15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сындарлы оқыту теориясының тиімділігі
Сындарлы
оқыту теориясының тиімділігі
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,
ол
жаңадан жаңаны табатын өнер »
Ж.
Аймауытов
Қазақ елі егемендік алғалы бері әлем таныған дамушы елдердің қатарында. Орта Азия барысына айналған Қазақстан қарқынды дамып келеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» ситратегиялық іс жоспарында қазақ педагогтарының біліктілігіне баса назар аударады. Қазақстанның жарқын болашағы ұстаздардың қолында екеніне күмән жоқ. Дамыған өркениетті елдердің барлығында бірінші кешекте- мұғалімдер мен дәрігерлер қауымына көп көңіл бөледі.Мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық жағдайы жолға қойылғаннан кейін, халықтың мәдениет өнер білім саласында да өзгерістер жасайтын кез- келген сияқты Қазақстанның педагогтарының білімін жетілдіру мақсатымен Кембридж бағдарламасын қолға алды. Бұл бағдарлама жайдан- жай алына салған жоба емес, бірнеше өркениетті елдердің экспериментінен өтіп, әбден сұрыпталып, тексерілген, өз нәтижесін көрсеткен педагогикалық әдіс- тәсіл.
Оқу үрдісінде ұйымдастыруды өзгертпей, қазіргі таңда білімнің болуы мүмкін емес. Бұл бағытқа Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстары көмек етуде.
Кембридж бағдарламасының басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдері мен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Сындарлы
теорияның тиімділігін жақтаушылардың
басым бөлігі оны дайын білімді беруге
негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра
қарап, дайын білімді беруге негізделген
оқыту тәсілдерінің білімді меңгеруі
былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік
қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа
біліммен өзара байланыстыруға да
мүмкіндік тудыра бермейтінің тілге
тиек етеді.Сындарлы оқытудың
мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну
қаблетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз
ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік
оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан
мұғалімнің өз сабақтарын оқушының
идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға
ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын
талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың
оқыған тақырып бойынша білімдерін өз
деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар
бойынша күмәнді ойларын білдіре
алатындай, пікір көзғарастарын нақтылап,
жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге
орайластырылып құрылады. Мұғалім
қызметіндегі маңызды оқушылардың
тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін,
оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе
жақсарту мақсатында олармен жұмыс
жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ
кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне
оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін
жете түсінуі.
Кембридж бағдарламасы
құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан
дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде
нақты міндеттеме қойып отыр.Құзырлы
оқытудың маңызды факторы оқушының
тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.
Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының
өзініңде қатысуын талап етеді. Оқушы
мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ
беру барысында мұғалім қалыптастыратын
ортада сезініп, қабылдайды. Сапалы оқыту
білім алуға мүмкіндік беретін нақты
жағдайларды жасаумен қатар, сол
жағдайлардың өзімен тығыз байланыста
болады.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Кез
келген оқушының логикалық іскерлігін
ашатын жоғары деңгейлі сұрақтар екеніне
көзім жетіп отыр.Тікелей ашық диалогта
оқушылардың өзіндік ой-пікірлері
қалыптаса бастайды. Соның нәтижесінде,
не өзгереді?:
- жалпы топтағы
қарым-қатынас жақсарады
-
бағалау кезеңінде ашық ой пайда болады
-
тапсырма орындауда ұйымшылдық қалыптасады.
Сондықтан да барлық жаңашыл әдіс-амалдарды тиімді пайдалана білу біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген