Материалдар / «Сындарлы оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Сындарлы оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлі оқыту бағдарламасының сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін табысты қолданудың әдістемелік бағытын жетілдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2020
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы білім басқармасының

«М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»



«Бекітемін»

Колледж директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары:

--------------------- Ж.Қ.Тоғанова







«Сындарлы оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі»

(деңгейлік бағдарлама ықпалдастырылған тренинг)








Ұйымдастырушы: А.Кенжегараева


Оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі: Д.Ділдәбекқызы











Қызылорда.



М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

«Өнер» бөлімі, «Музыкалық аспаптар және актер өнері» ПЦК-сы

«Сындарлы оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі» (деңгейлік бағдарлама ықпалдастырылған тренинг)


Ұйымдастырушы:А.Кенжегараева

Формасы: Тренинг

Күні: 16.02.2018 жыл

Тренинг мақсаты: Оқытушыларға қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға көмектесу,әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсту мақсатында деңгейлі оқыту бағдарламасының сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін табысты қолданудың әдістемелік бағытын жетілдіру.

Тренинг міндеттері:

  • Білім беру мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы, жеке тұлғаның өздігінен ізденіп, ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызуға мүмкіндік жасау

  • Оқытушы үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдесу

  • Оқытушыларды кәсіби желілік қоғамдастығы аясында жұмыс істеуге дайындау.


Көрнекіліктер: «Сындарлы оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану. «Сындарлы оқытуға бағытталған жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі» презентация, интерактивті тақта. фото суреттер, плакаттар, маркерлер, видеороликтер, музыка.


І.КІРІСПЕ БӨЛІМ


І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

  • Амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту

  • Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.

  • Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.


Топта жұмыс істеу ережесі:


  • Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

  • Постер қорғайды.

  • Болып жатқанға белсенді қатысу.

  • Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

  • Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.




ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  • «САЯХАТ» ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ТОПҚА БӨЛУ (10мин)

Барысы:Саяхатқа бару үшін маған 3 адам керек. Кім барады?

(Ерікті 3 адам шығады. Олар саяхатқа бару үшін ең сенімді деген оқытушылардан өз командасын жинайды. Осылайша топ 3-ке бөлінеді.)


Мысалы:

  • Капитанның көмекшісі;

  • Боцман;

  • Екі теңізші;

  • Аспазшы.



«Рейтингин жаса» Сыни ойлауға үйретуәдісі (10 минут)

Барысы:Қатысушыларға белгілі бір тақырыпқа жататын бірнеше ұғымды беріп,олардың рейтингін жасауды тапсырылады.мысалы мамандықтарына байланысты трек сөздер беріледі,өздерің маңыздылықтарына байланысты орнықтыруы қажет.


«Фишбоун» әдісі (постерде)


Барысы:Әр топ берілген сұрақтарға өз ойларын,білетін мәліметтерін бір-бірімен бөлісіп орталай жауап беру үшін әр топқа 1 сұрақ қойылған Постер таратылады.Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасайды.Проблема бойынша өз қөзқарасына рефлексия жасап шығармашыл тұрғыдан ойланады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынаста шеберлігі артады. Оқылым, тындалым, жазылым дағдылары қалыптасады.

Тапсырмалар:

  • Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай?

  • Оқудағы кедергілерді жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау

  • Бағалау үдерісінің мақсаты,бағалаудың түрлері.


«Нұсқаулықтар» әдісі

Барысы:Қатысушылардан белгілі бір тақырыпқа күрделі нұсқаулық жазуларын сұраймыз. белгіленген тапсырма бойынша нұсқаулықты жазады,тапсырма қатысушылардың шығармашылық,кәсіби деңгейін жетілдіріп,ойлануға ынталандырады.

Тапсырмалар:

  • Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа оқу мен тәрбие үдерісіндегімүмкіндіктері.

  • 12 жылдық білім бағдарламасының басты мақсаттары мен ерекшеліктері.

  • 2018-2019 оқу жылына арналған М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Өнер» бөлімінің жұмыс жоспары.



«Кім жылдам» Сергіту сәті

Шарты: Ортада қатысушылар әркім өз орындықтарымен дөңгелене отырады.Әр қатысушы өздерінің қалаған жануарларының аттарын атайды. (Мысалы: Ит,қоян,бота,мысық,қасқыр т.б).Ойында бастаушы кез келген жануарының атын атап сол аталған жануар егесінің орындығына отырады (сол кезде ойынды бастаған қатысушының орындығы алынып тасталады) ал аты аталған жануар егесі орынын босатып ол да келесі орындықтағы жануардың атын атап орындығына отырпып үлгіруі керек. Жануардың атын атай алмай немесе орындыққа үлгіріп отыра алмаған қатысушы өз өнерін көрстуі керек немесе топтың қойған сұрақтарына жауап береді.





ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

«Аралдар» әдісі (5 минут)

Барысы:Үлкен қағаз парағына эмоциялық «аралдардың» бейнесі бар карта салынады: Қуаныш а., Мұң а., Түсінбестік а., Үрей а., Күту а., Сергектік а., Шабыттану а., Сүйсіну а., Ляззат а., Бермуд үшбұрышы және т.б. Бүгінгі тренинг бойынша өздерінің алған әсерлерін стикерлеріне қалаған аралдарын жазып іліп кетеді.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!