400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық мұғалімдерге керек сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

2018-2019 оқу жылы


«Сұлтан» биі

Жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін

Құтты болсын білім күні- мерекең!


Армысыздар, мектеп оқушылары құрметті ұстаздар қауымы!

Қайырлы күн, қымбатты ата-аналар мен мереке қонақтары!


Бүгін 1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн.

Елбасының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын­дағы басымдық берілген міндеттердің бірі осы адами капитал болып отыр. «Өзінің та­рихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін мең­герген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деп көрсетілген Жолдауда. Мемлекет болашағының кілті – қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, соны­мен бірге түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда. Сол адами капиталды дайын­дап, болашағына жол сілтейтін, келешегімізді кемел біліммен сусындата­тын – ұстаздар қауымы.
Ұстаздардан тәлім алып, білім бұлағынан сусындауға асығып келе жатқан жаңа буын шәкірттеріміз- 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз. \музыка\


Біреулер енші ап өмірден

Түлеп ұшты асып қыр.

Бүлдіршін балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр.

Сондықтан да назарды

Солар жаққа бұрайық

Балдырғанды кішкентай

Қарсы алып қол соғайық!

(Музыка ойнап тұрады, 1 сынып оқушылары кіреді.)

1 класс оқушыларының жетекшілеріне де қол соғайық. Биыл Қобда гимназиясына 36 оқушы 1-класқа қабылданды.


Жүргізуші:

Мектеп, түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. )


Жүргізуші: Бүгінгі «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының қадірлі қонақтары:

1.

2.

3.

Жүргізуші: «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының құттықтау сөзі Қобда гимназия директоры Атамуратова Жанслу Мұратқызына сөз беріледі.


Жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылықтан жаралған жүрегінің.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегінің.

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағына құттықтау сөз кезегі беріледі.


..................................................................................................................................


Жүргізуші: ,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,, мектеп табалддырығын алғаш аттаған әрбір 1 сынып оқушысына сыйлық ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным-Қазақстан» кітабын ұсыну үшін сізді ортаға шақырамыз. Бұл кітап Қазақстан халқының тұтастығын түсінуіне, азаматтық көзқарас қалыптасуына көмектеседі.


Жүргізуші: «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы аясында Қобда гимназиясы бойынша көмек қажет ететін оқушыларға жергілікті кәсіпкерлер Чанчарова Зоя, Мұханова Жанар, Роза апайлар ---- ---- теңге көлемінде 12 балаға демеушілік көрсетті. Демеушілік танытқан кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз.


Жүргізуші: Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,

Жаңа берсін бақ артып басыңыздан.

Құрметпен ұсындық сөзді сізге,

Тілегіңіз арналсын шәкірттерге.



Жүргізуші: 6-ға енді келсең де,

Санап, жаза аласың

Келдің, міне, мектепке,

Құтты болсын қадамың.

Шаттанасың, ойнайсың

Білімді де ойлайсың.

Тәуелсіз елдің мейрамын

Сен де бірге тойлайсың. 1 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.\өлеңдерін оқиды\

Жүргізуші: «Білімдіге нұр жауар,

Білімсіз адам қор болар»,

 Деген ата – бабамыз

 Ғаламның кілті білімде,

Тапсырам саған бүлдіршін,

Білімнің кілтін өзіне. Білім кілтін табыстайтын «Алтын белгіге» үміткер


Жүргізуші: «Бақытты бала- Мәңгілік ел кепілі» жобасы — облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен елімізде тұңғыш Ақтөбе өңірде қолға алынған бірегей жоба. Осы жоба аясында Қобда гимназияның оқушылары жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде шет елдерде демалып, тамаша әсермен оралды. \композиция\


Жүргізуші: Сен неткен Қазақстан ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным – қазақ елім.

Ән: Дастан, Әсел, Риза


Жүргізуші: Жиынымыздың ең бір ерекше сәтіне де келіп жеткендейміз. Ол- алғашқы қоңырау соғу салтанаты. Алғашқы қоңыраушы соғу ортаға тұңғыш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған 1 сынып оқушысы................................... ,,,, мен ................................................................................. .......................11 сынып оқушысы шақырылады.


Күмбірлеп кеудесінде асқақ әні,

Ұстазды қадірлейді жас та, кәрі.

Білімнің биігіне басқан қадам

Алғашқы қоңыраудан басталады.

Әрқашан ата берсін күліп таңдар

Ойларың болсын дәйім тұнық, заңғар.

Атамыз Ыбырайдан бастау алған,

Алғашқы қоңырауды ұмытпаңдар!


Жүргізуші:

Мектеп, түзел! Тік тұр! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын!


Жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер гимназия атын құрметтеп.

Білім көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп,- деп 1- сынып оқушыларын мектеп табалдырығын аттауға шақырамыз.

Шәкірттерімізді «Ұрпаққа берген тәрбие – мәңгілік елдің кепілі» атты алғашқы білім сабағына шақырамыз.

2а класс оқушылары, 2ә, 3а, 3ә, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 класс оқушылары

(Музыка ойнап тұрады)

Ыбырай атамыздың мына бір өлең жолдары өмірлеріңізге серік болсын.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар!

Сәт сапар!Ұстаздар мен шәкірттер!Сіздерге жаңа жетістіктер мен тың бастамаларға ұдайы шығармашылық ізденіс, мықты денсаулық, күш-жігер, сәттілік тілейміз.



















Жүргізуші: Қасиетті қазақ халқы «Бала-бауыр еті» деп баласын шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 жасқа толып, мектептің 1-ші сыныбына қабылданып «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысу сәті. Бұл той- бүлдіршіннің білім еліне аттаған алғашқы қадамы. Олай болса, толқу үстінде тұрған ата-аналарға сөз кезегін ұсынамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі