1-жүргізуші: Армысыңдар, құрметті ел
ағалары!
2-жүргізуші: Қайырлы күн ардақты
аналарым,
-
жүргізуші: Қош келіпсіз жиынға
салтанатты.
Екеуі: Мектеппен қош айтысар
балаларың!
2-жүргізуші: Ұшқалы тұр ұядан қанат
жайып,
Дүрсілдеген жүректері әр сәт
сайын.
8 түлек - арман қуған
балапаның,
Қабыл алғай ,өмір, бізді,
құшақ жайып.
1-жүргізуші: Мектеп, мектеп - шаттыққа
толы үйің
Ұша білсең болмас -ау қону қиын.
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін.
2-жүргізуші: Алтын ұя мектепті бітіріп,
қияға қанат қағатын біздер үшін ең қымбат, ең бір қимас, ең бір
ұмытылмас жүрек тебірентерлік осы бір сәтте алғашқы әнімізді аяулы
мектебімізге арнаймыз.
(«Қош бол ,енді, мектебім
менің» әні )
1-жүргізуші:.Алтын ұя мектебім
аялаған,
Жас жаным жапырағын
саялаған
Қарлығаш ұландарың қанат
қақты
Сыйлауын сені мәңгі қоя ма
адам?!
2-жүргізуші: Білімді шәкірттерін
аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
1-жүргізуші: Құрметті де қадірлі біздің
ұстаздарымыз! Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған
албырт жүректер бүкіл кеудені жарып шығардай лүп- лүп соғып, соңғы
рет қол ұстасып, алдарыңызда сап түзеп тұр.
Біздерге берген білімдеріңіз,
мейірімдеріңіз, қамқор пейілдеріңіз үшін
сіздерге алғысымыз
шексіз.
2-жүргізуші: 11жыл білім нәрімен
сусындатқан, тәрбие берген ұстаздарға ыстық лебіздермен бірге гүл
шоқтарын табыстауға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші: Сенеміз, парасат бар
бойыңызда
Ұлылық ұя салған
ойыңызға
Алтын ұя мектебіме басшы
болған
Қайрат ағай, келейік
тойыңызға!
2-жүргізуші: Мектептің абыройын биік
ұстап
Ұжымын жақсы іске
жетелеген
Әлия апайға түлектер
ризалықпен
Мың алғыс айтпақшы
еселеген
1-жүргізуші: Алдымызда қол бұлғап асқақ
арман
Үлкен өмір – ендігі басталар
ән
Нағмет ағай біз үшін ерекше
жан
Жанымызға жақындау
басқалардан
2-жүргізуші: Қашанда шәкірт жанын ұға
алатын
Бар ғұмыры өнерден
құралатын
Дина апайға шексіз алғыс
айтамыз
Көңілден әруақытта шыға
алатын
1-жүргізуші:Жетекші боп жүрдіңіз
түлегіңе
Біздерді ойлап, көңілің жүдеді
де
Жадымызда жүреді әрбір
сөзің
Гүлнар апай қалар шәкірт
жүрегінде
2-жүргізуші: Білімнің байыбына барып
терең
Гүлзира апай бастап еді
әліппеден
Алғашқы ұстазға да мың бір
алғыс
Бастаған тәрбиесін алып
келем.
1-Жүргізуші: Ақыл- кеңес көп қой онда
ұққанға
Ардың туын асқақ ұстап шықты
алға
Химияның есептерін
үйреткен
Рахмет Айнұр ,Жанат
апайларға.
2-Жүргізуші: Өзге тілді сіңірген
бойымызға
Орыс тіл мен ағылшын
ойымызда
Алмагүл апай менен Шырын
апай
Келейікші тек қана
тойыңызға!
1-жүргізуші: Алабөтен айрықша еді
талғамың
Алғыс пенен абырой боп
алғаның
Ана тілдің аралатқан
орманын
Орны бөлек Батыл апай, Шамсия
апайдың.
2-жүргізуші: Нұрболат, Досымжан
ағайлар
Нұрлы шам сәулесіндей
мейірімің
Дарыттың шеберлікті
шәкіртіңе
Дамытып дарын отын
бейімдінің
1-жүргізуші: Білім , өнер бәріне бар
талабы
Дастан ағайдың ашық жарқын
қабағы
Венера апайдың биология
сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде
қалады.
2-жүргізуші: Бұл далаға хан орда орнаған
ба?
Батырлары даласын қорғаған
ма?
Таң қаласың Мирбек ағай,
Ақтеңге апай
Тереңінен тарихтың
толғағанда
1-Жүргізуші: Таңшолпан апай көңілді неше
көрсек
Нағыз маман өз ісін кеседі
өлшеп
Өмірдің де шытырман
есептерін
Есептей ғып сіз берген шеше
білсек.
2-жүргізуші: Сусындатқан біліммен
бастауышта
Нұргүл апай , Гүлмира апай ,
Айымгүл апай, Гүлбақыт апай
Теңейміз біз сіздерді
жұлдыздарға
Көңілдерің болсын әркез аппақ
қардай.
1-жүргізуші: Қашанда шәкірт жанын ұға
алады.
Спорттан биіктерге шыға
алады.
Әлімжан ағай, Ақберен ағай,
Фархад ағайға
Сәлеміміз тек алғыстан
құралады.
2-Жүргізуші: Жаны жайсаң, жайдары
жандар
Жамандық атаулыға қарсы
жандар
Шынаргүл апай мен Әйгерім
апай
1-жүргізуші: Ауырып қалсаң жүгіріп бара
қояр
Дәрі беріп, уколын сала
қояр
Рахмет медбике Клара
апайға
2-жүргізуші: Тамағын берген әркез дәмді
етіп
Тұрсынгүл апайға рахмет дейміз
әуелетіп
1-жүргізуші: Қадағалап мектептің
тазалығын
Қысы жазы ерінбестен тер
төккен
Қызметкер апайлар: Назипа апа,
Қанымгүл апа
2-Жүргізуші: Шарагүл апа, Құралай апа, Асыл
апа, Нұргүл апа,
1-жүргізуші: Алтын ұям мектебімді
күзеткен
Сәкен аға, Лауия апа мен
Зағипа апа
Вахтер болған Жанар
апа
2-жүргізуші: Мектеп үшін еңбегін аямаған
жұмысшы ағайлар
Мирамбай ағай, Рахымжан ағай,
Шынболат ағай , Мүсіркеген ағайлар
Екеуі: Барлық қызметкерлерге үлкен
рахмет айтамыз.
1-жүргізуші: Үйретуден біздерге
жалықпаған
Ұстаздардың еңбегі анық
маған
Ұстаз қауым, сіздерге
арналады
Ән- жырымыз аспанда
қалықтаған. (Ән -Айымжан, Ботагоз))
1-Жүргізуші: Біздер әлі өтелмеген
парызбыз
Сары далада сайрап жатқан сан
ізбіз.
2-Жүргізуші: Мектептегі әр сағат, әр күн
үшін
Алдарыңда мәңгілікке
қарызбыз
1-жүргізуші: Назарларыңызға мектеп
түлектерінің орындауындағы флешмоб биін
ұсынамыз.
2-
жүргізуші: Бірге жүріп,11 жыл бірге
ойнадық
Бірге оқып,11 жыл,бірге
ойладық
Келді бүгін қоштасатын
кезіміз
Ақтық рет мектеп тойын
тойладық.
1-
жүргізуші: Сөз таба алмай мұндайда
қысыламыз
Жырдан кептер биікке
ұшырамыз
Қош айтысып мектеппен ,
ұстаздармен
Мектеп вальсін сіздерге
ұсынамыз (Вальс)
-
Жүргізуші: Алдымыздан арман жолы
ашылады.
Біздер үшін бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен түлектер мектеп кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
1 жүргізуші:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып
ұядан!
Айтамын саған
аманат, Iзбасар 10 - сыныптар!
1 Мейірімінен
шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
2 Шығатын күміс
үнімен Әндерім саған аманат!
1Аулада тұрған
талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
2 Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған
аманат!
1 Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған
аманат!
2 Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім
саған аманат!
1 Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған
аманат!!
2 Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған
аманат!
1 Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған
аманат!
2 Үзілісте соғатын Қоңырау саған
аманат!
1 Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған
аманат!
2 Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы
аманат!
1 Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге
аманат!
Екеуі:
«Қош бол алтын ұям» - сіздерге- сау -
саламат!
(Бірден музыка қосылады. «Қош бол, мектеп!»
әні хормен айтылады)
Әннің ортасында көгершіндер ұшырылады, ал аяқ
жағында:
-
Жүргізуші: Бетке аламын енді өмір бұлты,
желін
Сыныбымды қия алмай
іркілемін
Қош , оқушы күндерім қош
мәңгіге
Менің қамсыз сәбилік
күлкілерім
-
Жүргізуші: Басталғалы тұр менде саналы
күн
Қош мектебім, сыныбым – ана
жырым
Қалып барад өзіңнің
құшағыңда
Екі көзі мөлдіреп
балалығым
-
Жүргізуші: Қош болыңдар, ұстаздарым,
мектебім
Қоштасамыз қоштасатын кез
келді
Қанат қағып қияға ұшып
барамыз
Ұмытпаймыз ешқашан да
сіздерді.