15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шындық шыңы-Ақиқат 6-сынып
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп :Жамбыл ЖОББМ-б Мерзiм:13.03.2017 Мұғалiм :Жаметов А.А
Сынып : 6 Оқушылар саны: 14 Тақырып :№26 Шындық шыңы-Ақиқат
Құндылық :АқиқатҚасиеттер: кішіпейілділік,ойдың, сөздің, іс – ірекеттің бір тұтастығы,жаман әрекеттен жақсы іс әрекетті ажырата білу
|
Сабақ мақсаты:Оқушыларға әділдік, шындық туралы айта отырып,ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -Оқушылардыойдың, сөздің, іс – ірекеттің бір тұтастығынкөруге үйрету Оқушыларды кішіпейілдікке тәрбиелеу. Жаман әрекеттен жақсы іс-әрекетті ажырата білуге дағдыларын дамыту. |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: 5Т ережесін қайталау.
«Нұрға бөлену»
№26 «Сөздің атасы мен анасы» Адамбаев. Б
|
|
Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді Ғ.Мұстафин -Шындық шырағы дегенді қалай түсінесіңдер? |
|
Адам ақиқатты қалай таниды? Ертеде шығыс елінде бір шаһарға піл әкелген екен. Естігені болмаса өмірлерінде көрмеген мақұлықты көруге ынтызар жұрт қаптап алаңға жиналады. Сөйтсе пілді көрем деушілерден ақы алмаққа оны иелері қараңғы қораға жасырып қойса керек. Бірен – саранында болмаса, көпшілігінде қаражат жоқ, олар тым болмаса қораға кіріп, пілді өз көзімен көріп шыққандардан сұрап білмекші болады. Ең алдымен кіріп шыққан адам жан-жағына қоқилана қарап Пілдің дәл қасына барып, қолыммен ұстап көрдім, құдды бөренеден аумайды дейді. Екінші шыққан адам оған сенбеңдер, қайдағы бөрене, тура жалпақ тақта дерсің дейді. Үшіншісі алғашқы екеудікі де жалған, аумаған құбыр сияқты екен дейді.Сөйтсе үшеуі де қараңғыда түртінектеп, қолдарымен бірі аяғын, бірі жотасын, ал үшіншісі тұмсығын сипалап көрген ғой. Егер де бір кішкене балауыз шамды жаққанда үшеуі де анық көре алар еді. Долбарларының дұрыс емес екендігіне көздері жетер еді. Иә, өтірікке сенейін деп сенбейді, қисынына сеніп қалады деп ескертпеп пе еді аталарымыз. Ақиқат жалғыз, бірнешеу болмайды, әрбір тұжырым не – ақиқат, не – жалған. Ақиқат бірнешеу болса жаңағы үшеудікі де дұрыс болар еді, екі жерде екіміз төрт, бес, тағы басқа кез келген сан болар еді, су нөл градуста да, жүз градуста да қайнайды десек ақиқат болар еді. Онда тіпті кез келген адамның өз ойына сүйеніп айтқан кез келген топшылауы, долбары дұрыс болар еді, әсіресе қоғамтанудың әр саласындағы «ғалымдардың», қаптаған «сәуегей сарапшылардың», сезімтал жазғыштардың, ойсоқты пәлсапашылардың. -Адамдар неліктен түрлі пікірде болды? -Пілдің иелері пілді не себепті қараңғы қораға қамап қойды? -Ойдың, сөздің, іс – ірекеттің бір тұтастығы қандай сәтте көрінеді? |
|
Жағдаятты оқып,ары қарай өрбіте отырып, сахналап көрсетіңіздер. 1-топ:Әнел әкесіне берген уәдесін ұмытып кетті.Жайлауға келген соң,ойынның қызығымен таңның қалай атып,кештің ұалай батқанын байқамады.Өзімен ала келген кітаптары жайымен қалды.Жазғы демалыста дайындалып,жас материктер мектебесіне түсем деген мақсатын да естен шығарды.Жаз да өте шықты.Қалаға келген соң Әнел уақыттың бос өткеніне қатты қынжылды.Әкесіне шынын қалай айтуды білмеді. 2-топ:Марғұлан кеше анасына өтірік айтып,тарих пәнінен алған әкілікті жасырып қалды.Ол тоқсанның аяғына дейін ата-ана жиналысы болмайтындығына сенімді еді.Бірақ сынып жетекшісі ертең ата-аналар жиналысы болатынын хабардлады және осы жолы барлық ата-аналардың қатысуы міндетті екендігін ескертті.Журналдағы екілікті анасының көретінін ойлап,Марғұланның басы қатты. 3-топ:Сыныпқа кірген Ернұр өзінің сыныптағы жақын досы Айдардың сынып үстеліне сия төгіп,үстелді бүлдіріп қойғанын көріп қалды.Бұл кезде сыныпта ешкім болмаған еді.Айдар Ернұрға бұл туралы ешкімге айтпауды өтінді.Егер айтатын болса онымен енді дос болмайтынын ескертті. Қоңырау соғылып оқушылар мен мұғалім сыныпқа кіргенде үстел үстіне төгілген сияны байқады.Мұғалім бұны кім жасағанын сұрады.Ернұр не шындықты айтарын білмей не досын қорғап бұл әрекетін жасырып қаларын білмей орнында үнсіз ойда отырды..... |
|
МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ,АҒАЙЫН Әні: Қ.Маханов Сөзі:С.Қалиев Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын! Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар. Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар! Болашаққақолұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық. Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық! Ел болғанмен емеспізғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршапек. Өзімізге қалай тұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де,болсадеп! |
|
№27 сабақ 98 бет «Ақиқат» мәтінін оқу |
|
Әрқайсымыз көзімізді жұмып,оң қолымызбен жүрегімізді ұстап ар-ұждан дауысын ести білейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады. Сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар!
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген