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды»(МАН, 85 бет) Яғни, оқу бағдарламасы мен пән мазмұнын құрайтын жоспар «Ұзақ мерзімді жоспар» деп аталады. Ал, «Орта мерзімді жоспар» дегеніміз ортақ мақсатқа негізделген тізбектелген сабақтар топтамасы. Бағдарлама бойынша оқыту мен оқу тәжірбиемізге, ортақ мақсаттағы тізбектелген сабақтар топтамасына сындарлы оқыту теориясына негізделген әдіс тәсілдерді енгізіп, қуатты педагогикалық құралдарды яғни 7 модульді ықпалдастырып жоспарлауды жүзеге асырамыз. Ол үшін мұғалім сабақ жоспарын тиімді құруы тиіс, оқу мақсаттары айқын, оқу мен оқыту міндеттері оқудың нәтижелі болуын қамтамасыз ететіндей оқыту стратегияларын қалай қай жағдайда қолдану керектігін, әр әдіс тәсілде кері байланысты жүзеге асыруы, өз жұмыстарына рефлекция жасай білуі тиіс. Оқу нәтижесіне қарап мақсатымызға жеткенімізді біле аламыз. 6- сынып, Биология пәнінен « Гүл, жеміс» тарауы бойынша ортақ мақсатқа негізделген 4 сабақтан тұратын тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Менім сыныбымда өз ойын тез жүйелі түрде жеткізе білетін, білгенін көрсете алмайтын оқушылар да, енжар және өз мүмкіндіктерін іске асыра алмайтын оқушылар да бар. Сондықтан осы курс менің іс-тәжірибеме өзгерістер енгізуге ой тастап, бағыт-бағдар берді. Курс барысында оқушыны қалай оқыту керек екендігі жайлы алған білімім мен жинақтаған іс-тәжірибемді практика кезінде өткізілген жұмыстарыма, яғни тізбектелген сабақтарда да қолданамын. Жеті модульді мүмкіндігінше сабақ құрылымына қатыстыра отырып, өзімнің сабақ өткізу тәсілімді өзгертемін және оқушылардың сабақ өткізу кезінде топтаса жұмыс жасап ынтымақтаса білім алуын жүзеге асырамын.

Блум таксономиясы бойынша сұрақ қою арқылы бақылау мен бағалауды, серіктестермен әңгімелесе отырып,бір-бірін құрметтеуді, жағымды кеңес алуды,талантты жәнедарынды оқушыларды аша білуді үйрендім. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтарды Блум таксономиясы бойынша жіктеп,оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, ОҮБ, Сын тұрғысынан ойлау, Жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу, АКТ-ны пайдалану, Дарынды және талантты балаларды оқыту модулдерін кіріктіруге тырыстым.Оқушылардың өз ойын жүйелі жеткізе білу үшін қандай дәрежедегі сұрақтар пайдалансам болады, олар жауаптарын нақты жеткізе алады ма? деген сияқты сауалдарды өзіме қоя отырып, сабақ құрылымын жасауда мән бердім. Күнделікті өмірде балаға қалай білім алуды үйретуім керек екенін білдім, практика кезінде сыныбыма топтық және жұптық тапсырмалар беру арқылы және осы топтарға диалогтік оқыту тәсілінен сұрақтар түрін пайдалану арқылы оқушылардың өздігінен реттелу арқылы білім алуына мүмкіндік ашамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
549
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі